Ғалым Қалиева Самал Ерболқызының 2007 «Көркем прозадағы фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктері» атты авторефератында фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктеріне тоқталады. Жұмыстың «Көркем проза фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері» деп аталатын бірінші бөлімі көркем проза фразеологизмдерінің көркемдік, бейнелілік қасиеттерін, стильдік ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Фразеологиялық оралымдардың жазушы тілінде стильдік және құрылымдық жағынан өзгеріске түсіп, жаңа эмоционалды-эксперссивті мағынада келуі, олардыің өздерінде бар көркемдік қасиеттерінің үстіне жаңа эстетикалық сипат дарытады[2].
Жазушы тіліндегі көріктеу құралдарының бірі-дамыту десек, мына бір сөйлемде: Мұндай ащы әзілге демежан да шиыршық атып, сұңқар көрген сұңқардай іліп түсуге дайын отыр еді. Жазушы кейіпкер мінезінің даралығын шиыршық ату фразеологизмінен кейін сұңқар көрген сұңқардай теңеулі фразеологизмін беру арқылы дамыта көрсетсе, іліп түсуге дайын тіркесі шиыршық атып, сұңқар көрген сұңқардай қомданған кейіпкер қимылының көз ілеспес жылдамдықпен орындалатынын дәлдәкпен көрсете білген.
«Көркем прозадағы фразеологизмдердің эмоционалды-
экспрессивті сипаты» аталатын тараушада фразеологизмдердің тілде екі түрлі қызмет атқаратынын қарастырады.Біріншісі, номинативті қызмет, яғни белгілі бір заттың, құбылыстың атауы болуы, екіншісі, эмоционалдыэкспрессивтілік мағына тудыруы.Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің эмоционалдық-экпрессивтілік қасиеттері туралы және де олардың сөйлеуші мен жазушы шеберлігіне байланысты келетінін кезінде академик: І.Кеңесбаев өз пікірінде білдірген: «Біз сөз етіп отырған фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі ролі, сөйлеу прцесіндегі атқарар қызметі көп жағдайда осы стильге ойысып отырады. Осының нәтижесінде сөз, сөз тіркестері сөйлем өрісі кеңейіп отырады. Сөйлеушінің айтпақ болған ойы айқындалып отырады. Тыңдаушы мен оқырман қауымға жатық та түсінікті болу үшін фразеологизмдерді сөйлеуші не жазушы стиль жағынан әр саққа жүгіртіп, шебер қолдануға тырысады[2].
Достарыңызбен бөлісу: |