Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Ғалым Мамаева Макен Қасымбайқызының 2004 «Фразеологизмді сөз тіркесі»



бет6/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Ғалым Мамаева Макен Қасымбайқызының 2004 «Фразеологизмді сөз тіркесі» атты диссертацияның авторефератында «Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.Қазақ тіліндегі қос тағанды фраеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген пров. С.Сәтенова мұндай фразеологизмнің синтаксистік сипатына арнайы тоқталып, сөз тіркесі құрылымды ҚТФТ, сөйлем түріндегі ҚТФТ деп бөліп қарастырады. Профессор І.Кеңесбаев «Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фраеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады»,- деп айтқанымен синтаксистік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір негізінен фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсініліп, фравеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардығ көбі осы негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді. Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.
Х.Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н.Қошанова бұл мәселе бойынша арнайы еңбек жазып, тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы-сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасады. Ғалым атаулық және фразеологиялық тіркестердің грамматикалық байланысу жолдарында да өзгешеліктер бар екенін атап көрсетеді: «Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік байланыс тәсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып, өз ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-жақтылық жоқ. Ғалым тұрақты тіркестің өзін екі топқа бөледі: фразеологиялық тұрақты тіркестер және атаулық тұрақты тіркестер деп бөледі»[4.10-12б].
Ғалым Оспанова Фарида Амирбекқызының 2006 ж «Фраеологизмдер уәждемесінің лингвомәдени аспектісі» атты диссертациясының авторефераты.Фразеологизмдердің зерттелу тарихы тым әріден басталғанымен ішкі мазмұнын анықтауда уәж, уәжділік, уәжділік арақатынасы, байланысы төңірегіндегі мәселелер әлі де теориялық тұрғыдан кешенді зерттеуді қажет етеді. Фразеологимздер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған білгісі халықтың өмірінен, қалыптасуына уәж болады. Фраезологизмдердің қалыптасуына қарай да бірнеше топқа бөлінеді: әдет-ғұрып, наным-сенімге орай; тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты; жан-жануарларға байланысты; түр-түске қатысты; адамның дене мүшелеріне қатысты; теріңдік өлшемдеріне қатысты; уақытқа байланысты т.б. Фразеологизмдердің мағыналық құрылымын терең зерделеу, уәжділік тұрғысынан қарастырып, оларды құрастырушы сыңарлардың қаншылықты дәрежеде уәжділіктің қатысы бар деген мәселелер арнайы зерттелмеген[5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет