Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017


Кіріспе Зерттеудің көкейкестілігі



бет4/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының бүгінгі даму кезеңінде, егеменді жас мемлекеттің әлемдік кеңістікте көрініс алуы жағдайында өткендегі тарихи тәжірибені, соның ішінде тарихи тұлғалардың тәжірибесін жан-жақты зерттеудің қажеттілігі туындайды. Тарихи- педагогикалық мұраларды білмей білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттің аса маңызды проблемасының тиімді шешімін табу өте күрделі. Қазіргі уақытта тарихи тұлғалардың ұлттық мәдениетке қосқан үлесін айқындап көрсету мәдениетіміздегі басты ерекшелік.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді», - деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. [1.7]
Ұлттық тәлім-тәрбиелік ұғым-түсініктерінің, ілім- білімдерінің даму тарихы он төрт ғасыр бойы ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, мирас болып келе жатыр.Сан ғасырлар бойы жас ұрпақты ізгілікке,имандылыққа,әділдікке, адамгершілікке, ақылдыққа шақырған ғұлама тұлғалардың болғаны тарихтан белгілі.Тарихи-тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың, ақын-жыраулардың, педагог- ағартушылардың қайталанбас тәліми мұралары туған халқына үлкен құндылық болып есептеледі. Сондықтан оларды бүгінгі таңда зерттеп, болашақ ұрпаққа жеткізу ұлттық тәрбие үрдісінің басты міндеті болып отыр.
Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіп Баласағұнның құнды мұрасы, мәні мен мазмұны зор «Құтты Білік» дастанының әр жолдарындағы тәлім-тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастаны терең мәнін жолғалтпаған құнды шығарма. Оның таным- білігінің түпкі тамырына ой жүгіртіп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу- педагогика тарихын байытып, теориялық-практикалық мәнін арттырады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» мұрасын зерттеу бізді жаңа білімдер қорымен қаруландырумен бірге, бүгінгі білімді, тілді, өнерді, әдебиетті дамытудың көптеген проблемаларын түсініп білуге, оларды болашақта дамытудың жолдарын анықтауға көмектеседі.
Жүсіп Баласағұн «Құтты Білік» мұрасын философиялық, тарихи, филологиялық, педагогикалық салада зерттеп жатқан авторлар саны өте көп емес.Жүсіп Баласағұн туралы орындалған ғылыми жұмыстарға жасаған талдау әлі де болса оның шығармаларының педагогикалық жағдайы толық зерттеле қоймағанын дәлелдейді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы педагогика негіздері мен оның жүйелі түрде зертелмегендігі арасында, оқу- тәрбие үрдісінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы адамгершілік тәрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен оны пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қара-қайшылықтың бар екені айқын көрінеді және тақырыпты «Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» шығармасындағы адамгершілік идеялары»- деп алуымызға себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет