Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021



бет17/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы
Metod Klinicheskaya farmakologiya Farmaciya-007, Сауалнама
Л.А.Вулис әдісі. Оқытушы оқушыларға ешбір оқулықта табылмайтын мәселелік жағдаятты қояды. Ал оқушылар осы мәселелік жағдайды өз беттерінше шешулері керек.
Прогрессивті пікір-талас. Ол 5-кезеңнен тұрады:

  1. Идеяның пайда болуы (балалар бар көңілдерімен мәселені шешу бойынша өздерінің идеяларын айтады);

  2. барлық идеяларды тақтаға жазады;

  3. әрбір ұсынысты талқылау;

  4. мәнділігі бойынша варианттарды орналастыру;

  5. тікелей пікір-талас, мұнда ең көп дауыс жиналған шешім ғана қалады.

Қарсыластар: Сынып екіге бөлінеді. Командалар бір-біріне қоятын сұрақтарын дайындайды. Егер қарсыластар жауап беруде қиналатын болса, команда мүшелері өздері жауап бере алады.
Қажетті шпаргалкалар. Сынып үш топқа бөлінеді. Әртоп өзіне тиесілі тапсырма алады: белгілі бір тақырып бойынша шпаргалка жазу. Әр топта бір шпаргалкадан жазу керек. Мынадай көрсеткіштер бойынша «ең жақсы шпаргалка» бағаланады: сұрақ мәнінің айқындығы, нақтылық, сызба түрінде болуы, түсініктілігі. Эксперт мұғалім болады. Сосын «шпаргалка бойынша жақсы жауап берген оқушы» деген конкурс та болады.
Ең бастысы. Қажетті оқу құралдары: қағаз бен қарындаш, оқу мәтіні.
Оқушылар мәтінмен танысып, мынадай тапсырмаларды орындайды:
оқу материалының тақырыбын бір сөзбен-ақ сипаттайтын сөз ойлап табу;
белгілі материалды бір ауыз сөзбен түсіндіру;
Мәтін ішінен мәтіннің мәнін келтіріп тұрған құпяны, ерекшелікті табу;
Сөздерді, табылған құпия сөздерді жазып алу керек. Сосын оқушылар өздерінің сөздерін оқиды, ал қалғандары тыңдап, өзеріндегі сөздермен салыстырады. Жұмыстың қорытындысы шығарылады:
Нені орындау оңай болды? Қандай қиыншылықтар кездесті?
Тапсырманы орындауға не нәрсе көмектесті. Не кедергі келтірді? Бұл жұмыс материалды меңгеруде қаншалықты көмектесті?
Философиялық ертегі. Сынып екі-үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің тақырыптарын таңдайды және соған сай ертегі құрастырады. Микротоптарға қойылатын талаптар:

  • ертегі қарастырылып отырған мәселенің мәні мен ерекшелігін контексті түрде бейнелеу керек;

  • ертегі түсінікті болуы керек.

Ертегінің жанры мен сипатын студенттер өздері таңдайды. Ертегіні тек оқып қана қоймай оны ролмен ойнап шығуға да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет