Дипломдық ЖҰмыс дарынды бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу Алматы 2010 мазмұНЫ



бет12/22
Дата17.04.2023
өлшемі200,08 Kb.
#174660
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
dip -daryndy-bastauysh-synyp-oqushylarynyn-daryndylygyn-zertteu (копия)

Сыналушы М.А. 1к. сынып.
Дамытушы экспериментке дейін 3 сөзді қайта жаңғыртып есте сақтаған, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталап жаттаған сөздерінің саны 5-ті құрайды яғни, есте сақтауы жоғарылаған. (Қосымша – Б2).
Сыналушы И.К. 2к. сынып.
Дамытатын экспериментке дейін қайта жаңғырған сөздердің саны 5-ке тең, ал дамытатын эксперименттен кейін қайталаған сөздерінің саны 7-ге тең, яғни есте сақтаудың жоғарылағандығын білдіреді. (Қосымша - Б3).
Интеллектіні зерттеуге қатысты тесттер.
Мейлидің аналитикалық интеллект тесті.
(Меіlі Analytischer Intelligence Test, AIТ)-интеллект тесті. Интеллектуалдық даму деңгейін өлшеуге арналған. Бүл тесті 1928 жылы Р.Мейли жариялады.
Бүл тестті 11 жастан үлкендерге жүргізуге болады. Мейли интеллектік аналитикалық тесті өзінің зерттеу әдісіне алты топ субтест тапсырмаларын кіргізеді және әрқайсысында жеткілікті деңгейде танымал эксперименттік психологиялық әдістер базасы болып табылады.
1 субтест-жағдайлардың бірінен соң бірі сурет арқылы қойылуы. Зерттелінушілерге түсіндіреді, көрсетіліп түрған суреттерде қандайда бір жағдай берілгендігін. Тек қана бірінші сурет ғана өз орнына сәйкес. Нөмірлер арқылы суреттерді реттеу тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл, орындау уақыты 5 минут.
2 субтест- үстанылған заңдылық бойынша нөмерлердің жалғасуы. Орындау уақыты 5 минут, әр қатардағы дұрыс жауапқа 1 балл. Кейде дұрыс жауабын біліп тұрып, қате жіберсе онда дұрыс, бірақ, зейіннің активті еместігімен 1\2 балл беріледі.
3 субтест-берілген үш сөзден сөйлем құру. Әрбір сөзге 2 минут беріледі. Зерттелуші мүмкіндігінше көбірек сөйлем құру тиіс. Сөйлемнің мазмүнына мэн берілу тиіс. Осыған сәйкес бағалаудың үш түрі бар: сөйлемнің дұрыс құрылмағандығы және мазмұны жоқ-1 балл, қарапайым сөйлем-2 балл, ерекше сөйлем-3 балл.
4 субтест-суреттерді толықтыру. Берілген бейнелердің эрқайсысың бөлімінде фрагменттер жоқ. Зерттелушінің міндеті әрбір бейнеде не жоқ саны көрсету. Орындалу уақыты-5 минут, әрбір дұрыс жауапқа-1 балл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет