1.4 Салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың практикалық жағдайлары
Салауатты өмір салтын елімізде қалыптастыру үшін, біз оны мектеп қабырғасынан бастауымыз қажет.
Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр. Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі «мектеп ауруларының» басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі. Осы заманға мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын тигізеді.
Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.
Біріншіден, оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене жаттығуларын жасауға мектепте жағдай жасалынбаған. Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына байланысты пайда болады.
Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.
Мектептерде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін 1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары қолда еш оқулық, әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар, ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологиядан алған білімдерін сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда дамытып отырды.
Бүгінгі кезде салауаттану әр түрлі бағытта дамуда. Мектептерде валеология немесе салауаттану сабағы әр түрлі оқытылуда. Оған басты себеп арнайы білімді валеолог мамандардың жетіспеуі, әдістемелік оқу-құралдардың аздығынан деп ойлайды. Қазақ тілінде оқытылатын мектептерде оқу-әдістемелік көмекші құралдар әлі де жеткіліксіз. Қазіргі кезде салауаттану пәні жеке пән болып енгізілуі – бұл қажеттілік. Дегенмен, қалай оқытылып жатыр, кімдер оқытып жатыр, материалдық базалары қандай деген сұрақтар маңында әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұл пән бойынша білім стандарты жасалынуы қолға алынып, бағдарлама қайта қаралып, ол бекітілді. Оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету шаралары да қолға алынды. Биылғы оқу жылынвалеология пәнінен жаңа өзгертілген, толықтырылған бағдарламамен оқитындығымыз, ондағы игі өзгерістеркөңіл қуантады.
Салауаттану пәні мектепте кіргелі көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, істелінген жұмыс біршама. Биылғы жылы арнайы білімді валеолог-мұғалімдердің алғашқылары республика жоғары оқу орындарынан бітіріп шықты, жылдан – жылға сандары да көбейе береді. Ескеретін бір жағдай салауаттану пәні – басқа биология,география, тарих сияқты мазмұны жағынан күрделі пән екендігін көпшілігіміздің әлі түсіне алмай келетіндігімізде.
Салауаттану сабағы жеңіл сабақ, оған арнайы білімнің қажеттігі жоқ, оқушыларды ойнатса, жаттығу жасатса, жуынса, су құйса, дұрыс жүрсе болды, денің сау болады деп айта салу – пәннің мазмұнын ашпайды. Тіпті, салауаттанудың беделін төмендетіп алған жоқпыз ба деген ой келеді. Олай дейтініміз, кез келген мұғалімнің валеология сабағын беруі, тақырыптардың әр сыныпта қайталануы, оқу құралдарының аздығы, әр мұғалімнің сабақты әр түрлі өткізуі көпшілік қауымда осындай ой туғызады. Мұғалімдер арнайы оқу құралы болмағандықтан материалдарды әр жерден жинақтайды, көбінесе оқушыларға рефераттаржаздыруға әдеттендірді. Бұл бір жағынан жақсы, оқушы ізденеді. Дегенмен, ол материалды оқушы Интернеттен, медициналық әдебиеттерден тағы басқа жинақтардан алатындықтан тақырыпты түсіну, меңгеру қиындайды. Міне, осы жағдайлардың бәрі жаңа ғана білім саласына еніп жатқан мазмұны күрделі, өмірге қажетті пәнді оқытуда келеңсіз жағдайларға, оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендетуге әкеледі деп ойлаймыз.оның бірінші себебі, бұл пәннің бағдарламасының өзінің ерекшелігін, тақырыптардың қайталануының себебін түсінбеуден. Бұл заңдылық бала саны өскен сайын берілетін материалда біртіндеп күрделенуі қажет. Егер материал үнемі қайталанса, онда пәнге деген оқушы ынтасы төмендейді, пән өз мақсатына жетпейді.
Екінші себебі, валеология пәнін арнаулы білімді валеолог маман, тіпті болмаса биолог, психолог мамандар оқыту қажет, олар дене тәрбиесі мұғалімімен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен жалпы мектеп ұжымымен бірлескен үлкен жұмыс атқарғанда ғана бұл пәнді оқыту үлкен нәтижеге жетеді.
Үшінші себебі, төменгі 1-4 сыныптарда салауаттану пәнінің оқытылуына аса назар аударылып, дұрыс жолға қойылса, материалдық база жасалса, мектепке келген оқушы жазу-сызуды, оқуды қалай үйренгендігі сияқты, бұл пәнді де оқи отырып, өз ағзасын танып біліп, дұрыс отыру, жүру, тамақтану, күн тәртібі, киіну, жуыну тәртібі, шынығу ережелерін – автоматты түрде біреудің айтуымен ғана емес, өз түсінігімен қажеттілікке айналдыруы қажет. Бұл үшін валеология сабағын әліппе, жазу сабағы сияқты, аса мән беріп, бағдарламада көрсетілген білімдер мен біліктерді, дағдыларды дұрыс қалыптастыру керек. Ал, мұны арнайы білімді валеолог маман ғана іске асыра алады. Бастауыш сыныпта балада салауаттанудың негізгі бағыттары дұрыс қалыптастырылса, оқушы 1-сынаптан бастап өзінің «Денсаулық» төл құжатын күнделікті бақылау күнделігі сияқты одан да ыждағаттылықпен іске асырса бала өз денсаулығына үлкен ән беруге үйренеді. Шынықтыру ережелерімен танысып, оны жүйелі жасайтын болады, оған оның ағзасы жаттығады. Балаға валеолог маман, ата-ана, өзге мұғалімдер көмегі қажет. Сонда ғана біз бала тәрбиесінде жетістікке жетеміз
Төртінші себебі, ата-аналардың бұл пәнге аса көңіл аудармайтындығы оның маңызын түсінбейтіндігінен. Бастауыш сынып оқушыларының ата – анасы жоғары сыныптарға қарағанда мектеп өміріне көбірек арласады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бала тәрбиесіндегі соның ішіндегі валеология пәнінің негізгі бағыттары бойынша үйде балаға үлкен көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен шынықтыруға бағытталған дағдыларды дұрыс қалыптастырған жөн. Бұл дағдылар дұрыс қалыптасса, ол әдетке айналады.
Қазіргі толықтырылған, өзгертулер енгізілген бағдарламада көптеген өзгерістер бар, тек бұны дұрыс оқыту үшін валеолог маман әдістемелік жағынан көбірек ойлануы қажет.
Атақты ғалым, физиолог И.П.Павлов адам табиғаттың асқақ туындысы екенін, сонымен бірге оның күрделі де нәзік жүйе екенін, соған қарамастан табиғат қазынасынан игілік көру үшін адам дені сау, әлеуетті және ақылды болуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. «Денсаулық-зор байлық» дейді халық. Денсаулық біздің қоғамда әр адамның жеке қазынасы, өз меншігі ғана емес. Сонымен бірге ол мемлекеттің қол жеткен табысы, ел байлығы болып есептеледі. «Ердің саулығы – елдің байлығы» деп халқымыз тауып айтқан. Біздің кемелденген отанымызда халық денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Бұл құқық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің білікті медициналық тегін көмегі арқылы; азаматтарды емдеуге және олардың денсаулығын нығайтуға арналған мекемелер жүйесін ұлғайту арқылы; қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитарияны дамытып, жетілдіру арқылы; кең көлемді профилактикалық шаралар жүргізу арқылы; айналадағыны ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар арқылы; жеткіншек ұрпақтың денсаулығына айрықша қамқорлық жасау, оның ішінде оқуға және еңбек тәжірибесіне байланысты емес балалар еңбегіне тыйым салу арқылы; аурудан алдын-ала сақтандыруға және ауру-сырқауды азайтуға, азаматтардың ұзақ жасап, белсенді өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми зерттеулерді өрістету арқылы қамтамасыз етіледі. Әділ заңның аялауы арқасында біздің елімізде халыққа медициналық көмек көрсету мен аурулардың алдын алу ісінде елеулі табыстарға қол жетіп отыр.
Президентіміз Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауының негізгі бағыттарының бірі – халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Оның ішінде ана мен бала денсаулығына айрықша көңіл бөлініп отыр. «Денсаулық саласын дамыту мен реформалаудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», дәлірек айтсақ, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған айрықша бір бөлігі бар. Бүгінгі күні елімізде кез келген бағдарламаны жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Денсаулығын сақтауға, оны нығайтуға күнделікті көңіл бөлу, шынығу әрбір саналы азаматтың парызы. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деп деп халық айтқандай, денсаулыққа ерекше мән беріп, сәулетті өмірімізді мұңға, көңілсіздікке, қайғыға, бақытсыздыққа айналдыратын ауру-сырқаудан сақтануға болады.
Өркениетті елдерде, мәселен, бір медицина саласы бойынша жүзден аса заң бар. Ал бізде бар-жоғы онға жетер-жетпес заң қабылданған. Заңның жеткіліксіздігі проблема үстіне проблема жамап жатыр. Бар заңның өзі соңғы жылдары қабылданған. Бұл негізде «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту туралы», «Дәрі-дәрмектер туралы» сияқты заңдарды атап өтсек болады.
Бізге дәл бүгін транспонтология туралы заң аса қажет. Себебі еліміздің медицина саласында орган ауыстыру жиі орын алып жатқан тәжірибенің біріне айналды. Донорлыққа қатысты заң жоқ еді, оған қол жеткіздік – жобасы дайындалу үстінде. Бүкіл дүние жүзінде медицина саласы жаңа технологиялармен толығып жатыр. Сондықтан осылардың бәрін реттеп отыратын құқықтық базалар кешіктірілмей, дер кезінде қабылданғаны жөн. Бізге алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету туралы заң қабылдау ауадай қажет. Рас, бұл мәселе «Денсаулық саласын дамыту мен реформалаудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Алайда осы модельді заңмен бекітсек, бірталай мәселе шешімін табар еді. Біздің денсаулық сақтау жүйемізде жетілген, білімді, білікті ұйымдастырушылар жетерлік. Тәжірибелі клиницистер де аз емес. Ендеше, заң шығаруға мүмкіндігіміз толық жетеді.
Сол заңның жобасы дайындалып жатқанда ғалымдармен, бұрынғы министрлермен, жоғары оқу орындарының басшыларымен, ғылыми-зерттеу институттарының мамандарымен, дәрі-дәрмек шығаратын компаниялармен, жеке меншік клиника басшыларымен қоян-қолтық араласып, үлкен жұмыстар атқарылды. Сонда біздің қандай да бір заң шығаруға мүмкіндігіміз бен қабілет-қарымымыз молынан жетеді. Реті келіп отырғанда, бізге денсаулық сақтау саласындағы заңдардың басын біріктіретін Кодекс қажет екендігін баса айтқым келеді. Бірақ ең басты мәселе – сол бөлінген қаржының орта жолда қолды болмай, әрбір тиынына дейін нақты мақсат үшін жұмсалуында. Мейлі ол ауыл тұрғыны болсын, мейлі қалалық болсын, еліміздің әрбір азаматы тегін дәрігерлік көмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкімет дәрігерлерге жағдай жасаудан бас тартқан жоқ.
Бүгінгі күні кадр мәселесінде де қиындық жоқ. Дәрігерлер жеткілікті. Әрине, Алматы қаласындағы жағдайды Оңтүстік Қазақстан облысымен салыстыра алмайсың. Десек те, ол еш ауыртпалық түсіріп отырған жоқ. Соған қарамастан, қазір әр аймақтағы жағдайға байланысты, болашақ дәрігерлерді бірдей етіп бөлу мәселесі алға қойылып отыр. Дәлірек айтсақ, республикамыздың әр облысы, әр ауданының ерекшелігіне қарай қай жерге қанша, қандай маман қажеттігі жөнінен анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ілгеріректе ауылдық жердегі талай дәрігерлік бөлімшелер жабылып, денсаулық сақтау саласы тоқыраудан өтті. Қазір соның бәрі қалпына келтіріліп, қайта ашыла бастады. Енді ол аймақтар білікті дәрігерге зәру.
Қазіргі таңда әлем дәрігерлері, ғалымдары «адам репродукциясы бизнеске айналып барады» деп дабыл қағуда. Адам репродукциясының бизнеске айналып бара жатқаны рас. Гинекологияда жасанды ұрықтандыру, құрсақ ана, тағы сол сияқты медицина жаңалықтары етек алып кетті. Рас, бір жыл бұрын жарық көрген «Азаматтардың репродуктивті құқығы және оның кепілдігін жүзеге асыру туралы» заңда осы айтылғандардың бәрі түбегейлі болмаса да қамтылған. Алайда тек бір заңмен оның бәрін бірдей реттеп, қадағалау қиындау.
Жалған мадақ-мақтан, алдап-арбау, ұрлық-қарлық, боссөзділік, күштінің өктемдігінің әлсізді тұқыртуы, сыбайлас жемқорлықтың ауыздақталмауы, кенттендіру (урбанизация) үрдісінің көшкінді болуы тәрізді құбылыстардың түсініксіз қарқын алуының өзі-ақ белгілі халықтық-ұлттық тәрбиеге қатты залалын тигізді. Ендеше, бүгінгі күні, жаңа тарихи жағдайларға сай жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлген жөн. Үстіміздегі жылы Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның ұлық мұратына деген сенімді көзқарастарын саралап берді. Бұл халықтың денсаулығына деген мемлекеттік қамқорлық аясын одан әрі кеңейтіп, медициналық қызмет көрсетудің нәтижелілігі мен сапасын арттыруды талап етеді. Себебі, қоғамның саулығы қандай да бір тар өрістегі мақсат емес, адамдардың денсаулығы әрдайым қоғам айнасы болып қалады. Осы заманғы әлеуметтік саясатта денсаулық сақтау мәселесінің көкейкестілігі жаңа уақыт талабымен де үнемі ұштасып жатады. Ал бүгінгі таңда медициналық қызметтің жүйесін орнықтыру мақсатында не істеуіміз керек деген сұраққа жауап іздесек, біз оны Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясынан және сол Стратегияны орындаудың алдағы онжылдық міндетін айқындаған биылғы Жолдаудан таба аламыз. Медициналық қызметтің мемлекет көрсететін бөлігін анықтап беретін уақыт жетті, бұл арада жеке адамның өз денсаулығы үшін жауапкершілігі күшеюі қажет дегенді айтқанда, қандай мәселені бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл мәселе адамдардың ойлауы бойынша күрделі болып көрінуі мүмкін, енді ол жағдайдың өзі уақыт кемерінен өтіп барады. Осыдан он жыл бұрын “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 7 басым бағыттың ішінде денсаулық сақтау және білім беру, адамдардың өсіп-өнуі өміршең міндеттер екені белгілі. Бірінші кезекте сырқаттың алдын алу және дені сау болып, жақсы өмір сүрудің берік дағдысын күнбе-күнгі әдетке айналдыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану, қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді. Нарық жағдайында жеке меншік медициналық қызметтің де дамуына жол ашылды. Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені дау туғызбайды. Сондықтан да қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында жаңа міндеттерді шешуіміз керек. Оны медициналық сауаттылық және өз денсаулығын ойлау жолындағы сауаттылық және мәдениеттілік десек те болады.
Достарыңызбен бөлісу: |