Векслердің интеллекті өлшеуіш тесті-көпшілікке әйгілі және көпшілікке қолданылатын интеллектуалдық тест. Бүл тест интеллекттің дамуын өлшеуге арналған. Мұны Векслер өңдеген, оны алғаш рет 1939 жылы ұсынды. Векслер-Белльвью шкаласы. Бүл шкала 7-ден 69 жастағыларға арналған. 1955 жылы «Векслердің жоғары интеллектің шкаласы» деп, оны соңғы редакция \УАІ8 зерттеуі 16-дан 64 жастағыларға арналған. Мұнда, вербалды және вербалды емес 11 субтестен қүралған:
Вербалды шкала.
1-субтест, жалпы субтесттің қарастырылуы.Жай дәлелдер мен білімдерге қатысты қорды зертейді. Мұнда 29 сұрақ ұсынылады, әр дұрыс жауапқа 1 балл. Мәселен,
- ризинаны неден жасайды?
- неліктен күннің астында қара киім ашық түсті киімнен ыстық болады?
- гнесеология дегеніміз не?
2-субтест, жалпы субтесттің түсінілуі.Ойдың мәнерлі толық жеткізілуін бағалау. Зерттеушінің өзі берілген жағдайға алдымен өзі жауап беру керек. 14 сұрақ беріледі, онда нақты жауаптары үшін 0,1,2 деген балдармен бағалаймыз. Мәселен,
- егер сіз жолда келе жатып адресі және маркасы өшпеген хат тауып алдыныз, не істейсіз?
- күй темір әлі ыстық деген нені білдіреді?
- Құлағы естімейтін бала не үшін сөйлей алмайды?
3-субтеста, арифметикалық субтест.Зейінімізді шоғырлатып бағаласаң, жеңіл сандық материал жасаймыз. Зерттеуші арифметикалық тапсырмаларды тез шеше білу керек. Тек тура жауапты ғана емес кеткен уақытты да бағалаймыз. Мәселен,
- консервыленген 2 банка алма 31 копек, ал 12 банка қанша тұрады.
- 8 адам жұмысын 6 күнде бітіре алады. Ал жүмысты жарты күнде бітіру үшін неше адам керек.
4-субтест, ұқсастығын орнату.Түсіну, классификация, қолдану, абстракциялау, салыстыру қабілетін бағалау. Зерттелуші айтылған мінездеменің, түсініктің арасын байланыстыру керек, бағалау 0-ден 2 балға дейін, олар нақты, функцияға және концепцияға тәуелді. Мәселен, құрылған түсінікке «көйлек-пальто» нақты жауабы болуы мүмкін.
- бір ғана материалдан
- олар жылы, оны бэрі киеді
- жоғарғы киім
Субтесте 13 жүп түсінік ұсынады.