Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет18/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
diplom1

3.1.2 Тәрбиедегі қоғамдық ортаның орны

Саяси экономикапық тәуелсіздіктің дами түсуі, соған сәйкес ғаламдану процесіне ену білім және тәрбие бағытын айқындауды күшейтеді. А.И.Ракитов "ғаламдану" ұғымына белгілі бір этностар негізінде аймақтық шекара шеңберінде қалыптасқан әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара әрекеттесуі мен араласуы деген анықтама береді. Философтың түжырымы қандай да ұлттың, тіпті әрбір адамның дүниетанымы озып тұрған елді үлгіге алуда емес, езіндік ерекшелігін дамытып өрлеуімен құнды да артық, екендігін дәлелдей түседі. Терең тамырлы ұлттық тәрбие білім беру кеңістігінің жай, қосымша толықтырушы бөлігі емес, ол білімді түгел қамтитын, оны кеңейтетін, рухтандыратын мазмүн. Ұлттық төлтума тәрбиені қорғау және дамыту кез-келген қазақстандықтың жауапты міндеті болмақ.


Жеке адамды қалыптастыру, әлеуметтендіру факторларын сараптай келе пе-дагог А.В.Мудриктің оны үш топқа бөлетіндігін көреміз: макрофактор, мезафакторлар, микрофакторлар. Микрофакторларға адамға тікелей әсер ететін отбасы, құрбы-құрдас, оқу орны, жұмыс орны т.б. жатқызады. Осылардың үшіншісі баса назар аударарлық болып отыр. Қоғамдағы экономикалық өзгерістерге бейімделу жағдайында бала тәрбиесі ата-анадан гөрі педагогтарға салмақ түсіруде. Бүрын ең кем дегенде үш ұрпақ өкілінен (ата-әже, әке-шеше, аға-апа, бала, т.б.) құралатын отбасы бүгінде азайып, бала тәрбиесі жалғызбастылыққа айналған. Осының салдарынан педагогтар оқушы үшін шежіреден сыр шертетін ата-әже, баланың басқан әрбір қадамын сезіп ақыл айтатын ана, сырттан көз салып, барлайтын көрші-көлем, жанашыр қызметін атқаруға тура келеді. Әрине, отбасының рөлін ешқандай жоғары дәрежелі тәрбиеші маман да атқара алмайтындығы баршаға анық. Өйткені, отбасы ең алғашқы адамды тәрбиелеу ортасы және бала тәрбиесі оның мемлекет алдындағы міндеті.
Ал үлан байтақ қазақ даласында емір сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болған. Балаларды жастайынан кішіпейілділікке, қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұстамдылыққа, жауапкершілікке үйреткен. Сондықтан жас ұрпақ үшін кеңес, өсиет және басқа да инабатты үғымдар отбасында мінез-қүлықтың нормасына айналған. Мұндай өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде шаңырак, мүшөлерінің бірлігі, сыйластығы, түсінушілігі мен дүниеге кезқа-растары нығаяды, ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас бірқалыпқа түседі, отбасылық белгілі ереже қалыптасады, ал олар барлық отбасы мүшелері үшін жазылмаған заң болып қолданылады. Ғасырлар сынынан өткен болса да қазіргі ғылым мен мәдениет, осыған сәйкес тұрмыс өзгерген сәтте осындай мүралардың бүгінгі күнгі өзектілігін жұртшылыққа ғылыми дәлелдеп, түсіндіру қажет.
дар жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бұл бағытта заман ағымымен бірлесе, этнопедагогика проблемаларын жүйелі зерттеп, ғылыми мектеп қурып жүрген Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, С.Ғаббасов сынды белгілі ғалымдарымыз да бар.Ғылыми дәлелденген, о баста ғасырлар сынынан өткен мұраны білім беру жүйесінің мамандары саралап ата-аналармен жүмыс барысында қызығушылықпен пайдаланып келеді.
Баланың мінезін, жалпы деңгейін, ынтасын жақсы білу үшін, оның дамуына, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына не нәрсе қажет екенін әрбір әке, әрбір ана білуге міндетті. "Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық - аздырар адам баласын", дейді халық даналығы. Сонда ата-ана баласының тамағының тоқ болуымен қанағаттанбай, ең бастысы оның іс-әрекетін ұйымдастыра білуде екендігін түсінулері керек. Мәселен, баланың іс-әрекетін ұйымдастыруда ұтымды күн ырғағын қүра білу - алғашқы шарт. Уақыты мақсатты іспен шектелген оқушы жинақылыққа, дәлдікке,мұқияттылыққа бейімделеді. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты шарының қабында шартты рефлекстер жүйесі пайда болады. Сол себепті баланың сабаққа кешігуі мен сабаққа себепсіз бармауының қаншалықты зиян-дылығын ата-ана сезінгені абзал. "Сіздің балаңыз қалай өмір сүреді, неге қызығады, нені сүйеді, нені қажет етпейді, ең алдымен Сіз осыны білуіңіз керек. Ол кіммен достасады, кіммен ойнайды, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайты-нын білуіңіз керек. Осының бәрін Сіз әрқашан өз балаңыздың жастайынан білуіңіз керек", деген А.С.Макаренко. Қазіргі таңда тәрбие ісінде өзекті болып отырған ^ынадай мәселелер аса назар аударарлық: баланы теледидар хабарларын көру-іде шектеу салу, бос уақытын пайдалы іспен толықтыру, еңбекке араластыру. " Халық тәрбиенің кез келген бағытының еңбектен бастау алатындығын қашаннан да ескерткен.
Баланың жас ерекшелігі, әр жасқа тән болатын дағдарыстардың себептері туралы түсіндіріп, олардан баланы қиындықсыз алып шығуға көмек көрсетуде ата-анаға көмекке келетін - мұғалім. Өйткені мектеп жасындағы баланың көбіне көп негізгі әрекеті - оқу. Оқу барысында ол білімге, қарым-қатынасқа, имандылық-адамгершілікке үйренеді. Сонда мүғалімнің жеке бас үлгісі, сезі мен ісінің сәйкестілігі, талапшылдығы отбасы тәрбиесінде баға жетпес тәрбие құралына айналады.
Қорыта айтқанда, бала тәрбиесі - болашақ кепілі, отбасы мен мүғалімдер қауымының абыройлы ісі. Тәрбиенің нәтижелілігі терең тамырлы тәрбиені бойына дарытқан ортада болмақ. Ол ата-аналар өз міндетін жете түсінгенде, мұғалімдермен ынтымақтастықта болған жағдайда алға басады

3.2 Тәрбие негізі-өнеге


Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-қүлқын қалыптастыру.


Ұрпақ тәрбиесінің тілден басталатындығы, ұлттық сана-сезім мен дүние танымдық көзқарасты қамтамасыз ететін тіл екеңдігі халық тәжірибесінде, ғылымда дәлелденіп келеді.
Бүгінгі таңда қоғамның басты мақсаттарының бірі және бірегейі жас ұрпақты рухани мүгедек болып қалмауы үшін қазақ тілін біліп, олардың қажетгілігіне айналдыру, сөз қадірі мен киесін бойына дарытып, еркін қолдануына мүмкіндік туғызу. Мұндай қасиеттер өздігінен қалыптаспайтыны мәлім. Ол үшін жастарды тәрбиелеу керек, өнегелік шараларды үйымдастыру қажет.
Қазіргі кезде тәрбие жүмыстарының бағыттары толығымен өзгерді. Қазақтың халықтық педагогикасының ерекшеліктері, мүмкіндіктері жан-жақты зерттеліп, көптеген ғьлыми еңбектер, монографиялар, оқу-әдістемелік қүралдары жарық көріп, сандаған мақалалар жариялануда. Бүл тұрғыда заман ағымымен бірлесе этнопедагогика проблемаларьна ден қойған бір топ қазақстандық этнопедагог ғалымдардың еңбектерін жұртшылық қызығушылықпен пайдалануда. Атап айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылды, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, М.Сымайлова, Қ.Бөлеев және т.б. еңбектері. Осы сияқты халықтық педагогиканың қыр-сырын ұғындыратын еңбектер қазіргі үлкен бетбұрыстар кезеңінде ауадай қажет деп айтуға болады.
Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам психологиясынан елеулі орын алатын біркелкі түрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен ғүламалар ерекше атап керсеткен. Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайышауларьшан туывдайтьш мінез - құлқының мәнді жақтарынан мағлұмат беретін, сол арқылы тәрбиелейтін ілім-білімдер жүйесі. Халықтық психологияның, теориялық мәселелерін зерттеумен арнайы этнопсихология ғылымы шүғыдцанады. Ал этнопсихология — әрбір хаяықтың рухани әрекеті (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б.) жемісін, сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі.
Ұлтгық сана деген абстракт ұғым емес, ол — ұлт тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын білу дәрежесі, яғни халықтың өзін-өзі жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлтгық дүниетаным дұрыс таным, түсінік арқьлы өріс жайып, үлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады.
Оқыту мен тәрбие мазмұны терең ғылыми негізде бола отырып, көп қырлы дәстүрлер мен халықтың ұлттық психологиясын бейнелеуі қажет. Өйткені кез-келген халықтың мұрат тұтар түлғалары болады. Олардың бойында ұлтқа тән өзіндік санасы, кемеңгер ой-пікірі, елдің тарихи даму барысында қалыптасқан жақсылық пен жамандыққа қатысты көзқарасы, т.б. сомдалады. Бір ғажабы – мұндай мұралардың ғылыми оқьпу мен тәрбие теориялары белгілейтін қағидаларға, мазмұнға, әдіс-тәсілдерге дәл келуі. Сондай-ақ өр адамның жас шамасы мен даму дәрежесінен тетігін тауып қаланып түратындығында. Егемен ел болған кезевдегі мәдени мүраларды игеруді, біздің ойымызша екі бағытқа бөліп қарауға болады.
1. Жұмыстың басым көпшілігі ұлттық дәстүрді насихаттауға бағытталып, олардың терең дүниетанымдық, тәрбиелік маңызынан гөрі сыртқы көрінісіне көңіл бөледі. Ол түсінікті де Ұлттық мұрадан қол үзіп, алыстан кеткен
білім жүйесі төл байлықты игеруге дайын емес еді.
Халық қазынасының тағылымдық мазмұнын түсінуге бағыттау болмағандықтан, жас ұрпаққа салмақты ой салатын, әсер беретін дүниелер оқу-тәрбие үрдісінен тыс қалған тұстары болды. Жүйесіз, сабақтастыққа негізделмеген, бір жақты ойын-сауық деңгейдегі іс педагогикалық үдеріске кері ықпал етті.
2. Мәдени мұраларды игеруде оның мазмүнына көңіл бөлініп, тәрбиелік, дүниетанымдық маңызы басшылыққа алынуға бет бұрылды.
Педагогикалық мамандықтар бойынша оқылатын педагогика, психология ғылымдарының мазмүны мәдени мұралармен толықтыруды сүранып тұрады. Педагогика мен психологиядағы зертгеу әдістерін ғылыми негізде түсіндіре келіп, қазақ халқының рухани мұраларында кездесетін
батырлық, тәрбиелік, өнердегі шеберлік, мырзалық сияқты қасиеттерді тақырыпқа сай пайдалану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет