Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет2/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................

66

КІРІСПЕ


Диплом жұмысының сипаттамасы. Қазіргі таңда антропоөзектік (адамтанымдық) бағыттағы тілдік тұлға мәселесіне деген ерекше қызығушылық арта түсті. Осымен байланысты тілтанымдық зерттеулер нәтижесінде тілдік тұлға, концепт, ғаламның тілдік бейнесі және т.б. терминдер пайда болып, оларды түбегейлі, жан-жақты зерттеу қолға алына бастады. Тілдік тұлға мәселесі тіл білімінің бүгінгі талабының басты нысаны болып отыр. Бұл бағыттағы ізденістер мен зерттеулер қазақ тіл білімінде соңғы кезде қарқынды түрде қолға алына бастады. Сөзді ойната білудің шеберлік үлгісін беру, белгілі бір ұлттың концептуалдық дүниетанымындағы когнитивтік кеңістікті тілдік астармен әдіптеу кез келген суреткердің пешенесіне жазылмаған қабілет болса керек. Бұл – тілдік тұлғаға ғана тән бірегейлік. Белгілі қаламгер, сыншы Құлбек Ергөбек кемеңгер жазушы Ә.Кекілбаевтың бірегей тұлғаға тән суреткерлік, ғалымдық қабілетін терең танудың зор міндет, рухани қажеттілік екенін атап өткен-ді: «қазаққа, қазаққа ғана емес адамзатқа мәңгілік құндылық қалдырып өткен Әбекеңді игеріп оқу, бойлап тану, ойлап бойға сіңіру – сол міндет ендігі жерде!» Олай болса, ұлт жанының жанашыры, көсем сөздің білгірі, ойшыл ғұлама Әбіш Кекілбаев тұлғасы – қазақ руханиятында өзінің шығармашылық қолтаңбасы айрықша, рухани-мәдени өресі биік тау тұлға ретінде танылады.
Жұмыстың өзектілігі. Дипломдық жұмысымызда қайталанбас қасиетке ие қаламгер Әбіш Кекілбаев шығармашылығын тілдік тұлға теориясы негізінде талдаудың өзектілігін көрсетуді мақсат еттік. Ал кең тұрғыда мәтіндік талдау болашақтың ісі деп үміттенеміз. Қаламгер тұлғасын танудың елеулі қыры – автордың танымы мен прагматикалық уәжмақсатынан туындаған, жазушы тілдік тұлғасын сипаттайтын авторлық (окказионалдық) сөз қолданыстары. Өйткені кез келген тілдік тұлға, ең алдымен, өз ана тілін түрлендіруші, байытушы және оны дамытушы. Осы орайда Әбіш Кекілбаевтың тілдік тұлғасының танымдық-шығармашылық нәтижесі ретіндегі нақты прагматикасы – тұлғалық болмысын танытатын окказионалдық сөз үлгілері. Өйткені ұлттық мәдени құндылық ретіндегі тілдік мұраны, ұлттық дүниетанымды терең меңгерген, «сөйлесе қызыл тілдің шешені» атанған Ә.Кекілбаевтың сөз өнеріндегі авторлық тілдік әлеуетін ашып көрсету – ұлттық болмыс пен халықтың дүниетанымын тануда маңызы ерекше деп ойлаймыз. Өйткені жазушы тілдік тұлғасын сипаттайтын авторлық сөз қолданыстары жазушының жеке танымына, субьективтік көзқарасына, әлемді бейнелеу ерекшелігіне негізделеді. Олай болса, тілді танымдық қырынан анықтайтын таным ұғымы мен окказионализмдік құбылысты байланыстыра зерттеп-зерделеу әбден қажет деп танимыз. Нақты айтқанда, тілдегі авторлық қолданыстарды зерттеу нысаны ретінде алып, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен сабақтастыра отырып зерделеу көкейкесті мәселе ретінде танылады. Жазушының авторлық шығармашылығы – өзінің тілдік әлеуетін таныту мәнері, сөз өнеріндегі тілдік тұлғаға тән ерекше қыры, өзіндік ой-танымының, көркемдік әлемінің көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет