Дипломдық ЖҰмыс «Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары»



бет5/7
Дата01.02.2018
өлшемі1,13 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

Өнімнің бір данасына кеткен шығындар мен шикізаттардың шығыны өнімнің сапасына, оны басқа материалдардың түрлерімен алмастыруға, шикізат түрінің құрамын өзгерткенге, техника мен технологияға және өндірістің ұйымдастырушылығына, жұмысшылардың квалификациясына, шикізаттар қалдықтарына және тағы басқа факторларға байланысты болып келеді. Ең алдымен, осы немесе басқа факторлардың әсерінен болатын материалдық шығынның өзгерісін білу керек. Содан кейін ғана, жоспарланған бағаны нақты өнім көлеміне көбейту керек:



∆МЗхі = ∆УРхі × Ціпл × ∆МЗхі × VВПіф.

Материалдың орташа бағасының деңгейі шикізат нарығына, инфляциялық факторларға, материалдық ресурстардың топтық құрылымына, дайындалатын транспорттық шығындар деңгейіне, шикізат сапасына және тағы басқаға байланысты болады. Олардың әрқайсысы үшін, жалпы материалдық шығындардың соммасының өзгерісін білу үшін басқа түрдегі немесе басқа фактордағы материалдық топтардың орташа бағасы өзгеру керек. Оны сәйкес түрдегі қолданылған материалдардың фактілік көлеміне көбейту керек:



∆МЗхі = ∆Цх і× УПіф × ∆МЗхі × VВПіф.

Көп кәсіпорындарда жоспардан жоғары шикізат қалдықтары болады, бірақ оларды өткізуге немесе басқа мақсаттарда қолдануға болады. Егер оларды мүмкін болатын және бір шикізат құнымен бағаласа, онда өзіндік құнға кірген өнімнің материалдық шығындарының неше соммаға ұлғайғанын көруге болады.

Жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтар өнім бағасының қымбаттауына және оның өндірісінің азаюына әкеледі. Материалдық емес шығындардың соммасы нешеге өскенін анықтау үшін жоспардан жоғары қайтарымсыз қалдықтардың көлемін түпкі материалдардың жоспардағы бағасына көбейту керек.

Бір материалды екінші материалмен алмастыру өнімнің бір данасының, тұтынушылық материалдарының көлемінің өзгерісіне ғана емес, сонымен қатар оның бағасына да әсер етеді. Оның өнімнің бір данасына кеткен материалдық шығындарға байланысты өзгерісін анықтау үшін алмастыратын материалдар шығындарының айырмашылығын алмастыратын материалдар құнына көбейту керек, ал материалдарды алмастыратын баға мен алмастырылған материалдар бағасы арасындағы айырмашылықты алмастыратын шығындар нормасына көбейтіп, шыққан нәтижені қосу керек:



∆УМЗ = (УР1 - УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .

Құрал-жабдықтарды және машиналарды эксплуатациялап, қамтамасыз етуге кететін шығындардың өзгеру факторлары және құрамы жеке және жалпы шығындар статьяларына байланысты: цехтық және жалпы шаруашылыққа кететін шығындарды талдау әдістері, коммерциялық шығындар бойынша жоспарды орындау бағалары.

Жанама шығындар - өнімнің өзіндік құнында келесі баптарда кешенді түрде берілген: құрал-жабдықтың эксплуатациясына және оны қамтамасыз етуге кеткен шығындар, жалпы өндірістік және жалпы шаруашылық шығындар, коммерциялық шығындар. Бұл шығынның талдауы олардың нақты көлемінің 5-10 жылға арналған тауарлық өнімнің бір өнімге шаққандағысын салыстыру жолдарымен, сонымен қатар есептік кезеңдегі жоспар деңгейімен жүзеге асады. Бұндай белгілер олардың динамикасында өнімнің өзіндік құнының денгейі жоспармен салыстырғанда қалай өзгергенін және оның тенденциясының үлкейгенін немесе кішірейгенін көрсетеді.

Қолданудың келесі үрдісінде қосымша шығынның қатысты және абсолютті өзгерістермен байқалған себептері анықталады. Өзінің құрамы бойынша олар - кешенді баптар. Ереже бойынша олар шығынның бірнеше элементтерінен тұрады: құрал–жабдықтарды және машиналарды ұстауға және экспуатациялауға кеткен шығындар, оған техникалық құрал–жабдықтар мен машиналардың амортизациялық шығындары, жөндеуге кеткен шығындар, тауарларды зауыт ішінде тасымалдауға кететін шығындар, МБП–ның ширауы және тағы басқа. Кейбір шығындар (мысалы, амортизация) өнім өндірісінің көлеміне байланыссыз және шартты-тұрақты болады. Ал басқалары жалпылай және толықтай өзгеріске байланысты да, шартты–ауыспалы болып табылады. Олардың өнім көлеміне байланыстылық денгейі коэффициент көмегімен анықталады. Олардың көлемі тәжірибелік жолмен немесе сол шығынның соммасының және өнім өндірісі көлемінің үлкен жиынтығының корелляциялық талдау көмегімен анықталады.


10-кесте - 2004-2005 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның негізгі қорының жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер




Көрсеткіштер

2004 жыл

2005 жыл

Ауытқулар

Жыл басы

Жыл аяғы

Жыл басы

Жыл аяғы

+/-

%

1

Бастапқы құны

263254

302875

302875

353103

50228

16,6

2

Жиналған тозу

31567

66927

66927

107453

40526

60,5

3

Қалдық құны

231687

235948

235948

245650

9702

4,1

4

Орташа жылдық құны

233817,5

240799,0

6981,5

3,0


Кестеден көріп отырғанымыздай, негізгі құралдардың орташа жылдық құны әлдеқайда жоғарылаған. 2004 жылмен салыстырғанда, 2005 жылы орташа жылдық құны 6 981,5 мың тг. құрап, 3 %-ға артты. Оны анықтау үшін қалдық құнының жыл басындағысын жыл аяғындағысына қосып, 2-ге бөлеміз.
11-кесте - 2004- 2005 жылдарға арналған «Адал» АҚ-ның ағымдағы активтерінің айналым коэффициентін сипаттайтын көрсеткіштер





Көрсеткіштер

Жылдар

Ауытқулар, +/-

2004

2005

1

Өткізілген өнімнен түскен түсім

250633,0

362648,0

112015,0

2

Ағымдағы активтердің орташа көлемі

95106,5

110676,5

15570,0

3

Ағымдағы активтердің

айналым коэффициенті



2,64

3,28

0,64

4

1 күндегі ағымдағы активтердің

айналым ұзақтығы



136,4

109,8

-26,6

5

Айналым корының беріктік коэффициенті

0,38

0,31

-0,07

Бұл кестедегі ағымдағы активтердің айналым коэффициенті өткізілген өнімнен түскен түсімнің ағымдағы активтердің орташа көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол 2004 жылы 2,64 болса, 2005 жылы 3,28 болып өсті.

Жоғарыда келтірілген кестелердегі көрсеткіштер жанама шығындарға өз әсерін тигізеді.

Келесіде шығындардың әр бабы бойынша қорларды үнемдеу немесе шығындарды артық төлеуге қатысты себептерді анықтау керек.

Амортизацияның жалпы соммасы машиналар мен құрал-жабдықтың санына, оның құрылымына, құнына және амортизация нормасына байланысты. Құрал–жабдықтардың құны аса қымбат машиналарды сатып алуға және де инфляцияның арқасында жоғары бағалауға байланысты өзгеруі мүмкін. Амортизация нормасы қор құрамында құрылымдық жылжуға байланысты өзгеруі мүмкін:

∆ НА = (УР1 - УР0) × Ц0 , ∆УМЗ = (Ц1 - Ц0) × УР1 .

Өнімнің бір данасына шаққандағы үнемді амортизациясы өнім өндірісінің көлеміне де байланысты. Берілген өндірістік қуатта неғұрлым көп өнім өндірілсе, соғұрлым амортизация аз және де өнімнің бір бірлігіне басқа да тұрақты шығындар аз келеді.

Эксплуатациялық шығындардың көлеміне эксплуатацияланған объектілердің саны, олардың жұмыс уақыты немесе бір сағат жұмысқа кететін шығындар жатқызылады.

Толық, ағымдағы және профилактикалық жөндеуге кеткен шығындар жөндеу жұмыстарының көлеміне, ауырлығына, негізгі қорлардың тозу деңгейіне, қосымша бөлшектердің құнына және материалдарды жөндеп, оларды үнемді ұстауға байланысты болады.

Тауарларды завод ішінде тасымалдауға кететін шығындар соммасы транспорттық қор түрі, оларды қолдану кеңдігі, өндірістік бағдарламаны орындау деңгейі, эксплуатациялық және қамтамасыз етудегі жылжымалы құрамдағы қорларды үнемді қолдануға әсерін тигізеді.

МБП тозу соммасына, өнім өндіріс көлеміне және өнімнің бір данасының шығындар денгейіне байланысты өзгереді және ол, өз алдына, құрал-жабдықтардың, бағалы емес инвентарьдың қаншалықты рационалды және үнемді қолдануына байланысты. Сонымен қатар, оларды сақтау мен түзету үшін, шын мәнінде, орнатылған бақылауға да байланысты.


3. БӘСЕКЕ ЖАҒДАЙЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ ТЕТІКТЕРІ
3.1 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері
Кәсіпорындардың өндірістік–шаруашылық қызметін басқару үшін және бағаны қалыптастыруда тек өндірістік шығындарын ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын бөлу қажет, яғни өзіндік құнды калькуляциялау керек. Калькуляция - өнімнің бір бірлігін және жартылай фабрикаттардың өзіндік құнын анықтау есебі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау өндірістік шығындарды есептеудің бірнеше үрдісін ендірудің технологиясына және ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты қолданылады:



  1. Жай әдіс – өнімнің өзіндік құн калькуляциясын және өндірістік шығындарды қарастырады, бірақ біртекті өнімдерді өндіру үшін практикада көп қолданылады (көмір, мұнай, және тағы басқа). Өндірістік кәсіпорындардың ережесі бойынша аяқталмаған өндіріс және өз өнімдерінің жартылай фабрикаттары жоқ. Берілген әдістің мағынасы келесіде: инвентарьлық жолмен, аяқталмаған өнімге кезең шығындарының бөліктерін бөлу арқылы шығарылған өнімнің көлеміне жай әсер ету жолымен есептеледі, кәсіпорын өндіретін өнімнің барлық шығындары жатады (аяқталмаған өнім көлемін қайта есептеу жолымен жүреді). Егер өндірілген өнім көлемінің номенклатурасы аса да үлкен болмаса, онда тікелей шығындардың қасиеті бойынша аралас қатынасы болады (материалдар, шығындардың әдісін анықтау қиынға соқпайтын, шартты жалақы және басқа да тікелей шығындар), ал қалған шығындарды тікелей шығындар құнына пропорционалды бөледі (өндірістік персоналдың жалақысы, өндірістің қосымша шығындары).

  2. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі – барлық тікелей шығындар әр тапсырысқа жеке–жеке есептеледі, ал өндірістің қосымша шығындары әр тапсырыс құнына пропорционалды бөлінеді. Сонымен қатар, қосымша шығындарды аяқталмаған тапсырысқа орындалған денгейіне байланысты бөлу керек. Тапсырыс бойынша есептеу әдісі аз сериялы, жеке өндірісті кәсіпорындарға, жөндеу кәсіпорындарында және тәжірибелік цехтарда қолданылады.

  3. Қайта өңдеуді есептеу әдісі - өнім сатуға түспей тұрып, дайын өнімді алар алдында бірнеше өңдеуші деңгейлерден өтетін әдіс. Бұл әдісті рационалды деп есептеуге болады, егер әр өңдеуші деңгейде тауар болып табылатын және оны өткізу үшін өзіндік құн туралы мәліметтерді талап ететін аралық тауар шығарып отырса.

  4. Нормативтік әдіс – өнімнің бір данасына кеткен нормативті калькуляциялық немесе жоспарлық және өнімнің бір данасына кететін технологиясының негізделген нормаларды құрайтын, массалық және сериялық өндірісте қолданылатын әдіс. Бұл әдісті қолданғанда өндіріске материалдарды жіберу алдын-ала шектеліп анықталған лимиттармен жүзеге асады, ол ауытқуларды есептеп және оларды шығару құжаттарына негізделе отырып, қосымша шығарылады.

  5. Стандарт-кост әдісі –– нормативтік әдістің шығыс нұсқауы, стандарт-кост жүйесінің негізгі ерекшелігі - өндірістік үрдістің басына дейін, өндіріске кететін шығындар алдын-ала есептелінеді. Ол негізгі өндірістің алдын-ала есептелген өндірістік схемасынан тұрады, көп жағдайда олар несиелік сызықтағы немесе инвестициялық жобадағы арнайы дайындалған бизнес-жоспармен байланысты болады. Инфляция жағдайында ауытқуларды минимализациялау үшін стандарт–кост жүйесі құндылық көрсетілімсіз, тек натуралды көрсеткіште толығымен есептеледі немесе аса тұрақты валюта курсында қайта есептеледі. Стандарт–кост жүйесінің белгіленген нормасы және нормативтері базистік (уақыт өтісімен өзгермейтін, сапа негізінде берілген және технологиялық үрдіспен байланысты), теоретикалық (оған жету үшін фирма ұмтылады), ағымдағы (нақты жағдайды ескере отырып, белгілі бір мерзімге нақтыланады) болып бөлінеді.

  6. Директ–костинг әдісі бойынша шығындар тұрақты және ауыспалы деп бөлінеді. Бұлай бөлінудің мақсаты - тұрақты шығындар деңгейінде тұрып, кәсіпорын қаншалықты максималды өнім шығара алатынын анықтау үшін шығындардың артынан кәсіпорынның басқарушылық қадағалауын орнату. Белгілі бір деңгейдегі кәсіпкерге өнім көлемін ұлғайту тиімді, себебі тұрақты шығындардың өзгермеуі ауыспалы шығындардың өзгеруіне пропорционалды өссе, онда ол экономикалық пайдаға жетеді, бірақ белгілі бір кезеңде осы тұрақты шығындарды қолдану өндірістің төмендеуіне әкеледі, яғни кәсіпорындағы өнім көлемі көбейіп-ұлғаюды талап етеді (жаңа түрінің дамуы үшін тұрақты шығындардың амалсыздан ұлғаюы). Шығындарды толығымен өндіріске қосу жүйесі мен директ–костинг жүйесінің арасындағы негізгі айырмашылығы - бұндай жүйедегі өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығындар бойынша анықталады.

Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп жүргізу және калькуляциялау мақсатымен қолдануды келесідей түрге бөледі:

  1. Өндірістің түріне байланысты: негізгі және қосалқы;

  2. Өнім түріне байланысты: жеке бұйым, бірдей (біртекті) бұйым топтары, тапсырыс, қайта жасау (жөндеу), жұмыстар, қызметтер;

  3. Шығынның түріне байланысты: калькуляция баптары (өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін және аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін) және шығын элементтері (шығынның проеткілік сметасын құру үшін және өнімге кеткен шығындардың есебін құрастыру үшін);

  4. Шығынның қалыптасқан орнына байланысты: жер, участок, цех, өндіріс, шаруашылық есеп бригадасы.

Өндірістік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың келесідей негізгі әдістерін қолданады:

  1. Тікелей есеп;

  2. Нормативті есеп;

  3. Аналитикалық есеп;

  4. Параметрлік есеп.

Осылардың ішіндегі ең қарапайымы әрі нақтысы бұл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Бұл әдіс бойынша өнімнің өзіндік құнының бірлігі жалпы шығын соммасы мен дайындалған өнімнің санына бөлумен анықталады. Бұл әдіс біртекті өнім ғана өндіретін кәсіпорындар үшін қолайлы, өйткені ол калькуляцияның әр бабына кеткен шығындарды анықтап бере алмайды.

Нормативті әдіс - әр ресурс түріне кеткен шығындар өзгергенде оған әрдайым есеп жүргізілуі қамтамасыз етілген кәсіпорындар үшін қолданылады. Ол еңбекті, материалдарды және қаржылық ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілерге негізделген. Оның үстіне, осы ресурстарды қолданатын нормалар мен нормативтік актілер прогрессивті және ғылыми дәлелденген болуы керек.

Ең нақты және жиі қолданылатын әдіс – аналитикалық есеп әдісі. Бұл әдіс кезінде жалпы өндіріс жағдайы туралы жан–жақты талдау, сонымен қатар ол жерде болатын өзгерістерді қарастыру жүзеге асырылады. Өнімнің өзіндік құнына қандай факторлар әсер етеді және ол қалай әсер етеді деген сұрақтар зерттеледі. Нормалар мен нормативтердің негізіне технико–экономикалық және жұмыстың ұйымдастырылу жағдайы кіреді.

Ал біртекті, бірақ сапа жағынан әр түрлі дайындалатын бұйымдарды калькуляциялағанда параметрлік есептеу әдісі қолданылады. Оның себебі: мұнда шығындар өнімнің сапасына байланысты өзгереді. Осылайша, кез келген бұйымның өзіндік құнын анықтауға болады, яғни ол бір кг немесе бір тоннамен есептеліп сатылатыны анықталады. Осындай өнімдерге сәйкес, басқа да көрсеткіштерді қолдануға болады және осы әдіс арқылы өнімнің сапасын жақсартуға кеткен қосымша шығындарды анықтауға болады.

Қазіргі жағдайда нарық экономикасына көшуімізге байланысты көптеген кіші және орта кәсіпорындар калькуляциялық баптың қысқартылған түрін қолданады. Ол өз алдына мыналарды қамтиды:


  • Материалдық шығындар (шикізат, материалдар, техникалық мақсаттарға арналған отын және энергия);

  • Еңбек ақыға кеткен шығындар;

  • Басқа да тікелей шығындар;

  • Өндірісті басқаруға және қызмет көрсетуге кеткен шығындар (жанама шығындар);

Кез келген кәсіпорын алдында мына мақсат тұрады: өндірістік шығындар туралы неғұрлым тез әрі шынайы ақпарат алу. Сондықтан да, кейде кәсіпкер белгілі бір ұсыныстар арқылы шығындарға калькуляция беруі керек болады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару да маңызды болып табылады.

Өнімнің өзіндік құны - өнімді өндіру үрдісі кезінде қолданылатын табиғи ресурстардың, еңбек ресурстарының және басқа да шығындардың бағасы. Оған қоса, мынадай анықтама беруге болады:

Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар мен өндіріс саласының өнім өндіруге және оны сатуға кеткен шығындарды ақшалай бейнелейтін өндірістегі қоғамдық шығындардың бір бөлігі болып табылады.

Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тек қана калькуляция баптарында ғана көрінбейді. Сонымен қатар, олардың экономикалық мазмұнына байланысты топталады да, келесідей элементтерден тұрады:



  • Материалдық шығындар;

  • Еңбек ақыға кеткен шығындар;

  • Әлеуметтік қажеттіліктерге кеткен шығындар;

  • Негізгі қорлардың амортизациясы;

  • Басқа да шығындар;

Олардың құрылымы әр түрлі факторлардың әсер етуінен қалыптасады:

  1. Өндірілген өнімнің және қолданылатын материалды–шикізат ресурстарының мінездемесінен;

  2. Өндірістің технико–экономикалық негізінен;

  3. Оның ұйымдасу және орналасу формасынан;

  4. Өнімді сатудан және қамтамасыз ету жағдайынан және тағы сол сияқты факторлардан.

12-кесте - 2005 жылғы Қазақстан Республикасы бойынша шағын кәсіпкерліктің өнім өндіргендегі кеткен шығындарының құрылымы







Шығын түрлері

Қазақстан экономикасы

Сонымен қоса

Өнді

ріс

Ауыл шаруашылығы

Құрылыс

Көлік

Сауда және көлік жөндеуі, жеке тұтыну заттары

1

Материалдық шығындар

46,2

55,6

59,1

55,9

27,6

27,6

2

Төлем ақыға төленген шығындар

11,6

10,7

13,4

9,2

9,9

9,9

3

Негізгі құрал-дардың тозуы

2,7

3,9

4,3

1,1

2,5

2,5

4

Басқа да шығындар

39,5

29,8

23,2

33,8

60,0

60,0

Барлығы:

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп шығынды материалдық шығындар құрайды, ауыл шыруашылығында 59,1 %, өндіріс және құрылыс саласында 55,6-55,9 %-ды құрап тұр. Еңбек ақыға орташа есеппен 10 % шығын кеткен. Негізгі құралдардың тозуына 3 %, ал басқа да шығындар 30- 35 %, көлік және сауда шығындары 60 %-ға дейін өсетінін көреміз.

Осындай шығындармен қатар, тағы да көптеген салаларға байланысты шығындар болады. Ол салалар:


  • Материалды сиымдылық (азық–түлік өндірісі, ет өндірісі);

  • Еңбек сиымдылығы (сауда);

  • Қор сиымдылығы (көлік, өңдеуші өндіріс);

  • Энергия сиымдылығы (түсті металлургия).

Шығындардың құрылымы тұрақты болып қалмайды, ол үнемі өзгеріп отырады. Шығын құрылымының өзгеріп отыруы экономика, өндіріс, ресурс пен тауарларға байланысты инфляцияның әр деңгейлі болуы салдарынан өзгерістің бірде болып, бірде тоқтап қалуынан болады. Ал экономикасы тұрақты дамыған мемлекеттерде шығын құрылымы макро деңгейде өзгеріп отырады.

Материалдық шығындар – ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында (өндіруден басқа) өзіндік құнның негізгі бөлігін құрайды. Материалдық шығындарға: шикізат, негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, топталған бұйымдар, көмекші материалдар, отын, энергия, ораушы материалдар, құрал–сайман, қосымша бөлшектер, арнайы киім және тағы басқалары жатады. Шикізаттар мен негізгі материалдар құрамына шет жақтан алынатын ресурстардың құны кіреді. Ол ресурстар өнімнің негізін құрайды, яғни «өнім денесін» құрап, оның қажетті компоненті болады.

Жалпы, ел экономикасында өнім өндіруге кеткен шығын 27 % немесе материалдық шығын бағасының жартысынан көбін құрайды, ауыл шаруашылығында 75 %, жоғарғы құрылым саласында 72 %-ды құрайды. Сатып алынған жартылай фабрикаттар және топталған бұйымдар кәсіпорындарда қосымша өңдеуге жіберіледі. Көмекші материалдар негізгі материалдарға қосылып, оның сыртқы түрін немесе басқа да жерін өзгерту үшін қолданылады, сонымен қатар өндіріске қызмет көрсету кезінде қолданылады (жағу, бояу). Оның шығын кезіндегі құрайтын бөлігі 4–5 %.

Шет жақтан сатып алынатын отын (қатты, сұйық, газ түріндегі) және энергияның барлық түрлерін (электрлік, жылулық, қысылған ауа, азықтар) материалдық шығындар ішінен олардың ұлттық шаруашылық маңызына байланысты ерекше атап айту керек. Өйткені, жыл сайын энергия тасығыштардың бағасының жоғарылауына байланысты оларға кететін шығын да өсіп барады. Кейінгі жылдары орташа есеппен 8–8,5 %, өндірісте 10 %-ға жуығы, қалған материалдық шығындарды құраушылар 5–6 %-ды құрайды.

Материалдық шығындардың элементтерінің құрамынан тек қана ресурстарды сатып алуға ғана шығын шығады. Егер де кәсіпорын сол өзіне керекті ресурстарды сатып алып, ары қарайғы жұмыстарды өзі жүзеге асырса (мысалы, жұмыс күші арқылы өздері материалдарды түсіріп алса, басқа да жұмыстарды өзі ары қарай жалғастырса), онда оларға деген шығын арнайы баптар бойынша белгіленеді, яғни еңбек ақы, амортизация.

Төлем ақыға кеткен шығындар – жұмысшыларға төленетін еңбек ақы. Бұл шығындар негізгі өндіріс персоналдарының еңбек ақыларынан тұрады, сонымен қатар негізгі қызметке кіріп, бірақ штатқа кірмейтін жұмысшылар ақысынан тұрады. Төлем ақыға жататындар: кәсіпорында берілген ереже бойынша әр жұмысшының міндетті окладтары және тарифтік ставкалары бойынша еңбек ақы, өнім құны, қосымша төленетін ақы, жұмыста жақсы ынтасымен көрінгені үшін сый ақы беру, қосымша демалысқа төлем ақы, тегін көрсетілетін қызметтің құны, көп жыл жұмыс істегені үшін сый ақы беру, жұмысты басқа аумақтарға істегені үшін қосымша ақша төлеу және басқа да шығындар. Кәсіпорынның жұмысшыларына төленетін ақы өзіндік құнға кірмейді. Өйткені, ол тікелей төлем ақымен байланысты емес, яғни бұл жердегі төлем ақының негізгі қайнар көзі - арнайы қорлар, мақсатты түсімдер, кәсіподақ ұйымдарының қорлары және тағы басқа.

Әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарды есептеу – қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін ұлттық байланыстағы қайта бөлу формасы болып табылады. Жалпы шығын көлеміндегі аударымдардың сыбағалы салмағы еңбекке төленетін шығындардың деңгейіне байланысты. Ол мемлекет бойынша 5,8 %-ды құрайды, құрылыста 8,5 %, ал саудада 11%-ды құрайды.

Ұйымда есептелген құралдардың барлығы бюджеттен тыс қорларға жіберіледі де, заңмен көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады. Сонымен қатар, бұл шығындар елде болатын мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, медициналық сақтандыру қорларына, жұмысқа орналастыру қызметіне және тағы сол сияқты салаларға есептеледі.

Өндірістік шығындар құрамына кіретін негізгі қорлардың амортизациясы экономика бойынша 8,4 %-ды құрайды, ауыл шаруашылығында 4,5 %, көлікте 13 %-ға жуық болып отыр. Шығын құрамындағы амортизация бөлігі реформа жылдары тез өзгеріп кеткен. Мысалы, 1993 жылы өндіріс бойынша 0,9 % ғана құраған болса, мұның бәрі негізгі қорларды қайта бағалау үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және баға деңгейімен байланысты. Толық қалыптасудағы амортизация өнімнің өзіндік құнына кіреді және амортизациялық нормаларды аударумен, қорлардың баланстық құнымен анықталады.

Тозу болса, жеке қорлар мен жалға берілген қорларға саналады. Сонымен қатар, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына және медициналық көмек көрсететін кәсіпорындарына тегін берілетін жайлардың құнына саналады.

Басқа да шығындарға әр түрлі және сансыз жұмсалған шығындар жатады.

Өткен 10 жыл ішінде шығындардың құрамындағы осы және басқа да шығындар деңгейі қатты өсіп кетті. Экономиканың барлық секторларында да қатты өсіп, еңбек ақының бөлігінен (ауыл шаруашылығынан басқа) асып кетті. Ал саудада ол тұрақты болып қалған. Басқа шығындардың негізін салықтар, алымдар, төлемдер, сақтандырудың міндетті төлемдері, қоршаған ортаны ластайтын заттарды шығарып тастау, сонымен қоса резервтік және басқа да міндетті қорларды аудару құрайды. Маңызды бөлігі - несие пайызын төлеу, байланыссыз қызметтерін төлеу, басқа да ұйымдарға өрттік және түзету қызметтерін көрсеткені үшін, өнімнің сертификаты үшін, кепілдемелік жөндеу жұмыстары үшін және басқа да қызмет көрсетулердегі шығындар құрайды. Сонымен бірге, басқа да шығындарға жұмысшылардың ойлап шығару жұмыстары мен жаңашаландыру ұсыныстары үшін сыйлықтар беру, іс-сапарға кеткен шығындар және де негізгі қорлардың объектісін жалға алғаны үшін кеткен шығындар, материалды емес активтер бойынша амортизация, жөндеу жұмыстарына есептеулер (егер ондай кәсіпорында жүргізілсе) жатады.

1996 жылдан бастап басқа да шығындардағы өнімді сатумен байланысты жұмсалған шығындардың жеке элементтерін - мүлікті сақтандырудағы төлемдерді, басқа категориядағы жұмысшылардың өмірі мен денсаулықтарын сақтандыру шығындарын алып тастауға рұқсат беріледі.

Бухгалтерлік есептердің №7 стандарттарына сай, «тауарлы-материалды қорлардың есебі» өнімнің өзіндік құнына кіреді:



  1. Шығарылатын өнім сапасына және өндіріс шығындарына бақылаудағы өндірісті ұйымдастырумен және технологиямен байланысты тікелей өнім өндіруге қатысты шығындар. Сонымен қатар, эксплуатация процесінде белгіленген кемшілікті жою және өнімді бақылау кепілдігі;

  2. Табиғат шикізаттарын пайдалануға байланысты шығындар;

  3. Өндірісті дайындау және меңгеру шығындары;

  4. Өндірістік процесс кезінде жасалатын эксплуатациялық ерекшеліктерін және өнімнің сапасын жақсарту, оның сенімділігін көтеру, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және технологияларды жетілдірудегі капиталдық емес шығындар;

  5. Өндірісті рационализациялау және ойлап табумен байланысты шығындар;

  6. Өндірістік процесте қызмет көрсету шығындары (өндірісті еңбек затымен және еңбек күшімен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорды жұмыс жағдайында ұстау, санитарлық–гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету);

  7. Өндірістік цехтардағы қауіпсіздік технологиясына байланысты және еңбек жағдайын жақсы қамтамасыз етуші шығындар;

  8. Табиғатты қорғаудағы қорды эксплуатациялау мен қолда ұстау шығындары және тағы басқа ағымдағы табиғат қорғау шығындары;

  9. Вахталық әдіспен жұмысты орындауға байланысты қосымша шығындар;

  10. Өндірісте жұмыс істеген уақытқа, еңбек туралы заңында қарастырылған, төленген және қосымша, кезекті демалыс, қолданылмаған кезекті демалыстың орнын толтыру ретінде және басқа да төлем түрлері;

  11. Зейнетақы қорына аударымдар, өндірістік жұмысшылардың сақтандыруға кеткен шығындарынан жұмыспен қамтылған жарғылық мемлекеттік қорға, денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорға ықпалы;

  12. Маркетингтік, дилерлік, брокерлік, валюталық қор биржасының, жеке тауарлық қызметтің бағасы;

  13. Ақауларға байланысты жоғалтулар;

  14. Кепілдік уақытты қолданылған өнімнің кепілдік қызмет етуі және кепілдік жөндеуге кеткен шығындар;

  15. Ішкі өндірістік есептерге байланысты жұмыс істемеу, үзілуден болған жоғалтулар;

  16. Өндірісті қайта ұйымдастырудағы жұмыскерлерді босатумен және жұмыскерлерді қысқартумен байланысты төлемдер;

  17. Әлеуметтік салаға шығындар және тағы басқа.

Өндірістік-шаруашылық қызметті және баға қалыптастыруды басқару үшін тек қана кәсіпорынның, оның бөлімшелерінің және өнім түріне кеткен шығындарын біліп қана қоймай, сонымен қатар оның өнім бірлігіне, яғни өндірістік құнын калькуляциялауды білу қажет.

Калькуляциялау дегеніміз - өнімнің жеке түрінің өзіндік құны мен жалпы өндіріс шығындарының ішінен бір дана өнімнің немесе жартылай фабрикаттың өзіндік құнын анықтаудың есебі.



Көрсеткіштер өлшем

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу