Ғалым Кәріпжанова Айнұр Оралқызының 2010 жылы жазылған «Фразеологиялық коннотация прагмастилистикасы» атты кандидатық диссертацияның авторефератында «Фразеологизмдердің негізгі және орныққан, жүйеге енген қасиеттері –бейнелілік болуы немесе стилистикалық коннотация құрауы прагмастилистикалық мақсатқа сай үйлеутіруінде. Фразеологиялық тіркестер автордың ойын мәнерлі түрде жеткізу үшін жұмсалатын әсерлі, бейнелі сөздер жиынтығы. Фразеологизмдердің шығарма тілінде өзгеріске ұшырауы автордың өзіне тән стилі әрі көркем тілдің аясының емін-еркін екендігін көрсетеді.фразеологизмдер көркем әдебиетте эмоционалды- экспрессивті әрі прагматикалық қызмет атқарады. Профессор Г.Қосымова: «Поэтикалық тіркестерде адамның түр-тұрпатын, ішкі дүниесін, затты, құбылысты ерекше түрлендіріп, жұтындырып, құлпыртып бейнелейтін бөлекше қуат-нәр болады», -дей отырып, поэтикалық фразеологизмдер эпитеттерден, метафоралық тіркестерден, теңеулерден жасалатынын айтады және мұндай фразеологизмдер көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беру, эмоциялық уыттылық таныту үшін алынатыны, олардың әрқайсысының астраныда жасырын қосымша мағына және прагматикалық бағдар жататынын тұжырымдайды» деп жазады [7.13-21б].
Ғалым Қалыбаева Қаламқас Сейдуллақызының 2010
«Салыстырмалы түркі фразеологиясы» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Жалпы тілдегі фразеологизмдерді мағыналық тақырыптық жағынан топтастыруда қатып қалған белгілі жүйе жоқ. Олай болуы заңды да. Бұл арада біз зерттеуші Г.Смағұлованың «Фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, ол тек өз өрісінде өз жағдайында құбылыстар мен заттар, адамның көңіл күйін эмоционалдық экспрессивтік бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен шектеледі»деген пікіріне қосыламыз»-деп жазады.[8.17-19б]
Ғалым Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызының 2010 «Қазақ тіліндегі араб, парсылық кірме фразеологизмдер» атты докторлық диссертацияның авторефератында «Қазақ тіл білімінде араб, парсы тілдерінен енген кірме фразеологизмдерге арналған арнайы зерттеулер болмағанымен, кірме бірліктерді лексикалық деңгейде қарастыру түркологтер мен қазақ тілі мамандарының үнемі назарында болды. І.Кеңесбаев калька тәсілмен жасалған фразеологизмдердің зерттелмегенін айта келіп, фразеологизмді әрі синхронды, әрі диахронды тұрғыдан қарстыру міндетін қойған болатын. Сонымен бірге ғалым бірқатар фразалардағы араб, парсы сөздерін түсіндіру арқылы, рухани, мәдени байланыс нәтижесінде тілге енген кірем сөздерді, мағынасы ескіре бастаған фразалардың сыңарларын таратып талдап берудің тіл мәденитеі үшін аса қажет екенін ескерткен еді.
Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясына қатысты
Қ.Жұбанов, Ғ.Мұсабаев, Ә.Қайдар, Б.Әбілқасымов, Н.Уәлиұлы, Х.Нұрмұқанов, Ә.Нұрмағамбетов, Е.Жанпейісов, Л.Рүстемов, Н.Оңдасынов, Б.Сағындықұлы, Ш.Мәжітова, С.Сәтенова, Б.Нұрдәулетова және т.б ғалымдардың еңбектерінде араб, парсылық кірмелер сөз болып, қарастырылады»-деп жазады.[9.12-17б]
Достарыңызбен бөлісу: |