Дипломдық ЖҰмыс салаласқан тіркес: жасалуы мен оқытылуы 5В011700-Қазақ тілі және әдебиеті Павлодар 2021



бет16/18
Дата09.12.2022
өлшемі386 Kb.
#161956
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Салаласқан тіркес жасалуы мен оқытылуы

Салыстырыңыз: Ол неге ұқсайды және ол несімен ерекшеленеді?
Ассоцияциялаңыз: Сіз осы сөзді естігенде ойыңызға не келеді?
Талдаңыз: Ол не үшін керек? Бұл қалай жасалған? (Сіз оны нақты білмесеңіз де ұсыныс беруіңізге болады).
Ұсыныс жасаңыз: Сіз мұны қалай қолдана аласыз? Онымен не істеуге болады? Ұсыныстарыңызды айтыңыз.Дәлелдеңіз «қарсы» және «қолдаушы»: Бұл жақсы ма әлде жаман ба? Неге?
Кері байланыс. Кез-келген сабақты кері байланыс арқылы аяқтауға болады. Оқушылар сұрақ бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жауап берулері керек:

  • Не маңызды болды?

  • Мен үшін мұнда не жаңалық болды?

  • Бұған деген қатынаста мен не сездім?

Ұстанымды иелен (өзіндік ұстаным). Мақсаты – аудиториядағы талас тудырып отырған мәселені талқылау. Бұл оқушыларға өз ойын айта білуге үйретеді. Ол сабақтың соңында материалды бекіту үшін немесе сабақ материалын меңгергендігін бағалау үшін пайдаланылады. Мәселен, аудиторияның екі жағына «келісемін» және «келіспеймін» деген жазу бар плакат ілінеді. Плакаттар қандай да бір мәселе бойынша қарама-қайшы көзқарастарды білдіруі керек. Мысалы: 1) Тақтаға әртүрлі ұғымда дайындалған плакаттар ілінеді; 2) Оқушыларға олардың көзқарастары сай келетін плакаттың жанына тұру тапсырылады; 3) Қатысушыларға өзінің көзқарасын негіздеулерін өтініңіз. Бір топтан екінші топқа өту арқылы немесе барлық қатысушыларды бірден қоса немесе әрқайсысының жеке-жеке өз ойларын айту ұсынылады; 4) Талқылап болған соң, оқушылардан өз ойынан қайтатындары бар ма екендігі сұралады, егер болып жатса, неліктен?
5) Қарама-қарсы жақтың қатысушыларына екінші жаққа қарсы дәлелді көзқарастарды айту ұсынылады.
Философиялық клуб. Мұны биология, өзін-өзі тану, әдебиет және т.б. сабақтарда пайдалануға болады. Тіпті ұжымдық түрде деректі, ғылыми, мультипликаитциялық фильмді көруді ұйымдастыруға болады. Сосын мәселе талқыланады.
Электронды сабақ. Белгілі бір мәселе бойынша сабақты интернет желісі бар ғылыми кітапханаларда өткізуге болады. Кітапхана мамандары белгілі бір мәселеге, тақырыпқа, идеяға қатысты барлық ақпараттарды табуға болатын ақпараттар желісінің адресін алдын-ала дайындап қояды.
Тарихи ойын. Конкурс 4-турдан тұрады:
«Қарсыласқа сұрақ» - КВН- дегі «жаттығу» принципі бойынша;
«Тарихи брейн» - «Брейн-ринг» бойынша өтеді;
«Есімдер» - оқушыларға «балық кезең мен барлық халықтардағы» атақты адамдардың есімдерінің ішінен тарихшыларды табуы керек.
«Блиц»- 3 минуттың ішінде әрбір командаға 10түрлі анықтама беріледі, ал олар болса ұғымдарды табуы керек.
Кроссворд. Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, тақырып бойынша дайындаған танымдық ойындар (кроссвордтар, ребустар және т.б.) мен шешеді. Бұл орайда ешбір кітап қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет