2.2.2 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеудің негізгі шарттары
Қазақстан Республикасының халыққа білім беру жөніндегі Заң негіздерінде оқыту мен тәрбиелеудің басты принциптері: оқыту мен тәрбиенің бірлігі, балалар мен жастарды тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың өзара ынтымағы; жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің, өмірмен байланысы; білімнің ғылыми сипаты, ғылымның, техниканың, мәдениеттің ең жаңа жетістіктері негізінде ұдайы жетілдіріліп отырылатындығы айтылған. Бастауыш сыныптардағы тәрбие жұмысынын, нақты мазмұны мен әдістемесі осы принциптердің негізінде жасалады.
Балалар бастауыш мектепте мәдени мінез-құлықтың негізгі ережелері жөнінде аса үлкен көлемдегі білімдерді игеріп, оларды саналы түрде орындауға әдеттенуге тиіс. Әдептілік пен мінез-құлықтың нақты ережелері өте көп, оқушыларды олардың бәрімен бірдей таныстыру өте қиын. Өмірде балалар бірінші рет кездесіп отырған жағдайлар жиі ұшырасып жатады. Сондықтан да, оқушыларға мінез-құлық ережелерін үйретумен бірге, ереже рухына сай әрекет етуге, яғни жаңа жағдай кезінде бұрыннан жақсы мәлім ережелер негізінде, әрекеттің дұрыс жолын таба білуге баулу керек. Бұл - күрделі міндет. Балаларды мінез-құлық ережелерін мектепте, көшеде, қоғамдық орындарда орындауға баулу керек.
Мінез-құлық мәдениеті көп ретте адамгершілік нормаларымен тығыз байланысты. Мәселен, сыпайылықтың, ілтипаттылықтың, әдептіліктің, дәлдіктің көптеген нақты ережелерінің негізінде отанымыздың адамгершілік, ұжымдық, достық, жолдастық, өзінің мінез-құлқы мен қылықтары үшін жауапкершілік сияқты моралдық принципі жатыр. Бала біртіндеп нақты ережелерді адамгершілік көзқарас түрғысынан орындау қажет екендігін түсініп, бағалай бастайды. Әдет пен дағдының бірлігі тұрақты мінез-құлыққа ие болуға, жеке бастың эелі ілі бір қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі. Әрқашанда сыпайы, міндетті, дәл болу дегеніміз - сыпайылық, дәлшілдік, міндеттілік сияқты қасиеттерді игергендік деген сөз. Баланын, өз мінез-қүлқын түсінуі мүғалімнің басшылығымен, ұжымның қапыптасып келе жатқан қоғамдық пікірінің әсерімен біртіндеп жүзеге асатын болады.
Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетін қалыптастыру күнделікті өмірде жүзеге асырылады. Сондықтан оқушынын, күнделікті өмірі мен ісінің әр түрлі, мазмүнды болуы, жоғары адамгершілік қатынасқа құрылуы өте маңызды. Қиындықтары, табыстары мен сәтсіздіктері сөзсіз болмай қоймайтын соны білімдер алу, дүниені тану процесінің өзі төменгі сынып оқушылары үшін қуаныш процесіне айналуы тиіс. Жолдастарымен қарым-қатынас жасау, жаңа достар табу, ұжымдық жұмыстар мен ойындар, бірге қайғыру, еңбек » және қоғамдық пайдалы еңбекке араласу басқа еш нәрсемен салыстыруға келмейтін қуаныш сыйлайды.
Бала мектепке түскеннен кейін жүйелі қоғамдық мәні бар қызметпен, оқумен тұңғыш рет айналысып, балалардың үлкен ұжымдык, мүшесіне айналады. Мұнда баланың қоғамдык белсенділігін, дербестігін, адамгершілігін қалыптастыру процесі жаңа бейнеге ие болады.
Адамгершілік тәрбиедегі сабақтастықтың педагогикалық негізі мынада: баланың мектеп жасына дейінгі кезеңде пайда болған мінез-құлық, ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынас формалары, моральдық білімі, қарым-қатынасы және сезімі бастауыш сыныптарда дамуға тиісті жаңа формалардың негізі болып табылады.
"Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз игі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады" - деп жазған әл-Фараби.
Бастауыш сынып оқушыларының жағымсыз қасиеттері: бір беттілігі, ашушаңдығы, ұяңдығы, әдепсіздігі, тынышсыздығы, тәртіпсіздігі, дөрекі сөйлеуі және т.б. жағымсыз жақтармен ерекшеленеді, мүғалім бұлармен күрес жүргізуі қажет. Бұл сапалардың көбісі әлі берік орнықпаған, тек уақытша психикалық ерекшеліктері болып табылады, бұл салалар келешекте олардың мінез-құлқына сіңісіп кетпеуі тиіс.
Кейбір мектеп оқушылары өтірік айтуға бейім тұрады, бір нәрсені өте өсіріп, әдемілеп, мақтап сөйлейді. Мұның себебінің бірі - ойлап тапқанына өзін сенуге мәжбүр ететін баланың күшті қиялы болып табылады. Бірте-бірте бүл қасиет жоғалады. Кейде оқушы жасаған жағымсыз істердің ізін жауып, өзін кінәлі санамай, жалған үялушылық сезімімен ғана біреуден кешірім сұраудан бас тартады. Осындай себепке байланысты бір беттілік танытып, жан гүкпірінде өзін теріс деп есептесе де, өз айтқанынан қайтпайды.
Балапардың мінез-құлқына айналасындағылардың ықпалы күшті. Балалар мінез-құлқының ерекшеліктерінің бірі - еліктегіштік. Егер бала жақсы енеге көрсеткен адамдармен араласса, бұл жақсы нәтиже береді.
Мұғалімнің мінез-құлқы, оның сырт бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Мұғалімнің мінез-құлқы оқушы үқсауға тырысарлық үлгі болуға тиіс. Тәрбие жүмысының тиімділігі көп ретте педагогикалық ұжым мен жанұяның үйлесімді жұмыс істеуіне байланысты.
Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде ата-аналардың да жеке бастық үлгісінің маңы-зы зор. Балалар үлкендерді, олардың тәртібін, өзара қарым-қатынасын, сөйлеу мәнерін қадағалап жүреді. Егер ата-ана бір-біріне ілтипатты, сыйлы, сыпайы, бір сөзді болса, олардың балалары да жақсы тәрбиелі болып өседі. Семьяда сыйластық сақтапмаса, үлкендер бір-бірін сыйламаса, үйде тазалық пен тәртіп сақталмаса, бала бойында мәдени мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін тәрбиелеу анағұрлым қиынға түседі.
Балалардың тәртіп ережелерін орындамаудың үлкен бір себебі оларды қоршаған ортаға байланысты. Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелейтін үлкендердің өзі тәртібін қатал және міншілдікпен қадағалап, бапаларға үлгі болуға тиіс. Мектептегі мұғалімдер оқушаларға қойылатын талаптарға біркелкі қарамайды. Сол сияқты жанүяда да үлкендер де педагогикалық көзқарасқа келгенде өзара ынтымақ емес. Мәселен, талаптардың сипаты, олардың кезектесуі және мөлшері әке мен шешеде, әже мен атада, жанұяның басқа мүшелерінде әркелкі болып келеді. Сол себепті де бала міндетті ережелерді орындай бермейді, үлкендердің әр түрлі талаптарына ыңғайлана салады. Осыдан келіп баланың уйде сыпайы, мектепте дөрекі немесе бүған керісінше болуы мүмкін.
Егер ата-ана мен мектеп өзаратығыз байланыста болса, балалардың мінез-құлқына бірдей талап қойып отырса, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу табысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |