Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет4/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1.1. Жазушы шығармаларындағы фразелогизмдердің қолданылуы
Тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым ерекше түрі қалыптасқан. Бұларды тіл білімінің фразеология саласы зерттейді. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағына тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінң саласы.дегенді, екіншісі – бір тілдегі фразеологизм тіл байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. [1.99б].
Фразеологизмдер сөйлеу және жазба тілде бағалауыштық қызметімен ерекшеленіп, өзіндік бейнелі, эмоционалды-экспрессивті жағынан айтушы мен тыңдаушы арасында жай хабарласу, ойды көркем жеткізу ғана құралы емес, түрлі сезімдік жақтарына әсер ету мүмкіндігіне ие болатын бірліктер ретінде танылады.
Фразеологизмдердің мұндай ерекше қасиетіне қазақ тіл білімінде І.Кеңесбаев назар аударған. Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі- бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Ғалым І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегі тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері туралы» атты бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологимдердің теориялық мәселелерін жанжақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан.
Фразеологизмдер өз алдына дербес лингвистика саласыы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар:

  1. Даяр қалпында жұмсалуы белгісі,

  2. Мағына тұтастығы

  3. Тіркес тиянақтылығы

Осы үш белгіні еркін түсіну үшін әрқайсысын жеке-жеке алып қарайық. Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады. Мәселен, Дәурен қалаға жүрейін деп отыр деген бір сөйлемді әркім неше саққа жүгіртіп өзгерте беруіне болады. Мысалы: Дәурен қалаға жүрмекші, Дәурен қалаға барам ба деген ойда т.б. Бұл сияқты еркін сөз тіркестері қатынас жасау процесінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі –мағына тұтастығы Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз өздігінен өмір сүреді.
Фразеолгизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бірбірімен әрдайым мағына тұтастығы бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі.
Қазақ тіліндегі фразеологимдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет