«Фразеологизмдердің кейіпкер бейнесін берудегі тілдік-бейнелілік қызметі» атты тараушада қаламгердің қуатты сөз өрнегін кейіпкер бейнесін ашуда қалай қолданылатыны туралы айтылады. Тіліміздегі фразеологизмдер бояуының ерекшелігімен, ұлттық колоритімен кейіпкер бейнесін жан-жақты көрсетуге зор мүмкіндік береді. Бұл орайда фразеологизмдерді шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады.1) фразеологиздердің кейіпкерге мінездеме беруде қолданылуы; 2) фразеологизмдердің кейіпкердің ішкі психологиялық жағдайын беруде қолданылуы; 3) фразеологизмдердің кейіпкер портретін беруде қолданылуы; 4) фразеологизмдердің кейіпкердің нақтылы қимыләрекетін беруде қолданылуы.Фразеологизмдердің адас психологиясын білдіретін түрлері көбіне соматикалық атауларға байланысты болады.
Мысалы, Бірақ жүрек құрғыр атша тулап, дауаламаған. Көркем проза фразеологизмдері әсіресе, экспрессивті мәнде кейіпкерге мінездеме беруде, кейіпкердің ішкі жан дүниесін көрсетуде, кейіпкердің портретін беруде және тағы да басқа стильдік реңктерді таныту кезінде ерекше стильдік сапада қолданылып жазушы шеберлігі мен қарым-қабілетін көрсетеді.
Ержанова Зохре «Қазақ қолөнеріне байланысты
фразеологизмдердің этномәдени аспектісі» 2010 атты авторефератының «Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологиздердің этномәдени негіздері» деп аталатын бірінші тарауында қазақ тіліндегі фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологиздерге ұйытқы болған таулардың бірнеше ғалымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологиздердің қалыптасу арналары сөз болады.
«Тас өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологизмдер» атты тарушада тас өңдеу өнерінің тарихы мен тастан жасалған тұрмыстық, шаруашылық бұйымдары, сәулет-құрылыс нысандары мен олардың атаулары қарастырылады. XX ғасырдың екінші жартысында тас өңдеуге байланысты этномәдени деректер Т.К.Басенов, Ш. Уразбаев, Э. Масенов т.б еңбектерінде кездеседі.
«Ағаш өңдеу өнерімен байланысты қалыптасқан кәсіби фразеологимздер» атты тараушада ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлердің өндіретін бұйымдарына қарай үйші, ерші, арбашы, ұста тәрізді мамандықтарға бөлінетіні, бұлардың әрқайсысы жеке-жеке өнер түріне айналғандығы, күнделікті тұрмыста ағаштан жасалған бұйымдардың өте көп болғандығы этнографиялық деректер негізінде баяндалып , киіз үйдің құрамдас бөліктерімен байланысты қалыптасқан фразеологизмдерге сипаттама беріледі. Киіз үй мен оның құрамдас бөліктеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмдерді былайша жіктеп бөлуге болады.
Үйге қатысты фразеологизмдер: қалайылаған қасты орданың сырығы.-аса қадірлі, қымбатты, ел-жұрты бағалан азамат. Бұл фразеологизм білдіретін мағынасы жағынан алтын ердің қасы еді фразасына жақын.
Киіз үйдің құрамдас бөліктеріне қатысты фразеологизмдер: киіз үйдің төбесін күмбез тәрізді етіп көрсететін, уықтардың басын біріктіріп ұстап тұратын шеңбер-шаңырық атауының қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер:қара шаңырақ, (үлкен үй, ата-ананың отырған үйі, ұшқан ұя) шаңырағын биік болсын (үй тіккенде, үйленгенде айтылатын тілек), шаңыраққа қара (өз үйің емес) т.б
Киіз үй есігінің екі жақтауы- босаға атауының қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер: босағаң берік болсын (отбасың аман болсын деген мағынадағы тілек), босаға сығалады (әркімнің есігінде жүрді), босағасын солқылдатты (қиратып кете жаздады, күш көрсетті), оң босағада отырған қыз (тұрмысқа шықпаған, ата-анасының үйінде жүрген қыз) т.б [6.20б]
Достарыңызбен бөлісу: |