Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ



бет35/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

Қара суға қаймақты Тұрғызам! - деп Су айтты (К. Әмірбек, 119 б.). Сөйлемдегі ФТ өзгеріске ұшыраған «қара судан қаймақ алды» (әбжіл, жылпос, қу кісі туралы айтылады [44, 328 б.] узуал тіркесінің тұрақты құрамы бұзылып, қалыпты ФТ құрамындағы алды/тұрғыды сөзімен алмастырылып, сөйлемге жаңа сипат беріп тұр.

Ана жақтың жастары асығыс қайтып, болған боласыны өз ауылдарына тізгін ұшымен жеткізген. Енді о жақтағылар жінігіп дүрліккен (Ж. Ахмади, 29 б.). 1) «Тізгін ұшымен келді» – асығыс, тез келді [44, 531 б.]; 2) тізгін ұшымен жеткізген – түгел, бүге-шүгесіне дейін айту деген мәнде айтылады. Қалыпты тұлғаның құрамындағы келді етістігі субституцияға ұшырап, жеткізу етістігімен алмастырылған.

Үшеуміз қан көшені өрмелеп барып «Алматы» ресторанына бас сұқтық, жазушылармен бірге жүргенім үшін шалқыған сезімдемін (Ж. Ахмади, 17 б.). «Қан базар» – ҚТФС-ға енбегенмен узуал қолданыста бар тіркес. Базар/көше сөздері бір-бірімен синоним емес, бірақ базар сөзі ығы-жығы халқы көп деген ассоциация тудырады, сондықтан жазушы осы тұрғыдан ФТ компонентін ауыстырған. Пайда болған жаңа ФТ-ның мағынасы ′халқы өте көп көше′ дегенді білдіріп тұр.

Пай-пай, не дейім... Осынша сәулетіңмен әлі күнге бие сауып, сарыала етек «шор» болып жүргеніңді қайтейін!.. «Су түбінен ал балық, аузыма сал балық» деп төр төбесінде, төрт қабат торғын көрпе үстінде көсіліп отыратын «ақ бәйбіше» атанарлық уақытың болмады ма? (Ж. Ахмади, 90 б.). ҚТФС-да «сары ала етек сарпылтаң» – күнделікті күйбең тіршілік ыңғайымен сарытап болды деген мағынада [44, 454 б.]. Сөйлем ішіндегі ОФТ түрлі жолдар арқылы жасалған: 1) «сары ала» деп бөлек жазылатын сөздерді біріктіріп «сарыала» ретінде берген; 2) УФТ эллипсиске ұшыраған; 3) соңғы компоненті субституцияланған. Бірақ қалыпты қолданыстан ауытқымаған.

Құдайдың берген тіл мен жағын жұмсап көрермін (С. Мұқанов, 48 б.). «Тілі мен жағына сүйену» – сөзді желеу етті, әр нәрсені бір сылтау етіп қылжақтады [44, 535 б.] мағынасында. Сүйену/жұмсау бір-біріне синоним емес етістігімен алмастырылған. «Тіл мен жағын жұмсап көру» - бар өнерін салып сөйлеу деген жаңа мағынаны беріп тұр.

Ол, әрине, менің баяғыдан машық болған нәрсем, сондықтан тұяқ қаққан жоқпын (С. Мұқанов, 43 б.). «Тұяқ серіппеді» – қыбыр етуге шамасы келмеді [44, 527 б.] мағынасында айтылады. Серіппеді/қаққан жоқ болымсыз мағынадағы сөзбен ауыстырылған, мағынасы өзгермеген.

Гүлжаһан ағасындай емес, көрер көзге әлжу, нәзік көрінгенімен, күні-түні садақ тартып, құралайдың құлағын тесетін мерген болып алған (О. Сәрсенбаев, 27 б.). «Құралайды көзге атқан» – атқан оғы бос кетпейтін асқан мерген [44, 365 б.] мағынасында. Автор әбден айтыла-айтыла жауыр болған тіркесті қайта жаңғырту мақсатында тұрақты тіркес құрамын жаңа сөздермен ауыстырған. Мұнда ФТ-ның беретін мағынасы өзгермегенімен, оның компоненттері субституцияға ұшыраған.

Ең арғысы осыдан үш жыл бұрын Жалайыр ханның басынан бағы тайып, Сығанақтың алтын тағына Әбдірахманның отыруына да Хасан қожа қол ұшын жалғаған еді. «Қол ұшын берді» – қолғабыс етті, көмек көрсетті, жәрдемдесті [44, 346 б.] мағынасында, берді/жалғады етістігімен ауыстырылған, бұдан ФТ құрамына, мағынасына еш зиян келмейді.

Міне, осылайша фразеологиялық бірліктер компоненттерін ауыстыру немесе субституция құбылысын үш түрлі тәсілмен топтастырып қарастырдық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет