Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет27/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

«Қызыл қуырдақ болды» деген жалпы қолданыста жүрген фразеологиялық тіркес бар екені баршаға мәлім. Бірақ бұл тіркестің беретін мағынасы (үлкен дау-жанжалға ұласты, қып-қызыл ұрысқа айналды [21. 10 т., 502 б.] мәнмәтіндегі мағынамен үйлеспейді.
Жазушы ұлттық танымда сол уақыттағы қазақтың тұрмыс-тіршілігін жаттанды сөздермен емес, өзіндік қолданысы арқылы көпшілік қауымға
жеткізуге тырысқан. Ә.Кекілбаевқа тән ұлттық дүниетанымның ерекшеліктері көрініп тұр. Ол – шығыс халқына, соның ішінде, қазақ халқына тән адам мен сыртқы дүние болмысының тұтастығын зерделеген жазушы. Сондықтан оның кейіпкерлері сыртқы дүниені жандандырады, адамдық кейіп береді.
Әрбір тіл өзінің әлеуметтік ортасымен, адамдар арасындағы қарымқатынас құралы ретіндегі рөлімен, әрбір ұлттың рухани-мәдени деректерін танытуымен ерекшеленеді. Тілдің өзінің ұлттық мәдени негіздері болады. Бұл ұлттық мәдени негіздер тілдегі қолданатын барлық бірліктер арқылы байқауымызға болады.
Осы орайда окказионал қолданыстардың атқарар рөлі ерекше. Тілші ғалымдар адам тілді саналы түрде ғана қолданбайды, ол шартты түрде санасында орныққан танымдық қорды ретімен пайдалану арқылы қарымқатынас жасайды, ойын сыртқа шығарады, пікірін айтады, тіпті жаңа затты да сәйкестендіре-салыстыра таниды деп есептейді. Оның негізінде тілдің екі түрлі ерекшелігі жататындығын ескерген ғалымдар тілді әрі қоршаған ортаны тану құралы, әрі ұғымдар мен терминдерді қалыптастыру мүмкіндіктері қатарында қарастырады.
Тіл – халықтың әр кезең, әр дәуірдегі тіршілік айнасы. Халықтың тіл байлығын еркін пайдалану керек. Өйткені сөз төркінінде халықтың кәсібі, тіршілігі, дүниетанымы жатады. Сондықтан халық та, халықпен бірге сөз де өзгеріп отырады. Ол сөздік қорлар көбінде ақын-жазушыларымыздың туындыларынан өрбиді, дамиды. Кез келген қаламгер шығарма тілінің көркемдігін арттыру мақсатында тілдің лексикалық деңгейін өз дүниетанымына, болмысына, көзқарасына орай қолданады.
Дүние, болмыс жөніндегі халықтың пәлсапалық пайымдаулары, ғасырлар бойы жиған өмірлік тәжірибелері, уақыттар мен ғасырлар ағымында қалыптасқан таным-түсінігінің негізгі халықтың тілінде көрініс тауып, сол арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Демек, дүниені тану ой үлесінде, адамзаттың ойлау үлесінде жатқан құбылыс болғанымен оның өмірде ұғым, пікір, ой елегінің жиынтығы ретінде көрініс беруі, сөйтіп сол ұлттың күнделікті тіршілігі мен тұрмысындағы іс-әрекеттерден көрініс табуы пікір алысып, өзара қарым-қатынас жасайтын ұлттық тілімен тікелей байланысты.
Тіл – дүниетаныммен, дүниетаным – тілмен тығыз байланыстағы ұғымдар. Кез келген ұлт өзінің басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысын, дүние-әлемге, адам және оның сол дүниедегі тыныс-тіршілігіне деген көзқарасын қалыптастырады.
Ғалымдар танымында атап көрсетілген авторлық окказионал қолданыстар мәселесі – ұлт тілінің шеңберінде қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі. Жоғарыда жалпы тіл біліміндегі қағидаларға сүйене отырып тұжырым жасасақ, әр ұлт тілі сол ұлттың өкілдеріне тән ойлау жүйесін бере алады. Әр ұлттың ойлау дәрежесі мен ұлттық ерекшеліктері сол ұлттың тілінде өзіндік тарихы, мәдени, қоғамдық, әлеуметтік т.б. даму, қалыптасу, деңгейінде беріле алады. Ойымызды дәлелдей түссек, «Белгілі бір ұлттық қауымдастықтың әлеуметтік-мәдени салты, оны өзге ұлттық салттардан айыратын өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер лексикада бейнеленеді, онда рухани және материалдық мәдениеттің ұлттық формалары, түрлері, көріністері туралы хабар беретін фондық ақпаратты құрайды»
[23.41б].
Жазушы шеберлігін ұлттық негізде жасалған авторлық қолданыстарынан көруімізге болады. Жеке қаламынан туған тілдік бірліктердің барлығы жеке адамның танымымен тығыз байланысты. Бұл окказионалдық құбылыс этномәдени мәнмәтінде іске асырылады. Мысалы: Дариға, осы күндер өтеді ме, Асықпан ақыреттің төсегіне.
Не жетсін қайран күнге балтырды аңдып,
Іліккен елдің күңкіл өсегіне (Дүние ғапыл, 21 б.).
Мұндағы ақыреттің төсегі жазушының сезімдік әсерімен жасалған өзіндік авторлық қолданысы. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» ақырет сөзіне мынадай анықтама берген: 1. Өлікті орайтын ақ мата, кебін. 2. Ақирет. Ақирет ұғымы – ислам дүниетанымындағы басты ұғымдардың бірі. 4. ауыс.
Өлім, ажал, апат. 5. ауыс. Ақырзаман, азап өмір. 6. Азап, қиыншылық [21, 1 т., 304 б.].
Бұл өлең жолдарында ақырет концептісін жазушы ақырзаман, азап өмір ауыс мағынасында қолданылуымен қатар ислам дүниетанымындағы ұғым-түсінікті байланыстырып отыр. Ә.Кекілбаев қазақтың танымындағы тағдыр түсінігін өз өмірінің елегінен өткізіп, оған терең мән-мағына жүктейді. Ақырет концептісі тілімізде көбінесе діни негізде түсіндіріледі. Адам дүниеге келгеннен кейін қуанышты да, қайғыны да көреді. Мұндай әрекеттің барлығы мұсылман халқында Алланың қолында деп түсінеміз. Мұсылман сенімінің де, эстетикасының да басты субъектісі Алла болғандықтан ақын-жазушыларымыз Алланың бар екендігін, оның ақиқат екенін дәледеуге талпынады. Автор оның барлығын мәнмәтінде өзінің танымдық негізімен діни ұғымдарды Алланың астарында ақылмен әр алуан тілдік бірліктер арқылы беріп отырады. Жазушы өзара үйлеспейтін сөздерді матаса байланыстыра білген. Ақыреттің төсегі окказионализмі арқылы тек қазақтың этномәдениетіне ғана тән құбылысты байқаймыз. Қазақ салтында өлікті ақ матаға орап жерлейді. Жазушы осы мағлұматты төсек сөзі арқылы жеткізген, жаңашылдық дәрежесімен айрықша көрініс тапқан.
Демек, сөз жаңашылдығы өзінің көрініс дәрежесі бойынша ерекшеленеді. Ол бірнеше факторларға байланысты болып келеді:

  • сөздің қалыпты түр ерекшелігі (морфема ерекшелігі);

  • мағыналық уәжделуі;

  • жаңа сөздің экспрессиялық күштілігі.

Осы жоғарыда аталып өткен белгілер арқылы сөздің, тың тіркестің жаңашылдық дәрежесі туралы айтуға болады.
Жоғарыда келтірген мысалдардан авторлық ерекшеліктер көп жағдайда жеке жазушылық әлем бейнесінде бар танымды жеткізетінін, жазушының жеке стилін, өзіндік қолтаңбасын танытатын тілдік бірліктер екенін байқадық.
Авторлық қолданыстарды, бүкіл мәтін ерекшеліктерін, жаңашылдығын, құрылымдық түрін жазушының санасымен, жазушы санасының субъективтік қабылдауымен байланысты қарастыру керек деп пайымдаймыз.
Әлі де терең барлау жасап, жазушы әлеміне тиянақты зерттеулер жүргізу аса қажет-ақ. Ә.Кекілбаев тілдік тұлғасының когнитивтік, прагматикалық деңгейін ол ұсынған көркем мәтіндерге концептуалдық талдау жасау негізінде зерттеу алдағы ізденістердің үлесінде болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет