Көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);
Коммуникативтік : қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; Өзіндік жүзеге асыру;
Ойын-емдеушілік: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;
Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлық ауытқушылықтарының пайда болуы);
Коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосуы;
Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;
Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту.
Ойындардың көбінде өздеріне сай 4 басты қырлары болады (С.А. Шмаков бойынша):
- еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік үдерісінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);
- шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өте белсенді (шығармашылық «жолы»):
- эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, бәсекелестік, атракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);
түзу немесе жанама ережелердің бар болуы,ойындағы мазмұнды ашу.
Ойын құрылымына оның үдерісі ретінде: а) ойнаушының өзіне алған рөлі; ә) осы рөлдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті; б) пәндерді ойын түрде пайдалану; в) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас; г) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы» жатқызылады.
Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық- педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:
өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының, кәсіби қызметтің, іс-әрекетінің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;
оқушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән мәселелік аухалдарды жасау принципі;
ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызмет принципі;
оқу тапсырмаларын шешуде, келісімде шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі;
оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді.
Бұл маңызды іс-әрекеттер ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға интелектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының мақсаты да – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдынала болжай білуге үйрету.
Ойынның қызметі өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б. Барлық ойындарды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
«Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:
Достарыңызбен бөлісу: |