2.2 Iскерлiк ойындар – белсендi оқыту әдiсi
Ойын – оқытушылық iс-әрекеттi ұйымдастыру барысында оған қатысушылардың өз тәжiрибесi арқылы бiлiм, дағды қалыптастыру мүмкiндiктерiнiң жүйелi түрi [29; 57]. Яғни, ережелермен анықталған жарысушылардың жеңiске жету немесе жеңiлуiн айқындайтын оқытушылық iс-әрекет. Ойын – көп қырлы түсінік, осыған орай қолданыста әртүрлі ойындар кездеседі. Бірі балалардың дүниетанымын және ойлау қабілетін дамытса, екіншісі – күш, ептілік, үшіншісі – құрастырушылық дағдыны дамытады.
Кейбір ойындар әртүрлі құралдарды және атрибуттарды талап етеді. Олардың пайдалану мерзімін қадағалаған жөн. Ойында қолданылатын заттар мен құралдар, қауіпсіз, балаларға қолайлы және таза болуы тиіс. Балалар ойынның мәні мен мазмұнын, оның ережелерін, терминдер мен түсініктердің нақты аудармасын жақсы түсінуі және әрбір ойындық рөлдің идеясын игеруі қажет.
Ойын ынталандыру әдісі ретінде де қолданылады. Ынталандыру түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: атақ беру, алғыс жариялау, жетекшілік, ойын капитаны, балл негізінде бағалау, орындарды анықтау құқын беру және т.б.
Ойын – тиянақты іс, ол балаларға ықпал етудің басқа да тәсілдері сияқты өзіне мұқият қатынасты талап етеді мысалы, еңбек. Оны үлкеннің кішіге, күштінің әлсізге бағыну түріне айналдырмау керек. Ойын – даму мен тәрбиелеудің маңызды тәсілі болып табылады. Ойындардың барлық тәрбиелік мәні оның ережелерінде орын алған.
Ойынның негiзгi элементтерi:
Оқытудың мақсаты;
Ереже (нақты анықталған);
Жарысушылық;
Ойынға қатысушылардың қарым-қатынасы;
Аяқталу кезi (уақыт көлемi, ұпай, жинақтаған балл көлемi т.б.);
Нәтиже (жеңiлгендер мен жеңгендер).
Ойынды не үшiн пайдаланады?
Тәжiрибе арқылы оқыту;
Мәтiндi нақты үлгiлендiру;
Түрткiнiң жоғарғы деңгейi (қатысушыларды белсендендiру, ойыннан қуаныш табу, жарысушылық);
Әркiмнiң қатысуына мүмкiндiктiң болуы;
Қатысушылардың рөлiне мән беру;
Олар бiр-бiрiнен үйренедi;
Оқыту жеделдетiледi;
Ойын нәтижесiнде – оқытушылық тұрғыдан – бәрi жеңiске жетедi;
Өздерiне қауiпсiз жағдайда ойынға қатысушылар еркiндiктi сезiнедi;
Ойын әркiмнiң iшкi жан-дүниесiне үңiлуге мүмкiндiк туғызады және iс-әрекетiн талдайды, басқалардың көзқарасын байқайды;
Дағдының дамуына көмектеседi;
Сабақ мазмұнын жақсы түсiнуге, есте сақтауға көмектеседi;
Ұсынылған тұжырымдар, қағидалар, құралдар күшейтiледi;
Қатысушылардың тез, кенеттен шығармашылық тұрғыдан, сезiмдер арқылы шешiмге келулерiн, iс-әрекет жасауларын қамтамасыз етедi;
Шынайы өмiрдегi қымбат заттарды (ақша, зат, адам ресурсы, ќұралдар) қолданбастан, өзiндiк нәтиже мен шешiмге келудiң құны мен беделiн терең түсiнуге итермелейдi.
Егер 1) ойын оқытудың мақсатына сай болмаса; 2) қатысушылардың қызығушылығы болмаса; 3) тренер ойынмен дұрыс таныс және ойнатуға даяр болмаса; 4) ойынды талдауға уақыт жетпесе, онда ойын дұрыс ойналмайды, күтiлген нәтиже алынбайды.
Ісекерлік ойындар дегеніміз болашақ маманның кәсіби қызметінің пәндік және әлеуметтік мазмұнын, сол қызметке тән қарым-қатынас жүйесін моделдеу, елестету. Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеті мынадай қызметтерді орындайды:
|