Дипломдық ЖҰмыс «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары»


Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары



бет6/7
Дата01.02.2018
өлшемі1,13 Mb.
#37298
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

3.2 Қазақстан Республикасындағы сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды дамыту бағыттары
Қазіргі кездегі Қазақстанның даму үрдісі көрсетіліп отырғанындай, отандық өндеуші өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелік қабілеттілігін арттыруда, яғни ұзақ мерзімде импорт алмастыру саясатын экспортқа бағыттау саясатымен ұштастыру қажет. Өйткені, ұзақ мерзімде тек ішкі нарықта ғана бәсекеге жарамды өнім сыртқы нарық талаптарына тез икемделе алмайды.

Тиісінше, отандақ өндірісті мемлекеттік қолдау қадамдары халық шаруашылығының негізгі салаларының қызметіне тікелей қатысты халық шаруашылығының басқа да салаларымен біртұтас жүйе ретінде жүргізуді міндеттейді. Өйткені, өндірісті шикізатпен, материалдармен, басқа да өндірістік ресурстармен жабдықтаушы ауыл шаруашылығының, сапа талаптарына сәйкестігін бақылайтын стандарттау және сертификаттау жүйесінің, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші машина жасау саласының, қайта дайындау өндірістерінің тиімді ықпалынсыз бұл саланың тұрақты дамуы мүмкін емес. Бұл үрдісті қазіргі экономикада кластерлік даму деп атап жүр. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің соңғы жолдауының бірінде (18 ақпан, 2005 жыл) бұл мәселе жан-жақты сипатталып, бейнеленген болатын. Аталған қағиданы белгілі ғалымдар да өз зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп берді.

Мәселен, американдық ғалым-экономист М.Портер өз еңбегінде «бәсекеге қабілетті салалардың кластері» деген атаумен өзара байланысты бірнеше салалардың жүйесін құрудың тиімділігін сипаттаған:

«Кластерлердің қалыптасуы өндірістердің бір-бірімен байланысын арттыруға, өзара көмекті жетілдіруге алып келеді. Бір саладағы белсенді бәсеке кластердің басқа салаларына да таралады, ғылыми жетістіктерді енгізуге ынталандырады. Ақпараттармен еркін алмасу және жаңалықтардың тез таралуы сияқты ерекшеліктер қалыптасады.

Кластер түрлі кедергілерді шешуге, нарықтағы икемділікті арттыруға, бәсекелестердің шабуылын тойтаруға қажетті тиімді құрал бола алады».

Сондықтан да, өңдеуші өнеркәсіп өндірісін мемлекеттік қолдаудың маңызды тетігі - кластерлік жүйені дамытуға ықпал ететін осы салалардың жұмысын тұрақтандыруға бағытталуы керек. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы ахуалға (майлы дақылдардың егістік көлемі, өнімділігі, ауа райының ықпалы), ондағы түрлі өзгерістерге (жерге меншіктік қатынастар, ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрылымы, жерге қатысты мемлекеттік саясат) тікелей тәуелді тамақ өнеркәсібінің бұл саласын мемлекеттің арнайы саясатынсыз жоғары бәсекеге қабілетті етіп қалыптастыруы қиын.

Сүт өндірісінің экономикалық қауіпсіздігі өнеркәсіптің басқа да салаларының дамуымен тікелей байланысты жүргізіледі. Себебі, станоктарды машина жасау саласы жасаса, шикізатпен ауыл шаруашылығы қамтамасыз етеді, сала үшін мамандарды университеттер дайындайды және тағы басқа. Осы ретте әлемдік тәжірибеге тағы да назар аударамыз.

Әлемдік тәжірибеде экономика салаларын Қосылған Құн Тізбегі (ҚҚТ) ретінде қарауға негізделген, оның талдау және даму стратегиясы жасалып және кең қолданылып жүр. Бұл әдістің мәні - әр саланы ақырғы өнімге біртіндеп құн қосып отыратын өндірістің бір тізбегі ретінде қарастыруда. Құрылымдық жағынан ҚҚТ-нің екі түрін ажыратады: тік және көлденең.

Экономикалық белсенділік ҚҚТ-нің тік құрылымында, әдетте, бір компания шеңберінде жинақталған. Мысалы, бір ғана компания шикізат шығарады, оны өңдейді, қосалқы бөлшектерін шығарады және өнімді жасайды.

Көлденең ҚҚТ-де белсенділік бірнеше шаруашылық субъектілері арасында біркелкі бөлінеді: бір компаниялар өнім дизайнымен айналысады, екінші компаниялар жеке бөлшектерін шығарады, үшінші кәсіпорын өнімді жинақтайды.

Өндірушілер саны басым болған жағдайда тік ҚҚТ, тұтынушылар басым болса, көлденең ҚҚТ қалыптасады. ҚҚТ-не кім ең көп әсер етсе, сол ең көп қосымша құн алады.

Сүт өнеркәсібінде ҚҚТ тұтынушылардың ҚҚТ-нің мысалы ретінде көрінеді. Ол дизайнерлік фирмалардан, көтерме сатушылардан, жеке дүкендерден, өңдеушілерден, мал және өсімдік шаруашылығынан тұрады. Осы тізбекте дизайнерлік фирмалар ерекше маңызға ие, не шығару керектігін анықтап, басқаларына қарағанда артық қосымша құн алады.

Кейбір елдерде тұрғылықты халықтың табысының өсуі, өндірушілерге экологиялық және басқа да талаптардың күшеюі қосымша құндардың орналасуына үлкен әсер етеді. Мысалы, Гонконгтегі еңбек ақының елеулі өскеніне және соған байланысты елдің киім, аяқ киім жасаудағы бәсекелестік артықшылығын жоғалтқанына қарамастан, мемлекет ҚҚТ-нен шығып қалған жоқ. Оның себебі, Гонконг компанияларының АҚШ-қа киім мен аяқ киім жеткізуде квота алатын байланыстары мен жеткілікті тәжірибесі бар екендігінде. Егер АҚШ өкіметі квоталарды алып тастаса, Қытай компаниялары жеткізілімдермен тікелей өздері айналысуы мүмкін.

Мемлекет ҚҚТ-не кіретін барлық элементтерді кешенді қолдауы керек. Мемлекеттің жоспарлау және бағыттау функциясы осындай болады. Осы ретте, салалардың бір-біріне тізбектесіп дамуын кластерлер түрінде көрсеткен американдық экономист М. Портердің еңбектеріне соқпай кетуге болмайды. Ол өз зерттеуінде: "Кластерлер немесе өнеркәсіптік топтар – белгілі бір салада қызмет ететін, бір-бірін толықтыратын, қызмет жалпылығымен ерекшеленетін, географиялық көрші, өзара байланысты компаниялардың және солармен байланысты ұйымдардың тобы", – деп көрсетеді.

Кластерлердің географиялық масштабы бір қаладан елге және көрші мемлекетке таралуы мүмкін. Кластерлер өз күрделілігіне, тереңдігіне байланысты түрлі нысанда болуы мүмкін. Бірақ, көп жағдайда дайын өнім шығаратын компанияларды, сервистік компанияларды, арнайы өндіріс факторларын, машиналарды, қосалқы бөлшектерді шығаратын ұйымдарды, қаржы институттарын қамтиды. Кластерді анықтауды ірі компаниядан бастаған жөн, сосын сол компаниямен тік және көлденең байланысқан тізбекті анықтауға болады. Қорытынды қадамда, сол кластер мүшелеріне жанама әсер ететін мемлекеттік немесе заңдылық құрылымдары табылады. Салада кластердің қалыптасуының ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызы бар, кластер ішкі өсуге бастау береді, саланы іліп алып, барлық тізбекті дағдарыстан тартып шығаруға болады. Кластерлер концепциясы саясаттың көп салаларында экономика қажеттіліктері шеңберінен шығатын ойлаудың ерекше нысанының дамуын қамтамасыз етеді. 5-суретте кластерлер мен экономикалық саясаттың өзара байланысы көрсетілген.

Кластерлер түсінігіне негізделген бағыт ғылым мен технологияны, білім мен профессионалдық дайындауды экспорт пен шетелдік инвестицияларды тартуға арналады.










3-сурет – Кластерлер және экономикалық саясат


Кластерлер, әдетте, дамыған экономика жағдайында анығырақ көрінеді. Дамушы экономикада өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбісі жергілікті базада немесе жергілікті нарыққа қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың еншілесі түрінде болады. Экспорттық салалар ресурстық және еңбек шығындарын артық пайдалануға бет бұрады. Дамушы экономикадағы кластерлер асығыс жүргізіледі де, шетелдік өндірушілерден келетін сервис пен технологияға, қосалқы бөлшектерге арқа сүйейді.

Кластерлерді ромб қырлары бейнесінде елестетуге болады, сондықтан оның барлық қырлары да тең деп түсіну керек. Кластерлер бәсекелік күреске үш тәсілмен әсер етеді:

Біріншіден, кластерге кіретін фирмалар мен салалардың өнімділігін арттыру;

Екіншіден, инновацияға қабілеттілігін арттыру;

Үшіншіден, жаңа бизнесті ынталандыру.

Кластер шекарасы салалық жіктеудің стандартты жүйесіне бағынбайды.

Қазақстанда да кластерлік дамуды қолдап жүрген экономист-ғалымдар, авторлар бар. "Мемлекеттің бір-бірімен байланысты, бір-бірін толықтыратын салаларды реттеуі Қазақстан Республикасында тамақ өнеркәсібінің кластерін қалыптастырады. Кластердің қалыптасуы саланың, экономиканың бәсеке қабілеттілігінің негізі болады", - деп жазады қазақстандық экономист-зерттеуші С. Б. Ахметжанова.

Біз "Қазақстанның 2003-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму Стратегиясындағы" ҚҚТ құрудың және М. Портердің кластерлерді қалыптастырудың теориясындағы бастамалар әр түрлі терминдермен жазылғанымен, түйіні бір деп есептейміз. Екі әдебиет көзінде де, бір ілмек арқылы бүкіл сала тізбегін дамытатын топ құру мағынасы бар. Бұл топқа салааралық ұйымдардың, сервистік компаниялардың, басқа сала кәсіпорындарының кіруі мүмкін.

Егер сүт өндірісінде кластерлік даму қалыптасса, кластердің құрамдас элементтері болып: ауылшаруашылығы, машина және құрал-жабдықтар жасау, химия өнеркәсібі, сапаны бақылау жүйесі, білікті мамандар дайындау және қайта дайындау, сервистік ұйымдар (жарнама, консалтинг агенттіктері), жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Қауымдастығы, дизайнерлік компаниялар, көтерме және жеке сауда желілері табылады.

Жоғарыда айтылған ҚҚТ кластер туралы пікірлерден, сүт өндірісінде дәл қазір ҚҚТ құрудың қажеттігі бар деп есептейміз. Сүт өндірісінде неге ҚҚТ құру керек, неге оны кластер деп атамайды? деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл жерде біз кластерді теориялық негіз ретінде аламыз. Ал «Қазақстанның 2003-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы» өмірге енгізіліп отырған қолданбалы құжат болғандықтан, осы Стратегиядан көп ауытқымай, "Сүт өндірісіндегі ҚҚТ-і ретінде" қалғанын қалаймыз.

Сүт өндірісінің ҚҚТ-не кіруі мүмкін салалар мен ұйымдардың қазіргі жағдайларын қарастырайық.

Дағдарысты басынан өткізген ауылшаруашылық кешенінде соңғы жылдары даму беталысы байқалады. Елдің жиынтық ішкі өнімінде ауылшаруашылық өндірісінің үлесі 8,5 % (2004 жылы 8,1 %, 2005 жылы 8,7 %) шамасында және 2003 жылдан бастап ауылшаруашылығының жиынтық өнімінің өндіріс көлемі 13,6 %-ға артып отырғаны анықталып отыр.

Салада жалпы оң қаржылық көрсеткіштер басым: 2004 жылы таза табыс көлемі 4,3 млрд. теңгені, 2005 жылы 7,8 млрд. теңгені құрады. Осы таза табыс көлемі негізінен өсімдік шаруашылығында болды. Ауыл шаруашылық кешені ашық экономика және ауылшаруашылық пен азық-түлік өнімдерімен сауда жүргізудің әлемдік жүйесі жағдайында экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа кезеңнің алдында тұр деп айтуға болады. Арғы экономикалық өзгерістердің логикасы аграрлық саладаға агробизнестің рационалдық құрылымының қалыптасуымен, агротехнология деңгейінің артуымен, ауылшаруашылық өндірісінің маркетингтік стратегиясына көшуімен, ішкі нарықта импортты алмастырумен, таяу және алыс шетелге экспортты белсенділендірумен байланысты жаңа сапалық өсуге көшуді талап етеді. Үлкен мәселе Қазақстанның БСҰ-на мүшелікке кіруімен байланысты артықшылықтар және шығындардың жалпы балансын бағалауда болып отыр. Басты міндет - халықаралық сауда құқығына зиян келтірмей, елдің аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіп кешенінің дамуы нарыққа бағытталған заңдылықтарға сәйкес басыңқы болып, экономикалық көрсеткіштер: өндіріс тиімділігі, отандық азық-түлік өнімдерінің бәсеке қабілеттілігі, олардың халықаралық талаптарға сай болуы басыңқы болып табылады.

"2003-2005 жылдарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік агроазықтық бағдарламасының" мақсаты Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін ауылшаруашылық кешенінің тиімді жүйесін және бәсеке қабілетті өнім өндірісін қалыптастыру негізінде қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылады:


  • Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Агробизнестің тиімді жүйесін құру;

  • Ішкі және сыртқы нарықта ауылшаруашылық өнімінің, өңдеу өнімдерінің сатылу көлемін арттыру;

  • Ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдау шараларын рационализациялау.

Осы Бағдарламада өңдеу салаларының дамуын қарастыратын сұрақтарды біз көре алмадық. Бағдарламаның негізгі құрастырушысы Ауылшаруашылық Министрлігі ауылшаруашылық шикізатын өңдеу сұрақтарымен айналыспайтын болғандықтан, назардан тыс қалды деп есептейміз. Біз ұсынып отырған тоқыма және тігін өнеркәсібінің ҚҚТ-де ауылшаруашылық шикізатын өңдеу қарастырылатын болады (мақтаны, зығырды өңдеу).

Сонымен қатар, Бағдарламада сүт өндірісі үшін станоктар, құрал-жабдықтар шығару туралы сөз қозғалмаған. Қазақстан Республикасында сүт өндірісі үшін құрал-жабдықтар шығаратын бірде-бір машина жасау кәсіпорнының жоқ екенін ескерсек, сүт өндірісінің материалдық базасын жаңалау үшін станоктарды, негізгі капиталды, қосалқы бөлшектерді шетелден ала бермек пе? Сондықтан, біз машина жасау саласының сүт өндірісінде стратегиялық тұтынушы ретінде қарап, осы сала кәсіпорындары үшін де өнімдер шығару қажеттігін анықтаймыз. ҚҚТ-не кіретін сала ретінде машина жасау саласында, тоқыма, сүт өндірісі үшін даму бағыттары келесідей:



    1. Өндірістегі стандарттау жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестеу;

    2. Құрал-жабдықтарды лизингтеу және төлемін 5-10 жылға созу несиесін ұйымдастыру;

    3. Құрал-жабдықтармен кешенді түрде жабдықтау және сервистік қызметті, мамандарды станокпен қолдануға үйретуді ұйымдастыру;

    4. Маркетингтік зерттеу негізінде клиенттердің жеке топтарының қажеттіліктерін қанағаттандыратын техника түрлерін шығаратын жаппай өндірістен сериялық, дара өндіріске көшу.

Лизингтік компанияларды ұйымдастыру тек қана машина жасау саласында шешілетін мәселе емес. Негізгі капиталды лизинг арқылы алу қаржы қажеттілігі сезілетін тоқыма және тігін кәсіпорындары үшін оң шешім болар еді. Осы тұрғыдан лизингті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаған жөн.

ҚР-ның "Қаржылық лизинг туралы" Заңы лизинг түсінігін және лизингтік операцияларды реттеу негізіне жаңа түсінік береді. Заңның 2-бабы лизингті: "Лизинг – ерекше жағдайларда жүретін, заңмен бекітілген, салық, кедендік, амортизациялық жеңілдіктері бар инвестициялық қызметтің түрі", - деп анықтайды.

Лизинг - өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің инновациялық әдісі болып табылады және өндірістік қуаттылықты сыртқы инвестициялау көздерінен үздіксіз және жедел жаңалауға жағдай жасайды. Көп кәсіпорындардың техникалық паркті жаңалауға әлдері келмейтін жағдайда лизингті пайдалану тиімділігі көріне түседі. Лизинг әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде, дамыған нарықтық экономикалы елдерде кең тараған.

Лизингтің мәні техника мен құрал-жабдық тозуы жағдайында арта түседі. Лизингтің арқасында компаниялардың көп қаржы салымдарынсыз қымбат тұратын құрал-жабдықты алып, технологиялық базасын модернизациялауға, қысқа мерзімде қызмет саласын, өндіретін тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Қазіргі кезде эксперттердің бағалауы бойынша дамыған елдердегі лизинг үлесі инвестициялар көлемінің 15-30 %-ын алады, дамушы өтпелі экономикасы бар елдерде 3-15 %-ын құрайды. АҚШ-тағы компаниялардың 80 %-ы лизингті пайдаланғандықтан, ол мемлекеттік экономикалық саясаттың стратегиялық бағыты болып есептеледі, лизинг бойынша айналым 280 млрд. долларға жетті.

Қазақстанның Қаржы Министрлігінің ақпараттары бойынша, әлеуетті нарық көлемі 800 млрд. теңгені құрайды. Қазір лизингтік операцияларды жалпы лизингтік портфелі 105,9 млн. АҚШ долларын құрайтын негізінен Ірі банктер жанында құрылған 9 лизингтік компания жүргізеді.

Лизингті пайдалану тартымдылығы мемлекет тарапынан (инвестициялық, салық және амортизациялық жеңілдіктер) қолдау көргенде арта түседі. Сол арқылы лизинг негізгі құралдардың жедел жаңалануына, ұлттық экономиканың интенсивті даму факторы ретінде әлемдік нарықта бәсеке қабілеттілігін арттыруға әкеледі.

Химиялық өнеркәсіп Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриялық стратегиясында қалыптасушы экспорттық блокқа жатады. Қазақстан жері Менделеев кестесінің барлық элементтеріне тұнып отырғандықтан, химиялық өнеркәсіпті дамытуға кең мүмкіншілігі бар. Химия өнеркәсібінің тоқыма және тігін кәсіпорындары үшін шығаратын өнімдері: бояулар, химиялық жіптер, түймелер, полиэфирлік талшықтар шағын бизнес тұлғаларының назар аударатын тұсы. Дегенмен, саланың дамуы өндіруден бастап шикізатты өңдеуді, дайын, ақырғы өнім шығаратын тізбекті қамтитын ірі кешендердің қайта қалпына келуін қалайды. Матаны, талшықты бояйтын бояулар шығаратын бірде-бір химиялық өнеркәсіп кәсіпорнының болмауы ойландыратын мәселе.

Сүт өндірісінде болған дағдарыс салалық ғылымның консервациясына, салалық ғылыми-зерттеу институттарының жойылуына әкелді. Аграрлық шаруашылыққа деген сұраныс азайған жоқ, ал жас мамандарға деген сұраныс нөльге тең, жоғары оқу орындары болашаққа мамандар дайындауда.

Салада ғылыми-зерттеу институттары жоқ. Сүт өндірісінің мүдделерін Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары Ассоциациясы мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың алдында көтеріп жүргендіктен, осы Ассоциацияны мемлекеттік органдар мен сала кәсіпорындары арасындағы қозғаушы күш ретінде ҚҚТ-не кіргізген дұрыс деп ойлаймыз.

Нарық жағдайында өндіруші өз өнімдерінің өткізілуіне тікелей мүдделі болады. Осы ретте сүт өнімдерін өткізудің бірнеше жолдары болуы мүмкін. Өткізу каналын таңдап алу - кәсіпорын үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Таңдап алынған өткізу каналына талдау өткізіп отыру арқылы нарық талаптарынан, бәсекелестерден шет қалмауға болады. Өткізу каналын таңдауда, осы каналдарға әсер ететін факторларды кешенді қарастыру керек. Өткізу каналының факторларына келесілер жатуы мүмкін: тұтынушылар, тауар, ұйымдастыру деңгейі, сыртқы орта. Осы факторларды жеке-жеке қарастырайық.

Тұтынушылар. Тұтынушылар санын, олардың орналасуын, типін (ақырғы, аралық, өнеркәсіптік, жеке), сатып алу жиілігін, болжамдық өзгеруін ескерген жөн.

Тауар. Тауардың сипаты, тасымалдау ерекшеліктері, бағасы, саны, тұтыну маусымдылығы, санитарлық және заң шектеулері өткізу каналына әсер етеді.

Ұйымдастыру. Кәсіпорынның көлемі, қаржылық жағдайы, құрылымының оңтайлылығы, нарықтағы үлесі, маркетингтік стратегиясы мен тактикасы басты назарда болуы тиіс.

Сыртқы орта. Бәсекелестер саны, бәсеке түрі, экономикалық және заңдық факторлар сыртқы орта факторларын құрайды.

Сүт өнімдерін өткізудің дилерлік желісін таңдап алса, келесі шарттарды ұстанғаны жөн:


  • Дилерлер үшін кәсіпорынның ең аз базалық бағасы бойынша шектеулер қойылуы;

  • Ай сайынғы ең аз сатып алу көлемін анықтау;

  • Бір дилер арқылы өндірілген өнімнің 25-30 %-ның ғана өткізілуі;

  • Жеңілдіктер жүйесінің сатылым көлеміне байланысты болуы.

Кәсіпорынның өткізу каналы ретінде дилерлік желіні таңдап алуының өз артықшылықтары бар: бартерлік операциялардың, қолма-қол ақшалардың болмауы, сапаны басқаруға, менеджментті жетілдіруге, өндірісті ұлғайтуға, ноу-хау енгізуге, жалпы өндірістік сұрақтарды шешуге мүмкіншіліктерді жұмылдыру.

Қазақстандық сүт өндірісі үшін дилерлік желі арқылы өнім өткізуді ұйымдастыру өткізудің тиімді каналы болуына кең мүмкіншіліктер бар. Кәсіпорынның таңдаған өнімді өткізу каналына сәйкес, қосылған құн мөлшері де әр түрлі болатынын айта кеткен орынды. Кәсіпорынның меншікті сауда орны болса, қосылған құн мөлшері аз болады, ал күрделі өткізу каналын таңдаса, мысалы, өндіруші – агент – дилер - көтерме сауда - жеке сауда - тұтынушы, қосылатын құн мөлшері де жоғары болмақ. Сүт өндірісіндегі ҚҚТ-нің ұзақтығы өткізу каналының ұзақтығына байланысты болады. Қазіргі таңда тоқыма және тігін бұйымдарын кәсіпорыннан тұтынушыға дейінгі өткізудің реттелген жүйесі жоқ.

Бізде экономиканың маңызды сегменті ынталандырусыз қалды. Оларға салықтардың барлық түрін бекітілген тәртіппен төлейтін, қосылған құны жоғары (ҚҚЖ) үлесі бар өнім шығаратын кәсіпорындар жатады. Қазір салық төлеушілердің атаулы категориясы үшін жағдайлар жасау керек. Қосылған құны жоғары кәсіпорындар үшін арнайы салық режимі корпоративті табыс салығының және қосылған құн салығының (ҚҚС) соммасын 50 %-ға төмендететін салық преференциясын қолдану арқылы жалпы бекітілген тәртіппен салықты есептеу енгізілген. Осы ретте, салықтарды төмендету ҚҚЖ өнім өткізуден түскен табыс соммасы бөлігіне есептеледі. Осындай кәсіпорындар үшін салық мерзімін ҚҚС бойынша, ағымдағы төлемдерді тоқсан бойынша төлеу ұсынылады. Бұл кәсіпорындарда өндірісті дамытуға жұмсай алатын айналым қаржыларының пайда болуы үшін жасалады. Корпоративті табыс салығы және ҚҚС жыл бойы тоқсан сайын 30-50 %-дық азайтумен төленіп отырады. Берілген режим екі шарт бойынша салық төлеушілерге қолданылуы мүмкін:


  1. Өзі өндірген тауарларды өткізу көлемі жалпы өткізу көлемінің 90 %-ын құрауы керек. Тауарларды өткізудің жалпы көлемі негізгі және негізгі емес қызмет түрлері бойынша табыс жиынтықтарынан тұрады. Бұл шектеу делдалдық, алып-сатарлық қызметпен айналысатын кәсіпорындарға таралмайды, яғни отандық тауар өндірушілерді қолдауға арналған.

  2. Тауарларды өткізу көлеміндегі қосымша құнның үлесі 50 %-дан кем болмау қажет.

Осылайша, арнайы салық режимі жанды еңбек, еңбек ақы шығындарының, амортизациялық аударылымдардың үлесі жоғары кәсіпорындарына қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, арнайы салық режимі машина жасау, химия, металлургия, жеңіл және тоқыма салаларының кәсіпорындарына қолданылады.

Сүт өндірісінде ҚҚТ құру оған қатысатын барлық салалар мен ұйымдар үшін тартымды болып көрінеді. Олардың өндіріс тиімділігін арттырады, жаңа жұмыс орындарын ашады, сәйкесінше, елдің, саланың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деп пайымдаймыз.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет