Бес саусақтай білді. Жатқа білді,жетік білді. [ҚТФС;113-б].
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ қана ел болып, ірге көтеріп кете аламыз.(78-бет)
Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Бірлікті,ұйымдасты,ауыз бірлік жасады. [ҚТФС;134-б].
Екі езулері екі құлақтарына жетіп,мәз-мәйрам.(13-бет) Екі езуі екі құлағында.Өте көңілді,өте қуанышты,мәз-мейрам.
[ҚТФС;157-б]
Түр-түстік және сындық 1) Орыстың қабағы жылып,көсегімізді көгертеді деп қашанғы отырамыз.
(7-бет)
Көсегі көгерді.Өркендеп өсті,бағы ашылды. [ҚТФС;285-б].
Күллі жоңғар ақ түйенің қарыны жарылғандай қатты қуаныпты. (75бет)
Ақ түйенің қарны жарылды.Қарық болып қалды;ит басына іркіт төгілді.(ішкені алдында,ішпегені артында болып,молшылыққа батты.) [ҚТФС;27-б].
Енді,міне,соны істеген Ақназарды әліге дейін ауыздарынан тастамайтын жұрт оның істегенін істеген бұны күніне сыртынан қара есекке теріс мінгізеді.(35-бет)
Қара есекке теріс мінгізді.Өсекке танды,атына кір келтірді. [ҚТФС;322-б].
Көзге түсер,келім-кетімі көп болар оңтайлы орындарға кызыл кеңірдек боп таласатын.(61-бет)
Қызыл кеңірдектесті. Таласып,дауласты,керілдесті,жанжалдасып керісті. [ҚТФС;371-б].
Жан-жағынан тап-тап берген сұғанақ жау көбейсе,тайсалмас батырдың да қаны қарайып,көзіне қан толып,ызасына мінбей ме?(43-бет)
Қаны қарайды.Ашу-ызаға булықты,түңіле ыза болды. [ҚТФС;318-б].
Іленің ұшар басына қанатын қомдап қонжия қонған жоңғар күшігені Сыбан Раптанның ащы шаңқылы қазақтың талай қара шаңырағын қаралай қақыратып,талай бастың құлақ шекесін қаралай шымырлата бастады.(158бет)
Достарыңызбен бөлісу: |