Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология


Қолды болды.Із-түзсіз жоғалды;ұрланды. [ҚТФС;343-б]. 14) Өзгелер өзінен дәметпесе,бұған қол ұшын берер



бет15/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Қолды болды.Із-түзсіз жоғалды;ұрланды. [ҚТФС;343-б]. 14) Өзгелер өзінен дәметпесе,бұған қол ұшын берер қайрандары шамалы.
(48-бет)
Қол ұшын берді.Қолғабыс етті,көмек көрсетті,жәрдемдесті.[ҚТФС;346-б].
15) Көз ұшында құлтылдап бара жақан шұбар аттың жеткізетін түрі жоқ.(53-бет)
Көз ұшында.Алыста,жырақта,көз жетер-жетпес жерде. [ҚТФС;259-б]. 16) Қытай базары өздеріне ұқсап отырықшы дәпке бүйректері бұрып тұратын күнгей мен шығыс маңғұлдарын көргенде көптен күткен ағайындары келгендей екі етек боп елпек қағып, батыс маңғұлдарын көздері шалса болды, анадайдан-ақ тұмсықтарын көкке көтеріп кекірейіп шыға кедетін көрінеді.(73-бет)
Бүйрегі бұрды.Жаны ашыды;жақын тартты;болысты;іш тартты.[ҚТФС;130-б].

  1. Кез келген ойын баласы білетін осы ақиқатты қазақтың ауызымен орақ орған ақылғөйлерінің қайтып білмейтініне қайран қалады.(108-бет)

Аузымен орақ орды.Күпсіп мақтанды,тілімен бар жұмысты бітіріп тастайды,қолынан ештеңе келмейді,шаруаға қыры,икемі жоқ лепірме. [ҚТФС;65-б].

  1. Басқалары бұрын ел арқасына тақымы ілікпеген қоқым төсеніп, қоға жастаған, көкіректеріне нан пісе қоймаған томеншік әулеттерден.(104-бет) Көкірегіне нан пісті.Кеудесін керді,мақтанды. [ҚТФС;271-б].

  2. Сонда қазақтар жұмған аузын ашпай тым-тырыс жүретін осы бір бала жігіттің мынандай жүрек жұтқан ерлігіне жағаларын ұстаған-ды.(101-бет)

Жұмған аузын ашпады.Үнедемеді,сөйлемеді,ләм-лим демеді.[ҚТФС;210б].
Жүрек жұтқан.Ешнәрседен қорықпайтын батыл. [ҚТФС;217-б].

  1. Сол маңқа немелердің жұлынын үзіп, жотасын опырар күн туса, қыл жалаулы маңғұлдың жұлдызы тағы да зырқырап көктен бірақ шықты дей бер! (85-бет)

Жұлыны үзілді.1.Өлді,дүниеден өтті.2.Тірегі құлады,таянышы жоқ болды. [ҚТФС;210-б].

  1. Мына хабар Әбілқайырдың қабырғасына қатты батты.(122-бет) Қабырғасына батты. Жанына батты;қатты қыйналды;ойысты.

[ҚТФС;302-б].

  1. Көзге түсер,келім-кетімі көп болар оңтайлы орындарға кызыл кеңірдек боп таласатын.(61-бет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет