Кім туралы екендігін тап. Балалар көбінесе ғалымдардың фамилиясына аса мән бермейді. Ал авторлардың еңбектері мен шығармаларын есте сақтау үшін ойын ұйымдастыруға болады. Мұғалім алдын-ала минитекст құрастырады. Мысалы, «1961 жылы космосқа ұшқан». Оқушылар кім туралы айтылып жатқандығын табуы керек.
Генератор – сыншылар. Мұғалім көп ойлануды талап етпейтін мәселе береді. Екі топ құрылады. Бірінші топ оқушылары – генераторлар, олар мәселені шешудің көптеген нұсқауларын береді. Бұның балығы алдын – ала дйындықсыз орындалады. Ешкім бірін-бірі сынамайды. Барлық шешімдер айтылады. Екінші топ – сыншылар. Олардың міндеті айтылған ұсыныстардың ішінен тиімдісін таңдап алу.
Миға шабуыл. Бұл ұжымдық талқылау әдісінде барлық қатысушылар еркін түрде өздерінің ойларын айтады. Стратегия бірнеше сатыдан тұрады:
1) Мұғалім пікір-таластың тақырыбын айтады және оқушыларға тапсырмалар береді. Сосын миға шабуыл әдісінің ережелері айтылады:
- «шабуылдың» мақсаты – тапсырманы шешудің бірнеше нұсқасын ұсыну;
- өзіңіздің қиялыңызды жұмысқа қосыңыз, жалпы қабылданған идеяға қарсы шығатындықтан бола басқалардың идеяларын жоққа шығармаңыз;
- басқа қатысушылардың идеяларын дамытыңыз;
2) Мұғалім барлық идеяларды жазып отыратын көмекші тағайындайды.
3) Үзіліс жарияланады.
4) Үзілістен кейін оқушылар идеяларды топтастырады және дамытады. Идеяларды топ бойынша топтастырған соң қатысушылар оларды талдауға кіріседі. Берілген мәселені шешуге көмектесетін ең тиімдісін таңдап алады.
5) Мұғалім пікір-таластың қорытындысын дайындайды. Егер миға шабуыл әдісі ешқандай нәтиже бермесе оның себеп-салдарын табу керек.
Кубик. Қағаздан кубик жасалады. Оның алты жағына алты тапсырма жазылады: сипаттаңыз, салыстырыңыз, талдаңыз, ассоцияциялаңыз, ұсыныңыз, дәлелдеңіз.
Сабақ үстінде талқылау үшін тақырып, мәселе беріледі. Оқушылар кубикті айналдыра отырып, тапсырманы тізбек бойынша орырндап шығуы керек.
Сипаттаңыз: Нысанаға жақыннан қараңыз (ойша) және сіз не көріп тұрғаныңызды баяндаңыз. Сіз не көріп тұрсыз, оның түсі, көлемі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |