3 ЖАС ҰРПАҚТЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ
3.1 Музыка пәні мұғалімінің музыка сабағында оқушыларды ұлттық тағылым арқылы өнерге баулуындағы, кәсіптік шеберлігі
Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Музыка пәні мұғалімінің де жеке тұлға ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің де мұраты өзгеріп, халықтың мәдениеті мен идеологиясына байланысты. Сондықтан мұғалім жан-жақты білімділігі, жан дүниесі, ақыл-ойы, жылы жүзді, өнегесі баланың музыка сабағында қызығушылығын арттырады. Олардың бұл іске белсене араласуы дағдысын қалыптастырады. Мектептегі музыка сабағының пән ретінде музыка мұғалімі тағдырын шешетін негізгі тұлға деп айтуға хақылымыз. Музыка мұғалімі өз сабағында шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Дауысымен, аспаппен жақсы меңгеру, дирижерлық шеберлікті жетілдіре отыра, музыканың теориялық дайындығы, халықтың мәдениетін, тарихын, музыка тілінің заңдылықтарын, ерекшеліктерін білу қажет. Мұғалім жұмысында ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Музыканың іс-әрекетінің барлық түріне балаларды еліктіріп әкету үшін мұғалім төзе отырып, жігерлі болуы тиіс.
Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Жас ұрпақ тәрбиесінің бір саласы – музыкалық-эстетикалық тәрбие болып саналады.
Жас баланың жан дүниесіне музыканың құдіретті сазымен әсер етіп, музыкалық қабілет тәсілдері арқылы парасаттылық, жоғары талғампаздық, адамгершілік, патриоттық сияқты ұлы сезімдерге тәрбиелейді.
Музыка пәні мұғалімі үшін бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқыту процесінде мынадай міндет қойылады: оқушылардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту, дамыту, олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде ұйымдастыру және халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка мұғалімінің қызметі – ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене бағытта жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б. Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
а) мектептегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
ә) ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
б) узыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың ормалары мен дістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;
Танымдық бағыт мұғалімнің, оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты құралады. Бұл үшін мұғалім:
а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін білуге;
ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге;
г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
ғ) өткен метериал мен өтілетін материалды байланыстыра отырып логикалық шешімдер жасауға,
д) сабақта оқушының шығармашылық қабілетін, музыкалық білімді алуға өз еркімен ұмтылысын тәбиелеуге,
Эмоционалдық бағыт – мұғалімнің музыка өнеріне деген көзқара- сына және оның оқушылардың әсемдікті сезіну қабілетін қалыптастыруы- на байланысты анықталады.
Бұл үшін музыка мұғалімі мынаны ескеру қажет:
а) мектептегі музыкалық тәрбие жұмысының қоғамдық тәрбиедегі рөлін;
ә) эмоционалдық тәрбиенің жеке адамның жан-жақты қалыпта- суындағы маңызын;
б) музыка өнерінің адамға тигізер әсер ерекшеліктерін.
Сонымен қатар музыка маманы бала бойында музыка эмоционалдық көзқарасты тәрбиелеуге, эстетикалық талғамды және музыкалық форманың ең жетілген түрлері мен идеялық – образдық мазмұнының бірлігі арқылы қалыптастыруға міндетті және музыка өнері арқылы патриотизм, интернационализм сезімін тәрбиелеуге, музыкалық материалды толық игеру үшін сабақ барысында эмоционалдық қалыпты сақтауға, оқушылардың музыка өнерін терең ұғынуы ұшін эстетикалық толғаныс әлемін байыту, кеңейту үшін жұмыс жасауға міндетті.
Ізденушілік бағыт - мұғалімнің оқу процесін жетілдіру арқылы және профессионалдық шеберлігін көтеруі арқылы көрінеді.
Бұл мұғалімнің өзінің музыкалық-педагогикалық қызметін талдаумен және озат педагогтар тәжірибесін, жаңа әдістерді педагогикалық қызметке енгізуімен ұштастырылады.
Мұғалім ғылыми зерттеулердің теориялық негізін және зерттеу жұмысын өткізу әдістемесін білуге тиіс. Сонымен қатар педагогикалық кәсіби шеберлігіне мына талаптар қойылады:
а) оқу процесін бақылауға және талдауға;
ә) педагогикалық фактілерді бір жүйеге келтіруге;
б) кез-келген педагогикалық ситуацияға музыкалық білімін, педагогикалық біліктілігін қолдана білуге;
в) музыка сабағының құрылымына жаңа формалар, әдістер қолдану жолында үнемі ізденіс үстінде болу;
г) сабақтың тақырыбын ашу мақсатына сәйкес қосымша материалдар қолдануға;
ғ) өз еңбегінің жемісін болжай білуге;
д) оқушылардың музыкалық даму деңгейін білуге;
е) үнемі білімін жетілдіруге, орындаушылық тәжірибесін, музыкалық репертуарды толықтыруға, оқушылармен сөздік байланыс шеберлігін жетілдіруге міндетті.
Өз білімін табандылықпен жетілдіріп, тапсырылған іске адалдықпен, сүйіспеншілікпен қараған жоғары моральдық қасиеттері болған жағдайда ғана мұғалім бұған лайықты бола алады. Мұғалімнің оқу-тәрбие қызметіндегі табыстары көбінесе оның шеберлігіне байланысты. Ол өздігінен келмейді. Қайта мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруда, мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды және күнделікті жұмісінің нәтижесі болып табылады. Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін ізгілендіруде, оқытудың тәрбиелік сипатының басымдылығына, сондай-ақ тұлғалық бағдарына назар аударыла бастады. Бір қунарлығы қазіргі балалар өте алғыр. Олардың қай-қайсысының бойынан дарындылықты табуға болады. Тек тұтанып тұрған отты мезгілінде үрлеп, дұрыс бағыт-бағдар беру талабын қанағаттандырып отыруда мұғалімнің асқан шеберлігі қажет: кәсіптік шеберлік өздігінен келмейді. Ол педагогикалық мамандығын арттыру жөніндегі мәдени және саяси ой-өрісін кеңейту жөніндегі табанды да күнделікті жұмысының нәтижесі болып табылады.
Кәсіптік шеберлік өз пәнін терең білуді, тәрбие мен оқытудың жаңа заңдылықтарын білуді жүргізу шеберлігін көздейді. Кәсіби шеберліктің маңызды көрсеткіші оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу шеберлігі мен дағдысының болуы. Ол оқушылардың мінез-құлқын бақылау, зерттеу және олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына көмектеседі.
Ал сөздігі, жұмысқа әрдайым әзір тұруды, кейбір кездескен қиын- шылықтарды жеңуі, тез арада шешім қабылдауы, оқушылардың ыңғайын табуы, ортақ тіл табысы араласуы керек. Жеке тұлғаның, мұғалімнің шеберлігі дер кезінде оларға ықпал ету, мінез-құлық жолын көрсетіп, иландыра білу, жаңаша іздестіру жолдарын жүргізу, ғылыми негізін меңгеру, өзінің кәсіби шеберлігін кеңестерде, жиналыстарда, ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетуі керек.
Қорыта келгенде, күрделі сан қырлы оқу-тәрбие қызметі мамандықта мұғалімдердің білімін арттыруда әрдайым жүйелі жұмыс қажет. Қызметін жаңа бастаған жас мұғалім ғана емес, көп жылдар бойы еңбек еткен ұстаз мұғалімдер әр мамандығын арттыруы қажет.
Егер мұғалім бұрын жаттап алған педагогтік ережелер мен әдістемелік тәсілдерге сүйенсе, оқушыларды тәрбиелеуде елеулі табысқа жетуі қиын болады, өмірден артта қалады, өзіне жүктеген міндеттерді орындай алмайды. Мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін, оның мамандығын артыруда әдістемелік бірлестіктің рөлі зор.
«Мұғалімнің мәдениеті» тақырыбында: Адамның кісілік қабілеті, соған лайықты бола білу, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесімділігіне оқу-тәрбие процесінің халықтық дәстүрмен сабақтасып жатуына, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеруге негізделген. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы да осы бағытта жүзеге асады. Оқу-тәрбие саласында жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттырудың қажетті шарты – мұғалімнің мәдениеттілігі, әдептілігі болып табылады. Ол мұғалімнің ішкі және сыртқы мәдениеті.
а) ең алдымен, жеке өзін сыйлауды, оған сергек әрі көңіл қойып қарауы;
ә) шамадан тыс қамқорсу, әкімшілік етуге жол бермейтін сенімді, сонымен бірге мінез-құлқы болуы керек;
б) мұғалімнің мәдениетіне оқушының сабағы мен мінез-құлық кемшіліктерін, себептерін табандылықпен анықтау, көкейге қонымды кеңес беруі;
в) себебін білмей, асығыс ойластырылмаған баға қоюға болмайтындығы;
г) әсіресе алғашқы әсер ықпал мен және ашу үстінде шешім қабылдауға болмайды;
ғ) мұғалімнің ашу-шырқауы көбіне оқушымен қарым-қатынасты (ата-анамен) нашарлатуға, беделін түсіруге әкеліп соқтырады;
д) әдепті, мәдениетті мұғалім бәрін өлшеп, аса сақтықпен, сыпайыгершілікпен қимыл жасайды;
е) ол оқушы қылығы мен әрекетінің ішкі себептерін түсінуге, анықтауға талпынып, содан кейін барып педагогикалық ықпал етудің белгілі бір шараларын қолдану жатады;
ж) жеке тұлғаның, мұғалімнің оқушыға қатынасы оның жеке өзіне деген терең сый мен сенімге негізделуі тиіс. Сенім мен сый жоқ жерде педагогикалық мәдениеттілік бұзылуы мүмкін;
з) талап қоюшылық және сонымен бірге жасөспірім мен жастарға деген сергек қамқорлықпен қарау, әрдайым адамгершілік және идеялық өсуін қалыптастыруға көмектеседі;
и) мұғалімнің мәдениетіне киім-киісі, жүріс-тұрысы, жалпы жан дүниесі сұлу болуы, эрудицияның бай болуы, ерік-жігерін және мінезін қалыптастыруда өзіне талап қойып, баға беруі, оқушы жүрегіне жол таба білу, эстетикалық талғамға сай болу, әдептілік, инабаттылық, ұстамдық пен ұқыптылық, сырт пішін жарастығы жатады.
Жеке өзін сыйлауы;
Шамадан тыс қамқорсу, әкімшілік етуге жол бермеуі, сенімді, мінез-құлқы болуы;
Асығыс ойластырмаған баға қою;
Аса сақтықпен, сыпайыгершілікпен қимыл жасау оқушы қылығы мен әрекеттірінің ішкі себептерін білу, түсіну, анықтау, шара қолдану;
Мұғалімде сенім мен сый жоқ жерде, мәдениеттілік бұзылуы мүмкін; адамгершілік, идеялық өсуін қалыптастыру;
Мұғалімнің сөйлеу, сөз мәдениеті, киімі-киісі, жүрі-тұрысы;
Мәдениет, жан дүниесі сұлу болуы;
Эрудицияға бай болуы;
Оқушы жүрегіне жол таба білу;
Эстетикалық талғамға сай болуы;
Әдептілік, инабаттылық, ұстамдылық, сырт пішін жарастығы жатады.
Қорыта келе, біз бар өмірімізді ұстаздық жолға арнаған адамдармыз. Сондықтан да егеменді елімізде жас ұрпақ тәрбиесінің жақсы болғанын қалаймыз. Ол үшін мұғалім білімді, мәдениетті, қайырымды, әдепті болуы керек.
Осы орайда білім ордасы - мектеп, сол мектептің жүрегі – мұғалім екендігі бәрімізге белгілі. Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім – қандай болса, мектеп те сондай болмақшы», деген. Яғни, мұғалім білімді, жан-жақты болса, болашақ ұрпағы да сауатты болады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», деген. Олай болса, жаңаша өмірге бет бұрып, жаңа ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болып табылады.
Мұғалім – дәрігер мамандығы сияқты ертеден келе жатқан мамандықтың бірі. Ол ұрпақтар арасын байланыстырушы. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский мұғалім жайлы былай дейді: «Жас жаткіншекті тәрбиелеуде оқулық арқылы да, моралдік көтермелеу арқылы, жазалау арқылы да әсер ете алмайтын күшті мұғалімнің жеке жақсы оқу бағдарламасы, тәрбие әдісі болсын, ол тәрбиеші болмаса, жай сөз болып қала береді. Тәрбиеші ешқашан айтқанды көзсіз орындаушы бола алмайды, ол өз жүрегінің жылуын беруші, жанымен сезінуші болғанда ғана тәрбиеші бола алады».
Ұлы педагог және қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин «Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен басқа ешкім теңесе алмайды» дейді. Ы. Алтынсарин өз еңбектерінде адам және оны биік адамгершілік тұрғыда тәрбиелеудің жолдары туралы айтады. Ол адамның шығармашылық күшіне сенеді. Адамның адамдық қасиеті, өмірдегі орны еңбек арқылы көрінетіндігі айтады. Тәрбие ісінде Ы. Алтынсарин халық даналығына сүйенеді.
Ы. Алтынсарин мұғалім оқытудың тиімді әдіс-тәсілдетір тергенде ғана баламен дұрыс қарым-қатынас жасауға болады деп есептейді. Бұл үшін оқу жүйесінде, ең алдымен, ұйымшылдық, тәртіп, қалыпты жұмыс қажет, егер бала білмей жатса, ол үшін баланы жазалауға болмайды, кінәні мұғалімнен іздеу керек. Баламен қатынас жасауда төзімді болу керек және әр пәнді түсінікті, ұғымды жеткізе білу де шеберліктің шыңына бастайды. Абай Құнанбаев мұғалім бір орнында тұрып қалмай, үнемі іздену, оқу, өсу үстінде болу керектігін, сол білгенін басқаға үйретуді қажеттігін ескертеді. Ең бастысы мұғалім адамгершілігі мол, үлкен жүректі, әділетті болу шарт. Өз дегеніне жету үшін мұғалімнің мінезі кең, ерік-жігері мол, ішкі жан дүниесі сұлу, баланы сүйе білетін, рухани жан дүниесі таза адам болмағы ләзім. Абай адам мінезі рухани жан дүниесі мен ерік-жігері арқылы анықталады дегенді айтады.
П. Подласыйдың айтуынша, педагогке тәрбиелей және басшылық ете білу, тыңдата және тыңдай білу, оған сенім арту, алға ұмтылуға үйрету, байқампаз болу, қандай жағдайда болсын шешім қабылдай білу қажетті қасиет.
Педагогтік мамандық білімділікті қажет етеді. Мұғалім - белгілі бір пәнді жетік меңгерген мамандық иесі. Болашақ мұғалімнің біліктілігі оқу орнында алған білімі арқылы қалыптасады.
П. Подласый педагогикалық қабілеттілікке ұйымдастырушылық, дидактикалық, коммуникативтік, зерттеушілік, ғылыми-танымдық тағы басқа жатқызады. Бұл қасиеттер мұғалімнің бойында болуы тиіс.
Білім саласында «Мұғалім қалай көрінеді?» деген сұраққа педа- гогикалық әдебиеттерде тура жауап жоқ. Қазіргі күні тәрбиенің қажеттілігі, қоғам талабы жайлы жете зерттелмегендігі айтуға болады. Өйткені мұғалім және оның еңбегі, тәрбие жұмысы соңғы орында тұрады. Міне, осы олқылықтардың орнын толтырмаса болмайды.
Біз 5-сынып оқушыларынан мұғалімнің қандай қасиетін бағалай- тындығын сұрап көрдік. (Бұл жастағы балалар өз ойларын еш бүкпесіз ашық айтатыны белгілі). Олар өздерінің сүйікті мұғалімдерінің мейірімді, көңілді, керек кезінде қатаң талап қоя білетін, айтқан сөзінде тұратын әділетті, балаларды өте сүйетін, бағаны әділ қоятын, сабақты қызықты өткізетін т. б. ерекшеліктерін атап көрсетті. Бүдан оқушылар мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен жеке қасиетін бағалайтындығын көруге болады.
Оқушыларымен жүргізген сұрақ-жауабына қарағанда, олар мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен іскерлігінен гөрі жеке қасиетін жоғары бағалайтындығын аңғаруға болады. Жоғары сынып оқушылары адамзат әлеміндегі күрделі қарым-қатынас, өмірдегі өз орны, өзін қоршаған ортаның рөлі жайлы айтады. Сондықтан мұғалім де біз сияқты адам, бізді түсінеді. Онымен ой бөлісуге, ақылдасуға болады дегенді айтады. Жақсы мұғалім болу үшін ең алдымен, жақсы адам болу керектігін көрсетеді. Мұғалім жаза қолданушы емес, адам жанын түсініп, оған көмек беруші, қиын жағдайдан алып шығатын жанашыр адам болуын қалайды. Мұғалім айғайласа, онда ол өзінің әлсіз екендігін көрсеткені, қатаң болу керек, бірақ жөнімен. Әзілдесе білу де мұғалімге қажет. Бір сөзбен айтқанда, жоғары сынып оқушылары мұғалімнің адамды түсінетін, ақыл-кеңес беретін дос адам ретінде болуын қалайды. Бұдан мұғалімнің кәсіби шеберлігімен қоса биік адамгершілік қасиеті болу керектігін байқаймыз.
Кәсіби шеберлікке еңбек сүйгіштік, тәртіп, мақсат қоя білу, оны іске асырудың жолдарын білу, ұйымдастыра білу, талап қоя білу, жұмыс сапасын көтеру т.б. жатқызамыз. Сондай-ақ мамандығына деген сүйіспеншілік, педагогтік парыз, жауапкершілік, педагогтік әділеттілік, өзіңе-өзің сенімді болу қасиеттері де кіреді.
Жас мұғалімдердің жұмысқа оң қатынасы оның еңбегімен, сондай-ақ ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Жас маманның бейімделуі кәсіпке айқын қызығуымен, жұмысқа көп қанағаттанғандығымен сипатталады.
Жас педагогтердің өздерінің пікірінше, қанағаттанушылық жұмыстың қоғамдық мәнділігіне, оқушылармен тез байланыс жасауға көмектесетін педагогтің коммуникативті қабілеттілігіне, айлық ақыға, адамдармен қарым-қатынасқа және әкімшіліктің қамқорлығына, жүктемеге, жұмыс үрдісінің өзіне, ұжымдық жолдастарымен байланысына, шығармашылық жолдың ашылуына, даму мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне т.б. байланысты.
Бейімделу үрдісіне ықпал ететін негізгі кемшіліктер мен қиындықтардың сипаты тұлғаның өзіне, жас меменды даярлаған оқу орнына белгілі бір талаптар қояды. Жұмысын жаңа бастаған жас мұғалімнің тұлғалық салаларына көп нәрселер қатысты болады.
Педагогикалық жоғары оқу орны басты міндеті студенттерді қысқа мерзім ішінде педагогтік кәсіптің «сырларын», оның өнерін тез игеруге, мектепте табысты бейімделіп кетуге мүмкіндік беретін біліммен, іскерлікпен және басқа да тұлғалық сапалармен қаруландыру болып табылады. Педагог мектепте жұмыс істей жүріп өз бетімен білім алуы және өз білімін ұдайы толықтырып жетілдіруі тиіс.
Жұмыстың алғашқы жылдарында туған қиындықтардың сипаты жас мұғалім мінезінің сапаларына, моралді-еріктік және басқа қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жекелік болуы да мүмкін. Өйткені, әр адам мұғалім бола бермейді, ал мұғалім болғанымен қажетті кәсіби шеберлікті игере алмайды. Белгілі әлеуметтік-писхологиялық бейімділігі бар қабілеттілік пен тұлғалық сапалардың жеткілікті айқын құрылымы қажет.
Жас мұғалімнің кәсіби және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне қолайлы жағдай жасайтын қажетті тұлғалық сапалар мен іскерліктерге мыналарды жатқызуға болады: ұстамдылық, сезімталдық, қаталдық және мейірімділік, талапшылдық пен төзімділік, ақкөңілдік, жинақылық, күшті тітіркендіргіштердің әсерін тежеу, назарын шоғырландыру іскерлігі, ылғи да белсенді әрі сергек болу, бүкіл жұмыс уақытында көтеріңкі көңіл күй мен эмоциялық тонусты сақтау, күшті тез қалпында келтіру қабілеті, іс-әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысу, жаңа жағдайда бейімделу, байланыс орнату, бөтен және таныстығы аз адамдар ортасында өзін сергек сезіну және
т. б.
Жас маманның бейімделуінің табысты болуы едәуір дәрежеде оның өзінің бейімділіктері мен қабілеттеріне сәйкес педагогтік кәсіпті саналы таңдап алуына байланысты.
Жас мұғалімнің бейімделуінің маңызды шарты – педагогикалық жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық оқу-тәрбие үрдісінің педагогикалық бағытталуы болып табылады. Болашақ кәсіптік бейімделу табысты болу үшін психологиялық-педагогикалық және әдістемелік даярлығының тұтас жүйесі, теория мен тәжірибенің байланысы қажет. Сондықтан олардың алған теориялық білімдерін тіжәрибелік жұмыста шығармашылықпен қолдануға даярлау керек. Студенттердің танымдық белсенділігін дамытудың тиімді түрлері мен әдістерін іздеуді және енгізуді кеңейту қажет.
Сонымен бірге жас мұғалімнің ақыл-ой дамуы мен мәдени деңгейіне іскерлік байланысы, оның беделі , кәсіби бейімделу қарқыны және деңгейі көп қызмет атқарады. Сондай-ақ жас маманда педагогикалық қарым-қатынас жасаудың жоғары мәдени сапаларының болуы да үлкен маңызға ие.
Педагогикалық еңбек тәжірибесінде әлі де болса өзін-өзі басқару дағдысы жоқ мұғалімдер жиі кездесіп қалады. Педагогикалық мәдениеті төмен, коммуникативтік қабілеті дамымаған, өзін ұстай алмаған мұғалім кінәлі оқушыларға, тіпті ең жаман сыныпқа дауыс көтеруге жол береді. Педагогикалық жоғары оқу орнында бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінуі және бұл дағдыны қалыптастыру қажет. Өйткені, педагогикалық қарым-қатынас мәдениетіне педагогикалық әдеп, оқушылар психологиясын ұғыну, балалармен қарым-қатынас орнату қабілеті, балаларға сөзбен әсер ету іскерлігі жатады.
Жоғары оқу орнын бітіріп мектепке жұмыс істеуге келген жас педагог алдынды өз қамқорлығындағылардың тәртіптілігін, еңбек сүйгіштігін, үлгілі болуын және басқа моралдік-еріктік сапаларын тәрбиелеудің күрделі міндеттері тұрады. Бұл міндеттердің шешілуі мұғалімнің оқушылармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату іскерлігіне тығыз байланысты. Егер болашақ мұғалімдер жоғары оқу орындарында оқушыларды зерттеудің бағдарламаларымен және белгілі әдістерімен таныс болса, онда олар сынып ерекшеліктеріне және оқушылардың даярлық деңгейіне сәйкес нақты сабақ жоспарының ең ыңғайлы варианттарын таңдап алуды үйренеді, оқытудың және оқушылардың оқу іс-әрекетінің ең ұтымды түрлері мен әдістерін анықтай алатын болады.
Жас мұғалімдерді бейімделуін жүзеге асырудың маңызды талаптарының бірі – мектеп директоры және оның орынбасарлары жүзеге асыратын әкімшілік бақылаулар. Педагогикалық ұжымдағы қолайлы микроклимат, жолдастық өзара көмек пен өзара бірін-бірі қолдау қатынастарымен сипатталады және ол кәсіби әлеуметтік-психологиялық бейімделудің табысты жүзеге асуына ықпал етеді.
Іс-әрекеті жүйелі бақыланатын мұғалімдер оқу-тәрбие ісінде аз қияндықтарға кездеседі. Мұнда алдын-ала көрсетілген көмектің әсері ерекше.
Жас мұғалімді ұдайы кездесетін сәтсіздіктер жағдайында қалдырмау үшін ол көмек жекелік-ескертулік түрде болуы тиіс. Жүктемені мұқият ойластырып, сабақ кестесін жас маманның мүмкіндіктерін есепке алып құрған жөн. Оған сынып жетекшілігін беріп, кеңес түрінде көрсету де тиімді.
Педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің кәсіби бейімделуінің табысты болуы педагогикалық кәсіпті сапалы таңдап алуға тікелей байланысты: бейімділік пен қабілеттілік; мектепте, содан соң жоғарғы оқу орнында жастарға педагогтік кәсіптік бағдар берудің қалай жүзеге асқаны; педагогикалық жоғары оқу-тәрбие үрдісінің кәсіби-педагогикалық және әдістемелік пәндердің оқылуының жоғары тиімді болуы және студенттің академиялық үлгерімі (ол неғұрлым жоғары болса, педагогикалық іс-әрекетке бейімделу соғұрлым табысты болады); жас мұғалімде педагогикалық қарым-қатынастың жоғары мәдениеттілігі, оның әдептілігі, әкімшілік және педагогикалық ұжым тарапынан жас мұғалімдерге көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |