Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша



бет4/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.


І Тарау САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Салауатты өмір салты ұғымы
Қазіргі кезде ғылымда тұлғаны өзін-өзі ұйымдастыруға тәрбиелеу жөнінде түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі – салауатты өмір салтын ұстану тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды. Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді құптайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін-өзі дамыту адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамы­татын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы тұлғаның интеллектісін дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.
Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – құлқын бағыттайтын белсенді үрдіс – ұлтты салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. «Ұлт» термині жалпы өркениеттік әлемде қабылданған азаматтық түсінік бойынша ұлттың анықтамасын береді, яғни, осы жағдайда ұлт – бұл ел азаматтарының ортақ қауымдастығы. Әрбір азамат өз елінің бір бөлігін білдіреді. Сондықтан, салауатты, тәрбиелі және оқыған азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, ондағы қоғамдық институттардың күшін, билік құрылымдарының мүмкіндіктерін анықтайды. Бірақ, мемлекеттік құрылымдар қоғамның қолдауынсыз үлкен өзгерістерге адамның дене және рухани салауаттылығы күйінде қол жеткізе, олардың өмірінің сапасын жақсарта алмайды. Ұлт салауаттылығы – бұл қоғамдық құндылық. Ұлттың денсаулығы еркін медициналық қызметтердің, дене тәрбиесін және әуесқой спортты, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, экологиялық таза және қолайлы өмір сүру ортасын құру, қауіпсіз мүмкіндіктер және еліміздің әр бұрышында жасампаз өмір сүру арқылы қалыптасады және сақталады.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Денсаулық ұғымына түсінік бере кетсек: «Денсаулық – адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі» [1], яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Ал, әрбір адамның денсаулығы – тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл қоғам дамуында да аса маңызды рөл атқарады. Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның дамуына, ұлттық экономикасын жақсартуға үлес қосады.
Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н.М, Ақбердиева Д.Ф, Колбанов В.В, Зайцев Г.К, И.И.СоковняСейшона, А.С.Иманғалиев, Г.Сисенғалиева, Т.Г.Тынынбаева, Ж.З.Торыбаева, С.Исаев, Е.Г.Жук және т.б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы оқушының алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін кезеңді тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.
Мысалы, А.С.Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д.Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр» [3]. Ж.З.Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты, жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады.
Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Сондай-ақ салауатты өмір салты жөнінде, әлеуметтанушы Т.Ж.Нақыпбеков: «Өмір салты субьектінің әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесу тәсілі. Өмір салты арқылы қоғамның экономикалык жағдайын, қоғамдық қатынасын, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейлері көрінеді» [4],-деп атап көрсетеді.
Ал, орыстың белгілі ғалымы, В.П. Казначеев өз зерттеулерінде былай деп анықтама береді: «Салауатты өмір салты – өзінің әлеуметтік және кәсіптік қызметін саяси, экономикалық және әлеуметтік – психологиялық жағдайға тәуелсіз сәтті орындауды қамтамасыз етуге жағдай жасайтын организмнің қосымша мүмкіндіктерін жақсартып және нығайтатын адамның күнделікті тіршілік әрекетінің тәсілі және өзіндік формалары» [5].
Қарапайым тілмен айтқанда, салауатты өмір салты дегеніміз, ең бірінші өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған адамның тіршілік әрекеті, өмір сүру сипаты. Ал, психолог И.И.Брехман «Салалауатты өмір салты – мінез-құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» [6] - дейді. Ғалым И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» [7] - деп атап көрсетеді. А.Н.Леонтьев «салауатты өмір сүру» - өмірдегі өз орнын білу, өмір сүруге ұмтылыс жасау, алдына қойған мақсатқа жету жолдарынан тұратынын атап көрсетті. Ол өзінің зерттеуін негіздей отырып «салауатты өмір сүру» категорияларын бөліп көрсетеді: салауатты өмір сүру қалпы, салауатты өмір сүру мәні, салауатты өмір сүру деңгейі, салауатты өмір сүру стилі, салауатты өмір сүру дағдысы. Ғалым: «салауатты өмір сүру үшін өмір сүрудің мәнін, деңгейін, қалпын, стилін жеке ұғынып, күнделікті ісәрекеті мен әрекетінде қолданылса, дағдыға айналары сөзсіз» [8] - деп қарастырады. Яғни, салауатты өмір салты өте күрделі және жан –жақты ұғым. Оған тек қана медициналық, биологиялық және психологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымдар да кіреді.
Жасыратыны жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды әрі дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша «денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңымдылығы». Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім – жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар. Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады, насыбай атады, салынып арақ ішеді.
Қоғамда болып жатқан осындай жат, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиет­терді жоғары ұстай білуге үйрету – интеллектуалды ұлт қалыптастырудың алғышарты болып табылады. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттау әрбір азаматтың міндеті. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. Елбасының «Қазақстан – 2030» жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі көп ретте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Расында да, интеллектуалды ұлт қалыптастыру жолындағы елдің болашағы – денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты.
Ал, денсаулық мәдениетін дамытудың ең маңызды алғышарты – әрбір азаматтың өз денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауы, салауатты өмір салтын ұстануы мен дұрыс тамақтануына тікелей байланысты екен.
Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында салауатты өмір салты жөніндегі тәрбие жұмыстарының нашарлауының салдары. Келешегінен үміт күттіріп отырған бүгінгі жастар ертеңгі қоғам иелері. Ендеше, келер күннің айнасы жастар денсаулығында, салауатты өмір салтында. Жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, таза, мықты, денсаулығы зор, интеллектісі жоғары ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастарымызды салауатты өмір салтына тәрбиелеуден басталады.
Сондықтан, ең алдымен жастар арасында салауатты өмір салтына деген дұрыс түсінік қалыптастыруымыз керек. Жастардың санасына, салауатты өмір салтын ұстанудың денсаулыққа аса маңызды және ұстанған адамның болашағы айқын екенін түсіндіріп беруіміз керек. Расында да, жалпы өмір салтының бірнеше формалары бар десек, салауатты өмір салты адам үшін аса маңызды, денсаулығымен тікелей байланысты құнды форма. Ол жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті. Салауатты өмір салты – жалпы ұлт денсаулығының негізі. Салауатты өмір салтын ұстанған, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараған ұлт – интеллектуалдылықтың бірденбір көрсеткіші.
Бүгінде, республикамызда салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында жақсы дамып келе жатқан салалардың бірі – спорт саласы. Сол себепті, ең бастысы студент жастар арасында жаттығулар мен спорт түрлерін жетілдіру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Еліміздің Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі» деп айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар, келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті. Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұстанбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек?! Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бірекі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс.
Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет