1-топ - заттық ойындар ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жаруарлар әлемін, олардың арасындағы қарым- қатынастарды т.б. зерттеп таниды.
2-топ - шығармашылық, сюжеттік рөлдік ойындар. Мұнда сюжет- интелектуалдық іс- әрекетің формасы. Мәселен, саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, құжаттар бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлке танушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жасады. Оқушылар ойша геолог, зоолог, экономист, топограф т.б. рольдерді атқарады, күнделіктер жүргізеді, хаттар жазады, түрлі танымдық материалдар жинақтайды. Бұл ойындардың білім алушылардың шығармашылық қиялын дамытудағы маңызы зор.
3-ші топ - дайын ережелері бар ойындар. Бұл ойындар, әдетте білім алушылар жұмбақты шешу, тарқата, болжай білуді, ең бастысы пәнді білуді талап етеді.
4-топ – еңбек, техникалық, конструктрлық, құрылыс ойындар. Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.
5-топ - баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары. Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғарып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.
Ең жақсы деген ойындар өз бетімен оқуға негізделген. Олар білім алушыларды біліммен, біліктермен және дағдылармен қарулануға бағыттайды. Оқтудың екі негізгі компоненттен тұратыны белгілі: керекті ақпаратты жинау және дұрыс шешім қабылдау. Білім алушылардың дидактикалық тәжірибесін толықтыратын да осы компоненттер. Бұл жерде психологиялық сипаттағы дамушы ойындарды да атап кеткен жөн: сөзжұмбақтар, викториналар, ребустар, криптограммалар т.б. [30; 63].
Дидактикалық ойындардың нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолданудың жүйелігіне; екіншіден, ойын бағдарламалардың мақсатына тығыз байланысты. Ойынның мақсаты оқытудың басты мақсатымен үндес,яғни білім алушылардың білуге, білімге деген құштарлығын ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |