Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021


Сабақтағы оқушыларды белсендендірудің тәсілдері



бет14/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы

2.3 Сабақтағы оқушыларды белсендендірудің тәсілдері
Оқушылардың сабақтың ғылыми негіздері мен өнерін қызығушылықпен меңгеруі үшін олардың іс-әрекетін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға жағдай жасау қажеттігі туындайды. Бұл мақсаттарға жету үшін көптеген тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Төменде сабақты қызықты әрі тиімді етіп өткізудің стратегиялары берілген.
Терминалогиялық жаттығу. Микротоптарға бөлінген оқушыларға 5-6 ұғым беріледі. Оқушылардың міндеті сол ұғымдарға бірнеше анықтама беріп, өздерінің көзқарастарын қорғайды.
Коллаж. Қажетті құралдар: газеттер, түрлі-түсті суреттері бар журналдар, қайшылар, клей, ватман. Оқушылар шығармашылық топтарға бөлінеді. Мұғалім оқушыларға «кілттік сөздерді» береді. Командалар ватманда жабыстырылған суреттердің көмегімен үғымның мәнін ашады. Сосын авторлар өздерінің афишаларын түсіндіру арқылы жария етеді, яғни, ұғымды қалай түсінетіндіктерін айтады. Нүсқа: коллажды авторлар емес, басқалары жариялайды.
Шығарманы көру. Оқушыларға алдын-ала апта бұрын баяндаманың тақырыбы беріледі. Бір тақырыпты бірнеге оқушыға беруге болады, бірақ әр түрлі ақпарат көздерінен (мысалы, сол тақырыпқа ғылыми, әйгілі, әдеби көзқарас тұрғысынан және т.б.).
Әрбір оқушыға тақырып бойынша қосымша материалдар алып келу тапсырылады (ол видеофильм, плакат, интернеттен алынған ақпарат болсын және т.б.).
Сұрақтар тізбесі. Оқушыларға тақырып, мәселе және ақпарат көздері беріледі: кітаптар, энциклопедиялар, әдістемелік құралдар және т.б. Олар мынадай негізгі сұрақтарға жауап берулері керек: кім...қайда...не...қалай... және т.б. Сұрақтар мәселенің тізбесі бойынша құрастырылады. Сұрақты оқытушы қоюы мүмкін, кейінірек әбден дағдыланған соң сұрақты оқушылар қояды. Егер іс-әрекеттің бұл түрін жарыс түрінде ұйымдастырса, онда оқушыларда тапсырманы шығармашылық тұрғыда әрі сапалы орныдауға деген қызығушылығы артады.
Жетістікті басқару. Оқушыны тақтаға шақырады, сосын оған тақырыпты, мәселені, тапсырманы, жаттығуды, сұрақты береді. Ал оқушы өз кезегінде кімнің көмегі қажет болуы мүмкін деген оймен сол оқушыны таңдайды. Ол екі немесе үш оқушы болуы мүмкін. Осындай жолмен біріктірілген командалар соңғы партаға барып 10-15 минут дайындалады. Команда мүшелері жұмысқа қажетті деген құралдардың барлығын пайдалана алады. Дайындық жұмысы біткен соң оқушылар мұғалімге оқыған материалдарды береді. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса ол баға мен сөзбен мақтауға ие болады да оның тобының да еңбегі бағаланады. Егер тәжірибе орындалмай қалса, командаға жаңа баға қойылмайды, керісінше мұғалім оларды жетістікке жекізетін басқа тапсырмалар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет