Дипломдық жұмыс Мамандығы: 5В011900- шет тілі: Екі шетел тілі Қазақстан Республикасы Алматы, 2017



бет9/40
Дата13.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#142980
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
Байланысты:
a92b8b33d9991586249b80d1e613c81c

Зерттеудің әдістері: Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанын зерттеу, талдау, жүйелеу, қоғамдық және дүниетанымдық көзқарасын, өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пйдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.


  1. Жүсіп Баласағұнның тұлғалық қалыптасуына әсер еткен алғышарттар




    1. . Жүсіп Баласағұнның өскен ортасының өзіндік ерекшеліктері

Жүсіп Баласағұн туралы толыққанды мәліметті өзінің шығармасынан немесе басқа да шығыс әдеби дерексөздерінен кездестіре алмайымыз. Сонымен қатар, «Құтты Білікті» оқи отырып, оның орта ғасырда Баласағұн қаласында шамамен 1018 жылы дүниеге келгендігін көреміз. Жүсіп Баласағұн –XI ғасырдың көрнекті ақыны, ойшыл-философ, бүкіл Шығыс елдеріне әйгілі ғалым-энциклопедист, аса ірі мемлекет қайраткері, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Сол заманның беделді мәдени орталықтары – Фараб, Қашғар, Бухарада білім алған. Жүсiп Баласarұн Қарахандар мемлекeтiнiң хан сарайында бас министр қызметiн аткарған. Ол мемлекeттiк заңдар мен салт-дәстүpлерiнiң oрындалyын қадағалап, сарай маңындағы нөкерлергe, yәзipлерге(министpлерге) сарай қызметшiлерiне тапcыpмалар берген. Сoнымeн қатар, хаc хажиб елшiлеpдi қабылдап, реcми ic-шаралардың ұйымдастырылyын кадағалаған,жетім, кeдейлердiң арыз-өтiнштерiн тыңдап, Қараханид мемлекeтiнің әмiршici Табагач Кара Богра - ханға баяндaп отырған. Жүсіп Баласағұн жұмысын сол дәуірдің ел билеушісі Табағаш Боғра Қара Ханға тарту еткен. «Құтты білікті» қатты ұнатқан Табағаш Боғра Қара Хан Жүсіп Баласағұнға дәуірінің ең үлкен лауазымдарының бірі- «Хас Қажыб», яғни, патшаның сыртқы халықпен қарым-қатынасын жүргізетін елшісі атағын береді. [2]


Қайта өрлеу дәуірінің жетістіктері Қарахан мемлекетінің жан-жақты дамуына ықпал етті. Прогрессивтік өзгерістерден халық тәлім-тәрбиесі де тыс қалған жоқ. Қайта оның, әсіресе, жазба әдебиетінің дамуына нақты үлесін қосып отырды. Ортада болып жатқан әлеуметтік, мәдени өзгерістер халық ауыз әдебиетінде көрініс табады. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, т.б. сол кезеңдегі өмірдің ерекшеліктерін сақтап қалды. Бұдан мынандай маңызды тұжырым шығады: Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой-санасының жеткілікті өсті. Себебі мұсылман әдебиеті түрік тілінде шыға бастады, жаңа түрік жазуының түзілуіне, Орхан-Енисей құлпытастарындағы көне жазулардың қайта өрлеуіне кеңінен жол ашылды. Әрине, осының бәрі түркі халқының патриоттық, отансүйгіштік сезімін көтеріп, халық аузындағы нақыл сөздерде, мақал-мәтелдерде көрінісін тапты.
Халық ұсынған тәрбие құралдары қарахан дәуірінде дамып, қызметі тереңдеді. Бұған кемеңгер ойшылдардың шығармалары дәлел болады. Тіпті, Қорқыт атадан бастап, әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иүгінеки, т.б. шығармаларында халықтан тараған тәлім-тәрбие кеңінен орын тапты. Әсіресе, Жүсіп Балсағұнның есімі ерекше бағаланады.
Туғаннан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен ойшыл-ғұламалар еңбектерінде халықтың асыл мұрасын басшылыққа алып, өз ойларын бағыттаған. Сонымен бірге халқымыз ежелден сөз ұстаған шешенді, ел бастаған көсемді қол бастаған батырлардан кем қадірлемеген. Бұл халық тәлім-тәрбиесінің даналығын көрсетіп тұр.
Халықтық педагогика орта заманда, яғни түркі елдерінің қайта өрлеу дәуірінде басты рөл атқарған. Оларды жүйелей келе, мынадай қорытынды шығаруға болады:

  1. Орталық Азияда түркі елдерінің қараханидтер дәуірі аса өркендеген

Қайта өрлеу тарихи кезеңі болып келеді. Қараханидтердің кең байтақ империясында елеулі экономикалық, әлеуметтік, мәдени алға басушылық болды. Қолөнер, әдебиет пен мәдениет бұрын болып көрмеген дәрежеде дамыды. Бұл өзгерістер халық педагогикасында орын тауып отырды.

  1. Қайта өрлеу дәуірінің құнды жетістіктерінің бірі- түркі тілінде аса

жоғары көркемдік, тәрбиелік деңгейдегі шығармалардың дүниеге келуі. Соның алғашқы қатарында Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны. Жазба ескерткіштер халық тәлімінің құралдары- ауыз әдебиетінің үлгілеріне негізделіп, толыға түсті.

  1. Қараханидтер заманының мәдени-әлеуметтік жетістіктері халық тәлім тәрбиесінің жаңаша дамуына ықпалын тигізді. Тұрмыс-салтына, адам дүниетанымына байланысты мақал-мәтелдердің, нақыл сөздердің, халық өлеңдерінің тәрбиелік мақсаты да, мазмұны да өзгеріп отырды, қоғамның өсуін көрсетіп отырған жаңаша қырлары, жаңаша тақырыптары пайда болды. Адамгершілік, отансүйгіштік сезімдері дамып отырды.

  2. Халық тәлім-тәрбиесі ең алдымен, отбасы тәрбиесінің іргетасын қалап, діни, мәдени, білім алу (мектеп, медресе, ғылым үйлерінде) орталықтарында тұлға қалыптастырудың негізгі құралы болып келді.

  3. Халық тәлімі түркілердің педагогикалық ой-пікірі мен білімнің, тәрбиенің біріккен арнасы болып, прогрессивтік идеялар туындысының қазынасы, ұйытқысы ретінде танылды.

Ол түрлi бiлiм салалары бойынша көптеген еңбектep жазған, бірақ бiзге дейiн oның әлемге тaнымал «Құтты Білік» шығармасы ғана жеткен. Бұл кiтапты ол 462 жылы жаңа жыл есебi бойынша-1070 жылы жазған. Жүсiп Баласағұн өзінің дастaнында, оған дейiн араб, парсы тiлдерiнде керемет жазбалаp болғaнын, бірақ Қараханид мемлекeтiнде түркi тiлiнде мұндай шығарманы алғaшкы болып өзi жазғaнын айтады. Шын мәнiнде, пaрсы және араб тiлдерiнде oйлайтын және жазатын елде түркi тiлiнде дастан жазылyы зор жaңалық болды.


Сонымен қатар, ғұлама еңбегінде жас шамасының елуден асқанын, алпысқа бет бұрғандығын баяндайды. Сол кездерде науқас екендігін, асқа зауқы соқпайтынын, оқтай бойы иіліп садақтай болғаны, жасының енді елуге шыққанына қарамастан өзін әлсіз, қартаң сезінетінін баяндайды. Сондай-ақ, дәуірінің емшілерінің әлсіздігін, дертіне дауа таба алмайтындығын айтады. Ғалымдар «шамамен 1077 жылдары алпысқа тақаған шағында осы ауруынан дүниеден қайтқан» деп болжайды.
Жүсіп Баласағұнды академик, ірі ғалым А.Н.Кононовтың сипаттауынша:
« ... аса көрнекті ақын, білімді кісі, адам жанының білімпазы, философ, энциклопедист-ғалым, араб, парсы жіне түркі фольклорының бүкіл қыр-сырын меңгерген сөз зергері: ол астрономия мен математикадан, медицина мен шахматтан және ұлттық спорт ойындарынан, аңшылық және құсбегіліктен хабары мол адам» [3.23] Әрине,осындай жан-жақты дамыған ойшылдың ұлтына арнаған мұрасында құндылықты ойлардың бары анық. Біріншіден-бұл «Құтты білік» атты қоғамдық-саяси, әлеуметтік бітімі қанық, ақиқаттық-этикалық, рухани, даналық ескерткіші. Екіншідеен- дастандағы маңызы өлшеусіз тәрбиелік жүйе. «Құтты білікте» бұлар анық көрінетін дүние. Өзекті тақырыбынан да, алға ұстанған мұрат-мақсатынан да байқалады. Ол халыққа құтты өмір сыйлау, бақытты, әділетті қоғам құру. Осындай ізгілік мұраттарды жүрекке байсалды, сұхбат, байыпты ой-өрнегімен ұлы ғұлама өзі өмір сүрген ортасына жеткізуді көздейді. Әлемге түркі тілінде бірінші танымал болған еңбекті мақтаныш етіп Жүсіптің замандастары да, кейіннен ғұламаның шығармашылығын қанық зерттеген белгілі ғалымдар да «Құтты білікке» жан-жақты сипаттама берді. Тіпті автор өзі де «Құтты біліктің» құндылығын оқырманға түсіндіреді. Сондай-ақ бәйіттердегі ерекше ұғымдар назар аудартады яғни, «Құтты білік» - ол бірінішіден- «ұлылық негізі», екіншіден- «білім теңізі», «адам ісін оңдыратын туынды»:
Әзіз кітап-бұл ұлылық негізі,
Біліктегі болғай білім теңізі!
Тыңдағанға- ұғынықты, қадірлі
Жазбас-ауыр, надандарға кәдімгі
Жүсіп Баласағұнның пікірінше бұл еңбектің бағасын білген адам өмірдің мәнін түсініп, өзін дұрыс тәрбиелейді.
Көз-қолыңды демеп жарық шашар да
Ісіңді оңдар сөзі екі жаһанда
Кітап құнын білсе-білер білікті,
Ақылсыздар нені сезіп, біліпті?!
Шығыс елінің көңілін аударған кітаптың дүниеге келуі- Орта ғасырдың құбылысы. Атақты хәкімдер «жарысып», «мадақтасып», «таң-тамаша қылысып», «хан тіліндегі кітап» деген баға береді. «Құтты білік» дастаны әр ұлыстың, орда, сарай мен шаһарлардың бек және даналарының да назарынан тыс қалмаған. Осындай жағдайлардың арқасында Жүсіп Баласағұнның кітабы әлемге әйгілі болып, кезінде көп аттарға ие болды. Мұндай тарихи деректерді «Құтты біліктің» бәйіттерінен оқуға болады:
Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған
Әр елдің бек, даналары алыпты,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат тағыпты.(26-27-бәйіт)
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны- түркі сөздерімен жазылған өмірлік ақыл-ойдың философиялық ескерткіші. «Құтты білік»-жалпыадамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең философиялық мұра. «Құтты білік»-оқырманын тәрбиенің түрлі салалары бойынша даналық ойлардан сусындататын тәлім-тәрбиелік энциклопедия.
Сонымен Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны әлемдегі асыл қазыналардың қатарындағы түркі халықтарының өлмес мұраларының бірі. Арабтарға, үнділерге, парсыларға ықылым заманнан мәлім ақылман дастан шығыс әдебиетінде, шығыс өркениетінде ежелден белгілі ағым. Даналық дастаны «Құтты білік» 1069-1070 жылдары он сегіз айдың ішінде жазылған. Тұран шахнамасы атанған «Құтты білік», «Махабхарата», «Шахнама», «Златоуст», «Домострой», «Сиясатнаме», «Құпия шежіресі», т.б. сияқты әлемге әйгілі ұлы жазбалармен терезесі тең шығарма. Дидактикалық, «ақылман толғаныстар» жанрында жазылған кітаптар әлем кеңістігінде көне заманнан көріне бастағанына тарихи деректер куә.
«Құтты білік» дастанын аударған Асқар Егеубаев өз пікірін былай жеткізеді: «Ендігі бір керемет-Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі». Оқыған сайын қарапайым даналығымен тандандырып, үйіре беретін, халықтың елдігін, өнері мен сезім кереметін ұғындыра түсетін осы ұлы жазудың қасиетті-түркі мәдениетінің, оның ішінде қазақ жерінде осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен бабамыздың ұлылығын, даналығын, сана-сезім, салт-дәстүріміздің ата тегін қолмен қойғандай айқын меңзеп беретіндігі.
Қарахандар дәуірін дүбірлеткен «Құтты білік» дастаны XX ғасырдың даналарын таң қалдырып, тиісті бағасын алып отыр. Асқар Егеубаев кітаптың өміршеңдігіне, кең мән-мағынасына көңіл қойып, ойын былай жалғастырады: «Құтты білік»- халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін әдеп, адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Қария дала төсінде не өтпеді, не болмады. Талай шаһарлар, талай сарайлар із-тозсыз жоғалды. Талай ғалымдар, жиһанкез баһадүрлер атаусыз өтті. «Құтты білік» -«құтты бітік» («бітік»-көне түрікше, «жазу, жазба, кітап») қана он ғасырға жуық ұланасуды асып қолымызға қайыра тиіп отыр. Уақыт өтіп, дәуір озған сайын қадір-қасиеті артып кемелдене түскендей. Әр жолдарына үңілген сайын туған туған елдің өскен жердің рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезіне түсесіз. Халық атты ұлы атауға ұласқан ұлы қадір-қасиеттің тәлім, мектебін түйсінесіз! Түркі халықтары ғылымының, тілі мен өнерінің тынысын байқап, құнарлы топырағының ыстық табы бойға тарағандай күй кешесіз. Оқыған сайын еліміздің, туған әдебиетіміздің нәрі тіліміздің сырларына қанығып, ой-өнерінің өзгеше ирек, етене туыс кәусәрына тамсанамыз.
Кітап атын «Құтадғу білік» қойдым»-
Құтың тұтсын оқушым білікті ойдың! –дейді Жетісудың Құзорда (Баласағұн) қаласынан шыққан ұлы ойшылы Жүсіп.
«Құтты білікте» ақын қоғам жетекші өкілдерінің шынайы ғылым мен еркін ойлауға ұмтылысын көрсеткен. Осыған байланысты ол өзінің замандастарының назарын білімсіз танымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтады: әлемді терең тану үшін білім мен ілімді жүйелі түрде толықтырып отыру қажеттігін айтады. Адам іс-әрекетінде білім ол-денсаулық, жан тазалығы, даналық пен бақыт.[4]
Шығарманың негізгі баптары-Ақыл-ойдың күші, Білімнің пайдасы, адамзат қоғамының дамуындағы Ғылымның орны туралы. Бұл трактаттың көп бөлімдері өміріндегі, бақыт туралы ойлар, жаман және жаман қылықтар, сөздің жағымды және жағымсыз жағы, әр түрлі деңгейдегі басшылар мен әміршілерге қажетті қасиеттер туралы, әр түрлі қоғам өкілдерімен тіл табу туралы ойларға арналған. Дастанда отбасының және жас жасұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы негізгі орынға ие. [4]
Жүсіп Баласағұн өз туындысында адамзат тарихының маңызды тарихи кезеңіндегі (IX ғ) гуманистік тәрбиенің біртұтас жүйесін бейнелейді. Адамзатты сүю, тұлғаның кемелденуі ұстанымдарын насихаттай отырып, ол гуманизмнің түйінді әлеуметтік-педагогикалық қағидаты-тұлғалыққа саналы түрде өрлеу, оның бірегейлігін мойындау, оның бойындағы әділдік, ақыл-ой, бақыт сынды мәңгілік ізгілік мұраттарын қалыптастырып дамыту болып табылатындығын тілге тиек етеді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты туындысының оң тәрбиелік әсер-ықпалы оның адамзат тарихында көптеген ұрпақтарды патриотизмге, ана тіліне, сал-дәстүрге деген құрметке баулуға септігін тигізуінен аңғарылады. Оның гуманистік көқарастары Абай Құнанбайұлының және қазақ ақын-жырауларының тұтас шоғырының философиялық тағылымының негізіне айналды. Оның жалпыадамзаттық және адамгершілік-гуманистік мәселелерді шешу жолындағы пайымдары Томас Мор, Томмазо Кампанелла, Ян Амос Каменский пайымдарымен үндес келеді. [2]
Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігі» тасқа қашалған Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі (VI-VII ғғ.) көне түріктердің алғашқы әдебиет үлгілерінің заңды жалғасы іспеттес. Ондағы «Күлтегін» ескерткіштеріндегі жазулар мен «Құтты білік» арасындағы поэтикалық үндестік, рухани туыстық, тілдік және сөздік байланыс туралы мысалдарды көптеп келтіруге болады. «Тоныкөк» (Кіші жазу) және «Күлтегін» жырларында бірнеше қайтара айтылатын жер-су, тайпа аттары, «Өтүкен» секілді сөздер «Құтты білікте» де жиі-жиі қайталанып отырады: «Өтүкеннің бегі айтқан тебіреніп...» (2682-бәйіт)
Жүсіп Баласағұнидің шығармашылығын алғаш зерттеушілердің бірі неміс ғалымы Отто Альбертс ибн-Синаның этикасы мен Баласағұнидің көзқарастары арасындағы сабақтастықтың ғылыми концепциясын ұсынып, «Жүсіп Баласағұни ибн-Синаның шәкірті әрі ізбасары болған деген жорамал айтады» [5.24]
Әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұни сол замандағы басқа да ғалымдар секілді адам тәрбиесін дін ілімімен ұштастырып отырған. Олардың еңбектерінде айтылатын имандылық идеялары діни шеңберден әлдеқайда кең ұғымды қамтып жатыр. Ғылым мен білім үшін құнарлы қазақ топырағынан өнген әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұни сынды екі өнегелі ойшылдың көзқарастарындағы адам тәрбиесіне байланысты пікір сабақтастығы халқымыздың педагогикалық ой-санасының ғасырлар қойнауынан желісі үзілмей, бүгінгі күнмен жалғасып жатқандығын көрсетеді.
Ілкі ортағасырлық Орта Азия мен Иран өлкесінде білім мен ғылымның, әдебиет пен өнердің бір-бірімен тығыз байланысып жатқанын 1082-1083 жылдар аралығында жазылған аса бағалы педагогикалық мәні бар туынды парсы-тәжік ойшылы Қайқауыстың өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазған «Кабуснама» кітабының мазмұны дәлелдейді. Қайқауыстың: «Менің дүниедегі жиған асыл заттарым-осы сөздерім. Ал, жақсы көрген адамым да, үмітім де өзіңсің. Сондықтан, бар асылымды өзіңе тапсырдым, сен оны дұрыс пайдаланып, қисық жолға қадам баспағайсың» [6.10]-деп баласына жолдаған өсиеттері «Құтты біліктегі» Айтолдының баласына айтқан аманатына ұқсас.
Дастанда Шығыс жұлдыздарының бірі Фирдоусидің (940-1025 ж.ж) теңдесіз поэмасы «Шахнамадағы» Ануширван, Феридун, Рүстем, Афрасиаб сияқты кейіпкерлердің ерлік істері дәріптелініп, автор өз жерлестерін солардан үлгі алуға шақырады. Тіпті, ол «Шахнама» поэмасына тікелей сілтемелер жасап, оның мазмұнынан қысқаша үзінділер де келтіріп отырады. Фирдоусидің «Шахнамасының» жартысынан көбі Тұран мен Иранның өзара қарым-қатынастарына арналған. Сондықтан: «Афрасиабтың айналасы, оның барлық әскер басылары-түріктер, олардың көбі түркі есімдерімен аталады» [7.109]





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет