Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017


Жүсіп Баласағұн шығармаларының мазмұндық сипаты және тәрбиелік мүмкіндіктері



бет14/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

2. Жүсіп Баласағұн шығармаларының мазмұндық сипаты және тәрбиелік мүмкіндіктері


2.1. Жүсіп Баласағұнның “Құтты Білік ” дастанындағы тәрбиелік негіздері

Адам баласының сана-сезімі, рухани дүниетанымы қалыптасқаннан бастап тұлға идеалы тұрғысындағы озық идеялар да пайда бола бастайды. Негізгі жақсы қасиеттер адамның тұла бойында табиғи, тума болғандықтан олардың тек адамгершілікке, ізгілікке бейімделгенінің арқасында мұндай прогрессивті идеялар адамзат тарихында дамып отырған. Сондықтан да тұлға идеалы халық педагогикасының ежелден қарастырған негізгі мәселесі болып келеді. «Жетілген тұлға» атауымен де танымал идея, әр халықта өзінің ерекшелік қырларымен сипатталып, тұлғаның ішкі, сыртқы біртұтас бейнесі қалыптасқан. Мысалы қазақ халқында «сегіз қырлы, бір сырлы» болса, орыс халқы «добрый молодец», «маленький да удаленький» деп адамның жақсы қасиеттерін көрсете білген. Түркі халықтары тұлға идеялының бір көрінісі Жүсіп Баласағұнның «төрт діңгек» тұжырымдамасында негізделген. «Құтты білік» дастанындағы ғұлама ұсынған әділет, дәулет, ақыл, қанағат әлемдегі төрт құндылықтың мәнін ашатын төрт кейіпкердің түркі халықтарының нағыз тұлға идеалы деп айтуға болады. Өйткені Төрт ұғым-адамның төрт қасиеті өзара тығыз бірлікте, шебер үйлесімді, бірінсіз-бірі жоқ. Тұлға бойында осылар негізгі өзек болса, басқа адамгершілік қасиеттер соған телінеді.Халық тәліміндегі тұлға идеалы Баласағұнның тұжырымдамасында, біздің пікірімізше, мынадай формулада беріледі: «Сақи жанды, ақыл-есі бар есті жанды. Түзік жолы сәт-сайын». Бұл идея дастанның әр бәйітінен көрінеді., төрт діңгек арқылы жан-жақты сипатталады.


Халық тәліміне негізделген, бірлікте тұратын Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш, Одғұрмыш дастанда, тәрбие мәселесін бірінше орынға қойып, жетілген тұлға қалыптастыруды, бақытты қоғам орнатуды уағыздайды. Сонымен қатар «Құтты білік» дастанында бұлар бір бағытқа ие болып, өзіндік тәрбие жүйесін құрайды. [28.54]
«Құтты біліктің» негізгі идеясы-төрт тұлғаның өзара диалогы негізінде берілуінде. Олар әділетті орнатушы-Күнтуды патша, бақ-дәулетті әкелуші-Айтолды,ақыл-парасаттың символы ретінде уәзірдің баласы- Өгдүлміш және қанағат-ынсап тұлғасы, уәзірдің туысы-Одғұрмыш тұлғаларымен бейнеленеді. Кейіпкерлерге тән әділдік, ақыл, дәулет, қанағат секілді игі қасиеттер қарахандар қоғамының құндылығы болып табылады. Жалпы, автордың еңбегіндегі бұл тұлғалар идеал адамдар болып табылады.Бірақ сонымен бірге баяндалған оқиғаның негізгі кіндігі- ел билеуші Күнтуды патша. Барлық оқиға соның төңірегінде өрбиді. Ал патшаның ең үлкен ерекшелігі-өзін-өзі сынай білуінде және сынға оң көзбен қарауында. Уақыты келіп, табиғаттың заңдылығымен қартайғанда орнын басатын Айтолдыдай азаматқа орнын беріп, өзі оған ақыл-кеңес айтып, көмекші болуы. Және әрдайым өзінің жасаған ісіне есеп беріп, «Осы менің елім-жұртым үшін жасаған еңбектерім дұрыс па, бұрыс па?» деп төңірегіндегі дана-данышпандармен кеңесе, ақыл-сұрай отыруы оның ел басқарудағы ерекше қасиеті болса керек. Төртеуі-Құттың төрт діңгегі. Төрт «діңгек» өлшемдік қағида «Құтты біліктің» құрылымдық арқауы. Әділет, Дәулет, Ақыл, Қанағат дара болып дүниеге тұтқа бола алмайды, адамды бақытты ете алмайды. Төртеуі бірлікке жеткен жағдайда ғана бақытқа кенеледі. Бұл Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы тұжырымдамалы идеясы.
«Құтты білік» бас кейіпкерлердің арасындағы өзара қарым-қатынас әңгіме-сұхбат төңірегінде жүреді. Халық тәлімін ашуды мақсат еткен ғұлама бұл мәселені үлкенді-кішілі «Бақытқа, жақсылыққа бастар харакеті мен жаман қылықтары», «Әміршіге ғылым, білімнің ерекшеліктері туралы айтуы» деген сияқты жетпістен аса тараудан тұратын түрлі тақырыптарды ашады.
Жүсіп Баласағұн өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамдық қатынастарға белсене қатысып, оның даму жолын пайымдап, сол кездегі әлеуметтік шындықты, тарихты айқындап, халық қайғысына мұң-мұқтажына үн қосып, ұлттық мәдениетке халықтық педагогикаға қатысты арқа сүйер бірден-бір мол әрі құнарлы тәрбие қазынасын ұсынады. Оларды халықтық педагогика тұрғысынан мына суреттен көруге болады. (4-кесте)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет