Дипломдық ЖҰмыс әбіш Кекілбаев шығармаларының тілдік және көркемдік ерекшеліктері Мамандығы: 5В020500 Филология



бет30/48
Дата05.07.2022
өлшемі124,54 Kb.
#147298
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
2022 Распечаткаға дайын диплом

Психолингвистикалық. Тілді зерттеудің психолингвистикалық аспектісіне алғаш назар аударғандардың бірі И.А.Бодуэн де Куртенэ. Оның пікірінше, тілдік тұлға ұжымның әлеуметтік-тілдік формасы мен нормасын, әлеуметтік топтың тілдік дүниетанымын бейнелеп көрсетеді.

  • Лингводидактикалық. Қазіргі лингводидактика тілдік тұлғаны тілдік қабілеттерді қосып алушы көпкомпоненті күрделі жүйе ретінде көрсетеді.

  • Философиялық. Бұл жол кең ұғымда академик В.Виноградовтың еңбектерінде көркем әдебиет тілін зерттеуден тұрады [24. 17б].

    Бұл келтірілген деректерден тілдік тұлғаны анықтау жолдарының ішінде тілдегі тілдік тұлға көрінісіне байланысты Ю.И.Карауловтың бағыты нанымды, дәйекті болып табылады. Дәстүрлі тілдік мәселесі қашанда алдыңғы орыннан көрінеді, өйткені әр ұлттық мәдениеттің өкілі дәстүрлі тіл таным өзегінен көрінеді. Сондықтан адамның жалпы интеллектуалдық деңгейі тілдік тұлғаның қалыптасу баспалдақтарының іргетасы болады. Әсіресе, тілдік тұлғаның парасаты, өзіндік білім көкжиегін анықтауда когнитивтік сипат жетекшілік қызметке ие болады. Тілдік тұлғаның таным көкжиегі, әлемдік көзқарасы дәстүрлі тілдік талдауларда анық байқала бермейді. Тілдік тұлғаның саяси, қоғамдық, психологиялық және т.б. ерекшеліктері оның тұлғалық мінезінің құрылымын түзеді.
    Шығарма авторын тілдік тұлға ретінде тану үшін, біздің пайымдауымызда, оған қойылатын бірнеше критерийлері болуы тиіс.
    Біздің ойымызша, тұлға – интеллектуалды ерекше жаратылыс иесі. Кезкелген адам мен болмыс тұлғаның деңгейін («тұлғаны» «жеке адам» ұғымымен шатастырмау керек) бере алмайды. Кез-келген шығармашылық адамы жеке-дара тұлға бола алмайтыны белгілі. Тұлғаға, ең алдымен, даралық қасиет тән. Яғни ол жалпылама ортақ болмыстан ерекшеленіп бөлініп шыққан өзіндік бітім-болмысымен айқындалуы қажет.
    Екіншіден, тұлға адамзатқа тән құндылықтарды тап басып тани білуі, сезініп қабылдай алуы тиіс. Және сол құндылықтар үддесінен өзі де көрініс беруі керек.
    Үшіншіден, тұлға тудырған интеллектуальды таным нәтижесі белгілі бір мәдениет түрінде (сөз өнері, сурет, мүсін, музыка т.б.) танылуы қажет.
    Өзінің шығармашылық тұлғасымен де, адамдық болмысымен де, елден ерек тұлға-тұрпатымен де дараланған Әбіш Кекілбайұлының тілдік әлеуеті, қазақтың сөз қазынасындағы әрбір дүниені орнымен қиыстыра білудегі ешкімді қайталамайтын, ешкімге қайталата алмайтын қас шеберлігі тіл өнеріндегі бөлекше әлем деуге татиды.
    Әбіш Кекілбайұлының шынайы тұлғалық келбеті оның барлық қырын (жазушы, көсемсөзші, драматург, тарихшы, мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер) зерделеу арқылы аңғарылады.
    Әрбір тілдік тұлға өзінің алдындағы тұлғалар қалдырып кеткен барлық тілдік байлықты меңгеруімен, соны иелене алуымен қалыптасады. Әр тілдік тұлғаның тілі көп дәрежеде жалпыға ортақ тілден, біршама деңгейде өзіндік жеке тілдік ерекшеліктен тұрады.
    Өйткені ұлттық мәдениетті меңгеру мен әлеуметтік психологияның қалыптасуы тіл көмегі арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан тілдік тұлғаның болмысын зерделеу кешенді талдау негізінде тарихи-мәдени қайнар көздерді, мәтіннің этноұлттық ерекшеліктері мен әлеуметтік http://hghltd.yandex.net/yandbtm?fmode=envelope&url=http%3A%2F%2Fwww.tilbilimi.kz%2Fgulnar1. doc&lr=190&text=%D0%9F%D0%A0%D0%90%D0%93%D0%9C%D0%90%D0%A1%D0%A2%D0%98%D0% 9B%D0%98%D0%A1%D0%A2%D0%98%D0%9A%D0%90%D0%9B%D0%AB%D2%9A%20%D0%A1%D0%98
    %D0%9F%D0%90%D0%A2&l10n=ru&mime=doc&sign=00d058b1259833909c7ee6e2f1535113&keyno=0
    -
    YANDEX_7сипатынhttp://hghltd.yandex.net/yandbtm?fmode=envelope&url=http%3A%2F%2Fwww.t ilbilimi.kz%2Fgulnar1.doc&lr=190&text=%D0%9F%D0%A0%D0%90%D0%93%D0%9C%D0%90%D0%A1% D0%A2%D0%98%D0%9B%D0%98%D0%A1%D0%A2%D0%98%D0%9A%D0%90%D0%9B%D0%AB%D2%9
    A%20%D0%A1%D0%98%D0%9F%D0%90%D0%A2&l10n=ru&mime=doc&sign=00d058b1259833909c7ee 6e2f1535113&keyno=0 - YANDEX_9, халықтың философиялық дүниетанымы мен психологиялық мінездемесін айқындау арқылы іске асуы және адамның тілдік болмысын түсінуге, зерделеуге жетелейтін лингвистикалық категория ретіндегі тілдік тұлға құбылысы қазіргі білім парадигмасының мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы маңызды ғылыми ұғымға айналуда.
    Олар белгілі бір этнотілдік мәдениеттің эталоны мен нормасына сәйкес келетін белсенді сөйлеу әрекеті нәтижесінде және халықтың әлеуметтік психологиясы заңдылығын меңгеру нәтижесінде бүкіл қоғамның мәдени тарихи білімін танытушы бола алады. Әрбір тілдік тұлға – қоғамдық ортаның да тұлғасы. Оның әлеуметтік мәртебесі тілдік табиғаты арқылы ашылады. Біз Ә.Кекілбаевтың тілдік тұлғасын осы дәрежеде қабылдаймыз. Осымен байланысты көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев тілін қазіргі жаңа ғылым саласы – тілдік тұлға теориясымен бірлікте алып қарастыру – күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі деп түсінеміз.
    Антропоөзектік тіл білімінің дамуына өзіндік үлес қосқан Ю.Карауловтың: «Тілдің шекарасынан аспай, ауқымынан алыстамай тұрып, тілді жасаушы мен тұтынушыға, яғни нақты тілдік тұлға – адамға назар аудармай тұрып, тіл құдіретін түсіну мүмкін емес... адамның әуелі тілін түсініп алмай немесе адамды тілінен танымай тұрып, өзін жете тани алмайсың» деген пікірімен келіспеуге болмайды [12. 7б].
    Тілдік тұлға мәселесін анықтауда өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта отырып, тілді тұтынушы ретінде, тұтастай алғанда тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес қосқанын айқындау мәселесі – Тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды Тілдік тұлға болмысын ашатын басты ұстаным болуға тиіс. Соған орай төмендегі сауалдардың тууы заңды. Әр деңгейде тілдік тұлға мәртебесі қалай көрінеді? Тілдік тұлға ұлт ақыл-ойының көрінісін қалайша танытады? Тіл мен ойлаудың нәтижесіндегі әлемнің тілдік бейнесінен түсер сәуле-суреттерден нені байқаймыз?
    Сөйтіп, зерттеушілер тілдік тұлғаның ең басты үш белгісін атап көрсетеді:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет