Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет3/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты – заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың сөзжасам шығармашылығын «тілдік тұлға» теориясы аясында сипаттау. Қаламгер тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін, авторлық қолданыстардың лингвомәдени табиғатын анықтау болып табылады.
Зерттеу мақсатына мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:

  • Ә.Кекілбаев тілдік тұлғасын зерттеудің тіл біліміндегі жаңа бағыттармен сабақтастығын ашып көрсету;

  • қазіргі лингвистика ғылымындағы тілдік тұлға мәселесін сипаттау;

  • авторлық қолданыстар – лингвотанымдық құбылыс екендігін дәйектеу;

  • авторлық көріктеу құралдарының түрлерін айқындау, олардың қолданыстық ерекшеліктерін анықтау;

  • авторлық қолданыстардың лингвотанымдық сипатын ашып көрсету;

  • окказионал бірліктердің лингвомәдени көрінісін айқындау. Жұмыстың нысаны. Ә.Кекілбаев шығармаларының тілі.

Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмыстың ғылыми негізі ретінде шетел ғалымдары В.Гумбольдт, Ю.Н.Караулов, еңбектерімен бірге, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұмалиев, М.Балақаев, Е.Жанпейісов, Ш.Сарыбаев, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, М.Серғалиев, Н.Уәли, Ж.Манкеева, А.Алдашева, Қ.Қадырқұлов, Х.М.Нұрмұқанов, Г.Ә.Мұратова, Б.Нұрдәулетова, Ш.Елемесова, Л.Ә.Еспекова, Ш.Ниятова, Ф.Қожахметова,
Г.Имашева, Ж.Ермекова және т.б. зерттеушілердің еңбектері басшылыққа алынды.
Жұмыстың нәтижесі:

  • Ә.Кекілбаев тілдік тұлғасы алғаш рет зерттеу нысанына алынып, талдауға түсті;

  • жазушы тілдік тұлғасын анықтауда автор танымынан туындаған окказионалдық қолданыстарға лигвокогнитивтік, лингвомәдени, лингвостилистикалық сараптау жүргізілді;

  • көркем мәтінде пайда болған жеке авторлық қолданыстар жүйеленді;

  • авторлық қолданыстар тілдік нормаға қайшы келген бірліктер болғанымен, стилистикалық нормада өзіндік бояу тауып, жазушылық шеберлікпен ұтымды қолданылғандығы дәлелденіп пайымдалды;

  • авторлық ерекшеліктер лингвотанымдық деңгейде талданып берілді, сөз өнеріндегі қаламгердің жеке тұлғасын танытудағы басты құралдар екені анықталды;

  • авторлық қолданыстардың лингвомәдени табиғаты ашып көрсетілді;

  • тілдік тұлғаның поэтикалық ойлау жүйесінің ерекшелігі индивидуалды дүние бейнесін айшықтайтын авторлық көріктеу құралдары мен афоризмдік сөз үлгілерінің қызметі арқылы дәйектелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет