Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021



бет9/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы

Да шылауының қатысынан: Бұрын-соңды сезбеген аталы-балалы жандардың арасындағы нәрлі де тәтті махаббат дәмін енді татқан тәрізді.
Және шылауының қатысынан: Бірақ бұларды кім айтқанын және кімге айтқанын білмеді // Арықтың ен басына және ойпаң жағына қызыл қыштың түсіне боялған шлюздер қойылған.
Әрі шылауының қатысынан: Сұлтанмұрат әрі қорқып, әрі Анатады аяп келед // Бұл оны әрі аяп, әрі сүйсініп тұр Асау да өр, батыл да ер Анатай қайғыға тапталып бәсік боп қалыпты.
Ыңғайластық қатынас интонация амалының қатысынан да болады: Осы өкінішті арман, орындалмаған тілек, тарқамаған шер содан бері жүректен кетер емес // Бақандай үш ұл таптың онан басқа маған байлықтың, дәулеттің қажеті не? // Әскерге кеткеннен бері Байдалыдан хат жиі келіп тұрушы еді, біраздан бері хат та, хабар да жоқ // Сақтықта қорлық жоқ дегендей, ол үй астынан терең ор қазып, үстін ши, кигізбен жауып қойған болатын. Соңғы сөйлемде алғашқы сөздегі қажетті жалғаудың түсіп қалуы көрініс тапқан. «Жалғаулардың түсіп қалуы интонацияға, екпінге байланысты, - дейді С.Аманжолов. – Ол анық болса, жалғау түспейді, түсіп қалса, аз да болса, анық еместігін көрсетеді. Септік жалғауының көбі түсіп қала береді [1; 157].
2) Талғау мәнді салаласқан тіркестер. Бұл мән жалғаулық шылаудың я, я болмаса, не, немесе түрлерінен болады. Ғалым Т.Қордабаев бұл жалғаулықтарды «Сөйлемге талғаулық мағына беретін» деп сипаттайды. Біз бұл жалғаулықты сөздер байланысына қатысты пайдаландық. Десе де, ғалым айтқан мына пікір біздің тақырыбымызды да аша алады деп білеміз. «Бір топқа жатқызып, бір ғана атаумен аталып тұрса да, бұлардың ішінде өзіндік мағыналық және қолданылу ерекшелігі бар жалғаулықтар жоқ емес. Мсыалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар // Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, әйтеуір олармен қалайда хабарласу керек // Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болуын көздейді. Мысалдың бірінші сөйлемі компоненттерінде айтылған әрекеттердің қайсысының болатындығын кесіп айтпай, болжау, әйтеуір бірі болар деген мағынада баяндалған. Мысалдың екінші сөйлемі сөйлеуші үшін компоненттердегі әрекеттің қайсысы болса да бәрібір екендігін, сөйлеушінің ол әрекеттер турасында өзін бейтарап ұстайтындығын білдіреді. Мысалдың үшінші сөйлеміндегі компоненттердің бір-бірімен қатынасы алдыңғы екеуінен де өзгеше. Бұл тәріздес сөйлемдер субъектіні компоненттердегі әрекеттердің бірін істеуге міндеттейді, оны істеуді екінші бір әрекетке шарт ете алады» [22; 70]. Пікірді сөзтұлғалық байланыстар арқылы берілетін мысалдармен тұжырымдайық: Я жастықтың, я өмірдің рахатын көрмей, қан майданға кетіп барады! // Оның бұл сөзі я балаға, я Сейдеге айтылды ма, кім білсін! // Мына екі үйіміз азаматтардың не өлі, не тірі екенін білмей отырмыз // Астық төгетін стацияда немесе жолда жүретінбіз.
Мұндай шылау түрлерінің жеке сөйлем сыңарларын байланыстыратын қызмет бар. Оны жеке сөзтұлғалар байланысымен шатастыруға болмайды. Мәселен, төмендегі сөйлемдерде кездескен жалғаулық шылаулар жеке сөздің емес, жекее сөйлемдердің байланысуына көмектесіп тұр: Күннің әсем батқанына ма, я болмаса жұмысты ойдағыдай бітіргеніне разы болды ма, білмеймін, Жәмиланың көңілі маған тым жарқын көрінді // Үнсіз, басын төмен салбыратып, я болмаса теріс қарап тұрып күңкілдемейтін // Бұл сөзді дауыстап айтқанын, я ішінен айтқанын ол сезбей қалды.
3) Кезектес мәнді салаласқан тіркестер. Біз бұл қатарға бірде, біресе, кейде және әлде жалғаулық шылауларының қызметін жатқыздық. Кезектестік мән де құрмалас сыңарларының қатысында анығырақ шешілді. «Кезектес салалас сөйлемде оның компоненттерінде баяндалатын әр түрлі әрекеттер, жай күйлер бірінен кейін бірі алмасып, кезектесіп болып отырады» [2; 224].
Біресе шылауының қатысынан: Өскенде осылай жасы үлкенді сыйламас болар ма? Біресе шлюз, біресе тағы бірдеңе // Сұлтанмұратқа біресе кеңсеге, біресе председательге, біресе бригадирге жүгіріп табанынан таусылуға тура келді.
Әлде шылауының қатысынан: Иттің ұйқысырап самарқау үргені және тау жақтан судың ба, әлде мотордың ба дауысы естіледі // - Ақсақал, шыбығы тайғанын, әлде сүйегіне жарық түскенін біле алмай басымыз қатып тұр // Өзіне риза болып па, әлде ыза болып па, әйтеуір үнсіз күлімсірейтін.
Жалпы, жалғаулық мәселесі тіл білімінде ертерек қозғалды. Әрі оның осы мағыналық топты айқындаудағы қызметі алдыңғы орынға шықты. «Жалғаулықтар толық мағына білдірмейді, дара жұмсалмайды, абстрактілі грамматикалық мағынаға ие. Жалғаулықтар мағынасына қарай 1) ыңғайластық жалғаулықтар; 2) қарсылықты жалғаулықтар, 3) талғаулықты жалғаулықтар; 4) септік жалғаулықтар; 5) салдарлы жалғаулықтар; 6) шарттық жалғаулықтар болып топталады» - деген ғалым Р.Әміров оның жұмсалу өрісінің де бірдей еместігін алға тартады [14; 134]. Айтса айтқанындай, бұлардың жұмсалу өрісінде ерекшелік бар. Ғалым атауындағы жалғаулықтардың барлығы дерлік жеке сөздерді байланыстырады десек, шындыққа жанаспайтын болар еді. Жеке сөздердің байланысына қатысып, мағыналық топ құра алатындар, жоғарыда келтіргеніміздей, үш-төрт жалғаулық болса керек. Бәлкім, мұндай қасиетке олардың тарихи шығуы мен даму жолдары әсер етті ме екен, кім білсін! Мұндайда қазақ тілі грамматикасындағы мына кезеңдік саралаулар өз дегенін жасады.
1) Кеңес дәуіріне дейінгі кезең. Бұл кезең қазақ оқушыларын сауаттандыру мақсатында емес, негізінен, миссионерлік бағытта, яғни қазақ халқын отарлау үшін тілін меңгеру бағытында жұмыс істелді. Сол ыңғайда тіліміздің өзіне тән грамматикалық заңдылықтар орыс тілінің заңдылықтарына, яғни орыс тілі ережелеріне үйлестіріле баяндалған. Сонымен қатар бұл еңбектер қазақтар үшін емес, орыстың қазақ тілін үйренбекші болған отарлаушылар үшін, орыс оқушылары үшін жазылған оқулықтар болды. Онда жеке-жеке сөз таптарының неліктен дербес сөз табы болып табылатыны, олардың лексика-грамамтикалық сипаттары назардан тыс қалып отырды да, оларды жазушылардың ең басты көңіл бөлген мәселелері сөздердің өзіндік құрамдары мен олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатыны, әр түрлі жалғаулардың сөзді түрлендіруге қатысы болды. Демек, авторлардың негізгі мақсаты сөздердің түрленуі мен сөздердің жасалу (онда да тек аффикстер арқылы) амалын түсіндіру бағытында құрылды.
2) Практикалық кезең. Бұл кезеңге 1920-1930 жылдар мен 1930-1940 жылдар аралығы жатқызылып жүр. 1920-1930 жылдар аралығындағы негізгі міндет елді жаңа қалыпта сауаттандыру болды. Солай бола тұра, қазақ тіл білімінің көш басшысы А.Байтұрсынұлы еңбектері қазақ тілін зерттеуге арналған алғашқы сүрлеу болып саналды. Ал 1930-1940 жылдар аралығы жеті және он жылдық мектептерге арналған оқулықтар басылып шыға басталуымен және лингвистикалық жинақтар, әр түрлі журналдар беттеріне ғылыми мақалалар жариялана басталуымен байланысты морфология мәселелері елеулі зерттеу объектісіне айналып, олардың анықтамалары мен сипаттамалары ғылыми түрде талдану сатысына жете бастады.
3) 1940 жылдан кейіңгі кезең. Қазіргі кезге дейінгі дәуірді қамтитын бұл кезең жекелеген категорияларды диссертациялық дәрежеде зерттеуден басталады. Әрі нақты ғылыми жетістіктермен тиянақталып отырды.
Саралай келгенде, салаласқан тіркес мәселесі қазақ тіл білімі синтаксисінде нақты проблема ретінде көтеріліп отырды. Ал оның жүйелі зерттелулері күн тәртібіне қойылған жоқ. Ал біздің тақырыбымыз және оған қатысты тұжырымдарымыз осы олқылықты толықтыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет