Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021



бет12/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы
Metod Klinicheskaya farmakologiya Farmaciya-007, Сауалнама
Көңіл көтеруші: ( бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту);

  • Коммуникативтік : қарым-қатынас диалектикасын меңгеру; Өзіндік жүзеге асыру;

  • Ойын-емдеушілік: өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әр түрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;

  • Диагностикалық: өзін-өзі тану ойын үдерісінде (ережеге сай мінез-құлық ауытқушылықтарының пайда болуы);

  • Коррекция қызметі: тұлғаның құрымдылық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосуы;

  • Ұлтаралық коммуникация қызметі бойынша: барлық адамға ортақ әлуеметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру;

  • Әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде бекіту.

    Ойындардың көбінде өздеріне сай 4 басты қырлары болады (С.А. Шмаков бойынша):
    - еркін дамушы іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік үдерісінің қамы үшін ғана емес тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);
    - шығармашылық, белгілі деңгейдегі іс-әрекеттің импровизациялық өте белсенді (шығармашылық «жолы»):
    - эмоционалдық көтеріңкілік, қарсыластық, бәсекелестік, атракция және т.б. (ойынның табиғи сезімділігі, «эмоциялық кернеу»);
    түзу немесе жанама ережелердің бар болуы,ойындағы мазмұнды ашу.
    Ойын құрылымына оның үдерісі ретінде: а) ойнаушының өзіне алған рөлі; ә) осы рөлдер іске асырылуының қоспасы ретіндегі ойын іс-әрекеті; б) пәндерді ойын түрде пайдалану; в) ойыншылар арасындағы шынайы қарым-қатынас; г) сюжет (мазмұн) – ойындағы «шындық аумағы» жатқызылады.
    Іскерлік ойындарды дайындау барысында төмендегідей психологиялық- педагогикалық принциптерді жүзеге асыру қажет:

    • өндірістің нақты жағдайлары мен динамикасының, кәсіби қызметтің, іс-әрекетінің мазмұнын имитациялық модельдеу принципі;

    • оқушыларда кейбір қиындықтар мен ойлау қайшылықтарын тудыратын тапсырмалық ойындар жүйесі арқылы берілген кәсіби қызметке тән мәселелік аухалдарды жасау принципі;

    • ойында көрсетілген өндіріс мамандарының функцияларын бейнелеуде қатысушылардың бірлескен қызмет принципі;

    • оқу тапсырмаларын шешуде, келісімде шешімдерді дайындауда және қабылдауда серіктестердің іс-әрекеттік және диалогтық қарым-қатынастарының шешуші рөл атқаруы принципі;

    • оқу ойын іс-әрекетінің екі мақсаттылығы принципі. Іскерлік ойын болашақ маман тұлғасын дамытуда біршама маңызды міндеттерді шешеді: оқушылар мамандығына қажет білімдер мен дағдыларды меңгереді, әлеуметтік және кәсіби бірліктерді игереді.

    Бұл маңызды іс-әрекеттер ойын формасында іске асырылады да, оқушыларға интелектуалдық, эмоциялық және шығармашылық тұрғыдан өзін көрсете білуіне мүмкіндік береді.
    Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өңдеуден – қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық – іздемпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.
    Ойынды қолдана отырып, оқыту технологиясының мақсаты да – оқушыны өз оқуының мотивін, өмір мен ойындағы өз мінез-құлқын түсінуіне, яғни өзіндік іс-әрекеттің мақсаты мен бағдарламасын қалыптастырып, оның жақын болашақтағы нәтижелерін алдынала болжай білуге үйрету.
    Ойынның қызметі өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік т.б. Барлық ойындарды танымдық деп атасақ қателеспейміз.
    «Дидактикалық ойындар» термині дидактика бөліміне мақсатты түрде кіргізілетін ойындардың барлығына тән. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы бар:


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет