«Лечебные вести» газетінің «Главный гость», «Юридическая консультация», «Диагностика без инструментов», «Лекарство с пасеки», «Лечимся правильно», «Советы диетолога», «Массажный салон на дому», «Когда болит душа» айдарлары бар. Мәселен, «Главный гость» айдарында КСРО халық әртісі Эдита Станиславовна Пьеха мерейтой қарсаңында болған сұхбатында өзінің әлі күнге дейін жас қалпын сақтап жүруінің себеп не екенін оқырман қауымға кеңірек әңгімелейді. Басты себеп: ол кісі ас тұзын мүлдем қолданбайды екен. Бұл да денсаулыққа өте пайдалы. Яғни газетте емделу жолдарына арналған кеңестер көп беріледі.
Екі аптада бір шығып тұратын «Айболит» газеті де оқырман назарына ең қажетті пайдалы кеңестерді, қызықты ақпараттарды, сұхбаттарды, медицина саласындағы түрлі жаңалықтарды ұсынады. «Проверено на себя» айдарында оқырмандар хат жазып, өздері ауырған кезде қолданған емдерін айтып, шағын кеңестерін ұсынса, «Полезно знать» айдарында аяқ асты ауыра қалған жағдайда қолданатын емді айтады.
Шетел басылымдарынан денсаулыққа пайдалы ақыл кеңестер үнемі еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарияланып отырады. Мәселен, «Денсаулық» журналының 2016 жылдың №7 нөмірінде «Дәрісіз дауа» айдарында «Кацудзо Нишидің денсаулық жүйесі» жарияланған. Онда «Жылу мен салқын сезу жаттығуы», «Шыр айналдыру жаттығуы», «Қуат күшін арнасына қарай бағытта жіберу», «Сау қуат күшінің жинағы», «Асқазанды сауықтыру», «Ішектерді сауықтыру», «Бауырды сауықтыру», «Сауықтыру сезімі», «Қиратушы сезімнен айықтыру» тақырыптарында түрлі жаттығулар аударып басылған. Аударған қарт дәрігер Жарқынбай Уатқан. Автор аударма мақаланы былай деп қорытады: «Енді сіз асығып-үсігіп жанталаспай-ақ тыныш өмір сүруге дереу шешім қабылдаңыз. Адам адамға қажет қайырымдылықпен көмектессе, оған Алла риза. Алланы риза еткеннен артық не істейсің?
Қазірден бастап өзіңе де, басқаға да қайырымдылық көрсетуге тек жақсылық жасауға шешім қабылда. Тек қазірден бастап адал еңбегіңмен өз наныңды тауып жеуге шешім қабылда. Арамдықпен ақша табудан дереу аулақ бол. Қазірден бастап өмірге алғыс айт, барды базар, қолдағыны қанағат тұт!».
Біздің заманымыздан бұрынғы 460-337 жылдары өмір сүрген Гиппократтың «Аталы сөзі» «Денсаулық» журналының 2015 жылғы №9 нөмірінде тұрақты жарияланып отырады. Мысалы, жетінші бөлімде мынадай қанатты сөздер айтылған: өршіп бара жатқан ауру кезінде қол-аяқтың суынуы жамандық белгісі; ауру сүйектегі еттің көгергені жамандық белгісі; құсық қысқанда тиген ықылық пен көздің қызарғаны жамандық белгісі; терлегенде қалтыраған жақсы емес; сұйық тамақты көп ішкеннен кейінгі қалтырақ пен сандырақ жаман; Бұл айтылған ақыл кеңестер дәрігерлерге қажетті кеңестер.
«Денсаулық» журналының 2017 жылғы №2 нөмірінде ежелгі рим ойшылы (1 ғасыр) Сенеканың «Луцилийге өнегелі хаттар» жарияланған. Хат жолдарында мынадай пікірлер берілген: «Бір жерде байыз таппай тыпырши беру – жүйке ауруының белгісі. Меніңше, рухани дәйектіліктің дәлелі – тұрақты мекенде жасау қабілеті және өзіңмен өзің болып қалу. Жаныңа азық болсын десең және онда бірдеңе қалсын десең, ұлы ойшылдардың анаусына не мынаусына ден қоюдың қажеті жоқ. Барлығын қамтимын деген адам бәрінен құр алақан қалады.» Бұл екі адамның арасындағы хаттар арқылы айтылған әңгімелер де астарына үңіле қарап ойланған адамға қажетті кеңестер ұсынады.
Ресей басылымдарында мынадай оқиға жарияланыпты: «Оңтүстік Қазақстан облысында елдің есін шығарған тосын оқиғаның демі басылмай жатып, Жамбыл облысында да жұрт жағасын ұстарлық жағдайлар орын алды. Бәленің бәрі сол – жаңадан шыққан жабайы саңырауқұлақтан басталған. Аталған аймақта соңғы бір аптаның аумағында далада өсетін тағамдық өсімдікті улысынан ажырата алмай, үйде пісіріп жеген 9 адам ауыр жағдайда ауруханаларға жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлердің бақылауына алынған барлық науқастың екеуі есін білмеген күйі дүниеден өткен. Бұл туралы кеше Жамбыл облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақтану гигиенасы бөлімінің бастығы Анна Воробьева хабарлады. Алғашқы оқиға Шу ауданында тіркелген. Сегізінші қарашада аудандық ауруханаға «тамақтан уланған» деген диагнозбен төрт азамат жеткізілген. Зардап шеккендердің айтуына қарағанда, олардың барлығы картоппен қуырылған саңырауқұлақ жегендіктерін айтқан.
– Отыз тоғыз жастағы жігіт ағасы екі тәулік бойы қатты ауырған. Ақыры бойын әлсіздік билеген соң «Жедел жәрдем» шақыртқан. Бірақ дәрігерлердің көмегіне кеш сүйенгендіктен, науқасты аман алып қалудың амалы табылмады, – дейді Анна Воробьева. – Анықталғандай, тамақ дайындау барысында ол саңырауқұлақты қуырмай жатып шикі күйінде дәмін татқан. Одан кейін жақсылап ішімдікке тойып алып, түнде әлгі тамақтың қалғанын жеген. Ал алкоголь марқұмның ағзасын одан әрі нашарлатып жіберген. Мұндай сұмдық жағдай Меркі ауданында да қайталанды. 10 қарашада орталық ауруханаға егде жастағы қария мен оның 9 және 5 жастағы немересі уланып жатқан жерінен жеткізілген. Ал 13 қараша күні 5 жастағы қыз есін жимаған күйі көз жұмды. Ал ептеп сауыққан атасы мен 9 жастағы немересі жақын күндері ауруханадан шығарылмақшы. Мамандар бұл оқиғаның да саңырауқұлақтан болғанын анықтады.
Апта соңында облыс орталығы Тараз қаласында тағы да екі азаматтың далада өсетін «жабайы тағамнан» уланғаны белгілі болды. Олар қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Департамент директорының орынбасары Виолетта Касапакалистің сөзіне қарағанда, бір науқастың асқазанында жарасы болғандықтан, жағдайы мүшкіл көрінеді. «Айқынның» анықтамасы: Оңтүстік өңірде ауа райының күрт жылынуы саңырауқұлақтың былтырғыдан да көп өсуіне мүмкіндік берді. Алайда жұрттың тағамдық саңырауқұлақты улысынан ажырата алмауы Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында жоғарыда атап өткеніміздей қиын жағдай қалыптастырды. Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақтан 61 адам уланып, оның ішінде 5 адам қайтыс болғанын кеше хабарлаған едік. Аймақта тосын оқиғаның алдын алу шаралары енді басталды. Қазір базарларда саңырауқұлақ сатуға тыйым салынды. Құзырлы орындар мұндай шараны енді Жамбыл облысында да қолданбаса, сасыған саңырауқұлақ әлі біраз адамның түбіне жететін сыңайлы. Бұл туралы толық ақпаратты шетел басылымдарына сілтеме жасай отырып жариялаған «Айқын» газетінің журналисі Жолдасбек Дуанабай.
Шылым түтінін бүгінде бүкіл ғалам осылай ажал түтіні, яғни ажал әкелетін, өлім тарататын түтін деп бағалап отыр. Темекі шегу турасындағы бұл тұжырым әрине, Шығыс халықтары, оның ішінде қазақ арасында кеңінен тараған насыбай атуға, насыбайшылыққа да тікелей қатысты. Жалпы шылымшылдық пен насыбайшылық салдарынан жер бетінде күніне 13 мың, ал Қазақстанда 70 адам көз жұмады екен. Сондықтан да еліміз 2004 жылдың 21 маусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы ауқымдық Конвенциясына (рамочная конвенция) қол қойды. Сол жылғы қазан айының 27-жұлдызында «Темекіге қарсы» атты Қазақстандық Ұлттық Коалиция құрылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес Конвенциясының осы аса қатерлі дағдыға қарсы бүкіл әлемдік шара екені даусыз. Ал бұлайша ғаламдық майдан ашуға не себеп болды дегенге келсек, мына деректерді алдыға тартуымыз, әшкерелеп айтуымыз керек.
Кейінгі жылдардағы ғылыми-зерттеулер шылым шегуден туындайтын сырқаттардан ғана жер бетінде жылына 5 миллиондай адам қаза табатынына көз жеткізді. Жағдай осы қалпынан танбаса 2030 жылға таман бұл көрсеткіш әр он екі айда 10 миллионнан айн ала бастайды. Сөйтіп темекі ХХ ғасырда ажал түтіні құрбандарының қатары 1 миллиардқа бір-ақ ырғымақ. Шынын айтсақ, темекінің зардабы ядролық, химиялық, биологиялық қарулардың бәрін қосып алғандағы зардаптары да асып түседі.
Екіншіден, темекі бизнесі бүгінде құлашын кеңге жайып, жаһандануға бет бұрды. Мемлекетаралық алпауыт компаниялар экономикасы өтпелі кезеңде тұрған біз секілді елдерде темекі саудасын өз құзырында ұстап отыр.
Міне, осы екі себептің өзі-ақ келешегін ойлаған жұртты ажал түтініне тізе қосып қарсы тұруға, бірлесіп қарекет қылуға итермелейді.
Енді әр елден хабар-ошарлар дерегіне тоқталсам, «Құрсақ көтерсең... кофеден сақтан». Бұл туралы Даттың Aarhus Universitet оқу орыны ғалымдарының 88482 жүкті әйелге жасаған зерттеу қорытындысы осылай дейді. Ия, аяғы ауыр келіншек күніне 7 стаканнан артық кофе ішсе түсік тастау қаупі екі есе ұлғаяды екен. Кофені көп пайдалану оның үстіне шарананың өлі туу қаупін де аттай 33 пайызға ұлғайтады,-деп атап көрсетеді зерттеушілер.
Қазақстандағы денсаулық мәселесі байқағанымыздай шетелдік БАҚ-та да жарияланып жатқаны біздің еліміз үшін мәртебе. Өйткені біріншіден, Қазақстан елін өзге мемлекеттер білсе, екіншіден, технологиясы дамыған ол елдерден тәжірибе алу және еліміздің денсауығын одан әрі дамыту да пайдалы тұстары мол.