1. Жаһандану дегеніміз не? Бұл терминнің пайда болу тарихын түсіндіріңіздер



Дата26.05.2023
өлшемі19,73 Kb.
#177784
Байланысты:
Философия негиздери


1. Жаһандану дегеніміз не? Бұл терминнің пайда болу тарихын түсіндіріңіздер.
Жаһандану дегеніміз - бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылымитехникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы.
Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. Жаһандану - әлемді бірыңғай сипаттамаларға ие бірыңғай жүйеге айналдырудың тарихи үдерісі. Тарихта мұндай жүйені жаһанданудың келесі үдерістері: -адамдарды ажырататын факторларының әрекетін уақытты және -кеңістікті мейлінше азайтатын коммуникацияның электронды құралдары; -шығарылған өнімді бүкіл әлемге таратуға мүмкін беретін технологиялық өзгерістер; -экологиялық немесе құқық қорғау қозғалысы сияқты жаһандық идеологиялардың қалыптасуы. Жаһандану - бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени бірігу және біріздену үдерісі. Мұның негізгі салдары еңбектің әлемдік бөлінісі, капиталдың, адами және өндірістік ресурстардың планета ауқымында көшіп-қонуы, заңнаманың, экономикалық және технологиялық үдерістердің стандартталауы, сондай-ақ әртүрлі мемлекет мәдениеттерінің жақындасуы болып табылады.
2. Жаһанданудың неше негізгі құрамдас бөліктері бар? Атаңыздар.
1. «Менталдық» немесе  «Мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық, америкалық, шығыстық, мұсылмандық және үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

3. Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын көрсетіңіздер.
Экономикалық жаһандану — екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндірілед
Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

  1. үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

  2. жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

  3. жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

  4. жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

  5. барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

  6. бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;


4. Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану дегеніміз не?
Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану— қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнестіөндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет