Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет5/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымымен беретін мағынасына ой жіберсек, оларды құрастырушы сөздердің бірде-бірінің лексика-семантикалық мән мағынасына ешбір қатысы болмай, мүлде басқаша мағынаны білдіреді. Құрамындағы сөздердің мағыналық жігін ажыратуға болмайды.
Фразеологиялық бірлік. Мұнда да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыспалы мағынадан қолданудан шығады. Кейде фразеологиялық тұтастық пен бірліктің арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден өздерінің семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгешеленеді.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шыққан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылғанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы сөздердің образды мағынада жұмсалуы олардың теңеу, салыстыру сияқты көркемдік мағынада айтылуына байланысты. Алайда ауыспалы мағынада аталған тұрақты сөз тіркестерінің бәрін бірдей фразеологиялық тізбектерге жатқызуға болмайды.
І. Кеңесбаев фразалық тұлғалардың басты үш белгісіне сүйене отырып, қазақ тілінің құрамындағы фразеологизмдерді үлкен екі топқа: фразеологиялық түйдектер, фразеологиялық тіркестер деп бөледі. Және дәстүрлі термин атауларына сай фразеологиялық түйдекке идиом сипатындағы фразеологизмдерді жатқызады. Ал фразеологиялық тіркестердің өзін екіге бөліп: а)түйдек тіркеске –оған әуел бастағы еркін тіркесті ауыс мағынада ұолданудан туған, әрі о бастағы мағынасы жоғалмаса да көмескіленген деп айтады. ә) түйін тіркеске әуел бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада қолданылатын, бірақ ФТ сыңарларының бастапқы мағынасы көмескіленбей әнтек солғын айтылады деп, мынадай мысалдарды келтіреді. [1.104б].
Зерттеуші-ғалым С.Е. Қалиева лингвист ғалымдар пікірлерін саралай отырып проза тілі фразеологизмдерін төмендегідей стильдік қабаттарға бөлген: 1)жалпыхалықтық тіл фразеологиясы; 2)әдеби (нормаланған) тіл фразеологиясы. Осы екі үлкен топқа бөлінген фразеологизмдердің арасына қатаң шекара қоюға болмайды. Себебі, көркем әдебиет тілінде кейіпкер бейнесін ашуда екі топтағы фразеологизмдер де тең қолданылады[2.9б]. Фразеология лексикологияның аясында қарастырылып, оқытылып келе жатқандықтан, көп жағдайда бұл пәннің фразеологиялық бірлік деген терминінің аты аты өз затына сай түсіндірілмей келеді. Бұл ретте лексикалық бірлік қандай тілдік теориялық зерттеуге лайық және қажет болса, фразеологиялық бірлік те сондай ғылыми зерттеуге лайық және тұлғалық, мағыналық ерекшеліктеріне қарай тың тұжырымдарға сұранып тұрады.
Әрбір ұлттың және халықтың өзіне тән болмыс-бітімі, салт- дәстүрі, материалдық және рухани мұралары, ұлттық ерекшелігі- сол халықтың тариха даму жолының көрінісі. В.Н.Телия кез-келген тілдер жүйесіндегі фразеологизмдер мәдени белгілердің экспоненттері ретінде қабілетті екендігін, фразеологизмдердің ұлттық-мәдени дүниетанымға синхронды түрде еніп қана қоймай, оның фрагменттерін ұрпақтан ұрпаққа табыстаушы ретінде жеке тілдік тұлғаның, сондай-ақ тілдік ұжымның дүниетанымын қалыптастыруға қатысатынын айтады.
Академик Ә.Т. Қайдар лексикалық немесе фразеологиялық бірліктердің ішкі формасы, яғни «екінші деңгейдегі» мағыналарын этнолингвистикалық мағыналар деп атаған.
Қазақ тілінің лексикология саласының мамандары Ә. Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы фразеологияның шығу арналарын бөліп қарап, олардың негізгелері деп төмендегі құбылыс, ұғым , түсініктерді атап көрсетеді. «Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі болған. Мысалы, Жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты ) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанмен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, қайта жасалынып,адамға байланысты айтылады. Сол сияқты т.б. фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қорытылған. Құбылыстардың нақтылы себеп болғандығын танып білуге болады» [3. 208-212б].
Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты бар:
Бірінші бағыт- қазақ фразеоло+гизмдердің таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттей. Бұл бағыт І.Кеңеспаев еңбектеріннен бастау алады.
Екінші бағыт- қазақ фразеологиясында қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін болмыс, бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдердің салғастыра зерттеу ісі. Бұл бағыт- Ғ. Сағидолланың еңбегінен басталады.
Үшінші бағыт- фразеологизмдерді зерттеудегі үстем бағыт болып саналады. Яғни фзазеологизмдердің когнитивтік, этнолиннгвистикалық, лингвомәдениет танымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыттағы еңбектер қатарына академик Ә.Қайдардың, профессор Ж.Манкееваның. Ф.Оразбаеваның жетекшелігімен жазылып, соңғы жылдары қорғалған кандидаттық диссертацияларды атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет