Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша



бет20/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ақниет диплом

ҚОРЫТЫНДЫ

Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.


Салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз артатынына толық сенім білдіреміз.
Үшінші күйді дер кезінде анықтап, ағзаның не оның белгілі бір мүшесімен жүйесінің әлсіреген қызметтік қорларын толықтыру, сол арқылы денсаулық потенциалын арттыру. Бұл мәселе ағзаның әр жүйесіне тән өзіндік физиологиялық қорларын арттыру немесе компенсаторлық механизмдерді жұмылдыру. Яғни ағза жүйелерінің қорлары, денсаулық қорын түзеді. Денсаулық қоры неғұрлым жоғары болса, соғұрлым денсаулық саны көп, ал ауру қаупі керісінше төмен.
Осыдан мынадай қорытындыға келуге болады келуге болады:
Ойы саудың – жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын қалыптастыру.
Жаны саудың – тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.
Тәні саудың – дені сау. Адамның бір байлығы – денсаулық. Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына көмектесу, бағыт беру.
Ісі саудың – өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау.
Жоғарыдағы зерттеу жұмысымызды қортындысын бағалай келіп төмендегідей оймен түйіндедік – ол, жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру. Денсаулықты қалыптастыра отырып сақтау, нығайтудың, аурудан сақтанудың бірден – бір жолы – салауатты өмір салты, денсаулық мәнін әр адамның саналы түрде түсініп, сауықтыру процесіне белсене қатысуы. Педагог-психолог ғалымдардың зерттеулері мен көзқарастарын талдау жеткіншектік кезеңнің психологиясы мен салауатты өмір салтының басты құндылығы – дүниенің әдемілігіне, сұлулығына деген ерекше қызығушылықтарымен, эстетикалық талғамы мен мұраттарын дамытуға өз бетінше ұмтылыс, талпыныс жасауымен, әсемдік пен әдемілікті сезінуімен ерекшеленеді
Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден лəззат алу, əрбір таңды, күнді асыға ризашылық көңіл-күймен тосу жəне кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тəтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю жəне құрметтеуден басталады. Ол үшін, жастарды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тəрбиелеу қажет. Сондықтан, ең бастысы студент-жастар арасында қыз балалар мен ұл балалардың ерекшеліктеріне қарай қолданылатын жаттығулар мен спорт түрлерін жетілдіру, соған сәйкес оқу сабақтарын жаңаша ұйымдастыру қажет.
Ол үшін:
-материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы, дене тәрбиесінің дәстүрлі арнасынан шығып, жаңа, заманауи техникалардың көмегіне жүгініп, оқытудың жаңаша моделін жасақтау қажет;
- студенттерге арналған тегін, заманауи жабдықталған сауықтыру кешендері ашылып және бұл жерде жаттығу міндетті болуы керек;
- міндетті түрде күнделікті қыз балалар сауықтыру кешенінде, өздеріне тән спорт түрлерімен айналысып, ал ұл балалар стадионда жүгіріп, денелерін жаттықтырулары керек.
Егер, жоғарыда айтылған ойлар толық мəнінде жүзеге асатын болса, жастардың өз денсаулықтарын жетілдіріп, салауатты өмір салтын ұстануына негіз жасайтын еді. Расында да, сауықтыру кешендерінде жабдықталған қондырғылармен денесін шынықтырумен үнемі айналысу, студент-жастардың бос жүрмеу проблемасын шешудің, жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. Күнделікті спортпен айналысып, би билеп жүрген жастардың дене бітімі де тартымды болады. Бұл бір жағынан еңбекке тәрбиелейді, адам еңбектеніп жасаған жұмыстарының нәтижесін, шылым шегіп, арақ ішіп немесе басқа да пайдасыз нәрселермен бұза салмайды да.
Сондықтан, спорт – жастарымызды өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына және де салауатты өмір салтын шартты түрде ұстануының бірден-бір жолы. Бұл жөнінде медицина атасы Ибн Сина: «Күнделікті дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адам ешбір емді қажет етпейді» [5], - деп өсиет қалдырған. Ал, шығыстың ғұлама ғалымы Əл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» [6], - десе, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халқына Жолдауында: «Қазақстан халқының 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек» [2], - деген тапсырма берген болатын.
Демек, жаңа дәуірде елімізді сақтайтын, таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ тәрбиелеу мемлекет саясатының басты бағыты екенін ескерсек, осының бәрі жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға келіп тіреледі. Сол себепті, біз салауатты өмір салтын қалаймыз және әрқашан қолдаймыз. Себебі, жаңа XXI ғасырдың адамы - дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. XX – ғасырдағы батыс философтарының айтуынша, бақытты адамдардың көңіл-күйі тек оларды қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі, сонымен бірге сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы. Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны тайсалмай жəне төзімділікпен қарсы ала білуге дағдылануы қажет. Спортқа дағдылану үшін сауықтыру кешендерінің маңызы зор. Сауықтыру кешендеріндегі дене тəрбиесінің мақсаты – адам тұлғасының, оның дене қасиеттері мен қабілеттерінің жан – жақты жетілуі, қозғалысты дағдылары мен ептіліктерінің қалыптасуы, нəтижесінде тəн саулығын көтеру.
Интеллектуалды қоғам қалыптастыру – білім мен тәрбиенің нәтижесі болып қана қоймай, бүгінгі күннің өте маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Интеллектуалды қоғам білім мен тәрбиесіз, денсаулық мәдениетінсіз, адами қасиеттерсіз дамып – жетілуі мүмкін емес. Тұлға интелектісінің кез келген мәселесі адамдардың жан дүниесімен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан сырларымен тығыз байланысты. Сонымен, интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды меңгерген, тәрбиенің бастауларын толық қамтыған тұлғадан қалыптасады. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Салаутты өмір салтын берік ұстанған жастар – болашағымыздың алтын тірегі.
Қорыта келгенде, денсаулық мәселесі ғаламдастыру дәуірінде де өзекті мәселеге айналып отыр. Отандық және шетелдік БАҚ-та денсаулық мәселелерінің көтерілуін зерттей келе мынадай тұжырымдарға келдім:
Біріншіден, денсаулық мәселесі әлемді алаңдатып отырған экологиялық проблемалармен тығыз байланысты. Әсіресе, ғаламдық жылыну, азот қабатының тесілуі т.б.
Екіншіден, нашақорлық, шылым шегу, ішімдікке құмарлық, сол секілді жағымсыз жайттар туғызатын СПИД және т.б. да қатерлі жұқпалы аурулар мәселелері отандық және шетелдік БАҚ-тың негізіг тақырыбына айналды.
Үшіншіден, денсаулық мәселесінде әрбір елдің әлеуметтік, экономикалық даму жағдайын ықпалы зор. Осыған орай Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, халықтың денсаулығын жақсарту үшін ең алдымен әлеуметтік жағдайының жақсаруына басты назар аударылған. Бұл кез-келген дамыған мемлекеттер тәжірибесінде бар.
Төртіншіден, кез-келген мемлекеттің басты байлығы – адам болып табылады. Сондықтан халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында салауатты өмір салтын сақтау бағдарламасы оң нәтиже беріп отыр.
Сонымен қатар, біз отандық және шетелдік БАҚ-тағы денсаулық мәселесін көтерудегі сипаттардың бірыңғай өзара ұқсас екенін айқындады. Сөз соңында Президентіміз Қасымжомарт Тоқаевтың “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттеріне тоқтала келіп, шетел мен жергілікті ин­весторлар тартуды экономиканы әр­ тараптандырумен тікелей байла­ныстыру және жаңа келешегі мол өндірістер құрудың аса маңызды екендігін атап көрсетті. Бұл — ел еңсесін көтере түсуге бағытталған бағдарламаның бір сарасы, ерекше қарқынмен даму үстіндегі қазына­лы түбектің одан әрі кемелдене түсуіне тың серпін беріп, жаңа бе­лестерді меңзейтін мерейлі міндет.
Яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің БАҚ-та көтерілуі жайында әлі де зерттеулер қажет. Себебі, бұл тақырып уақыт талабынан туындағаны айқын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет