Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша


Салауатты өмір сүру салтының әдіснамасын жүргізу жұмысы



бет17/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Ақниет диплом

2.4 Салауатты өмір сүру салтының әдіснамасын жүргізу жұмысы
Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр.Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені.
Дамыған елу елдің қатарына енудің алғы шарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады. Мақсатқа жетудің түрлі жолдары бар. Солардың бірі де бірегейі оқытудың жаңа технологияларын пайдалану. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18-бабының 8-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі», - атап көрсетілген . Осыған орай қазір еліміздегі көптеген мектептерде білім берудің жаңа жүйесі енгізіліп, әлемдік білім беру кеңістігіне бет алуда. Білімі мен ғылымы өз дәрежесінде дамыған елдер көш бастап, қашан да елдік дамудың кез келген саласында озық тұрары сөзсіз. Бізде осы көштен қалмаудың қамын жасап бағудамыз.
Осы тақырыпты зерттеу барысында «Маған салауатты өмір сүру үшін не кедергі жасайды?» әдістемесі бойынша диагностикалық жұмыс жасадық.
(В.Д.Пурин әдістемесі)
Әдістеменің мақсаты: Білім беру мекемелеріндегі ұжым арасындыға салауатты өмір сүрулеріне не кедергі жасайтын жағдаяттарды анықтау (мысалы, сыныптағы,орта мектептерде; мектептегі зерттелушілердің жасы 11-17ж дейінгі)
Диагностика бойынша нұсқау: Оқушылар жазбаша түрде берілген 12 сұрақ-пайымдауларға шкала бойынша жауап береді:
5 – әрқашан;
4 – жиі;
3 –кейде;
2 – сирек;
1 – ешқашан.
Максималды болатын баллдың суммасы 60 балл, минималды болатын 12 сұрақтама ашық түрде жүргізіледі.
Пайымдаулар: «Маған салауатты өмір сүру үшін кедергі жасайды...»
1.Менің денсаулық күйім
2.Үй ішіндегі мәселелер.
3.Ауа райы және климаттық жағдайлар
4.Уақыттың тапшылығы .
5.Темекі, алкогольді шырындардың емін – еркін сатылып жатқаны.
6.Сынап жетекшінің маған деген назарының жетіспеушілігі.
7.Дене шынықтыру мұғалімің маған деген назарының жетіспеушілігі.
8.Медбикенің маған деген назарының жеіспеушілігі.
9.Мектеп директорының маған деген назарының жетіспеушілігі.
10.Аулада немесе менің көшемдегі жағымсыз топтар,серіктестер..
11.Сыныптастар арасындағы серіктестер.
12.Менің салауатты өмір сүруімнің бұзылуы.
Респондент барлық жалпы баллдарды санап, бақылаушы парақтарды талдауға мұғалімге немесе мектеп психологіне таратылады. Ол әдістеменің талдауын жасайды.
Нәтиженің бағалауы: 12-28 балл – Кедергінің төмен деңгейі (ТД): Оқушы салауатты өмір сүру үшін әр түрлі мәселелерді жеңе алу шамасы бар.
29-44 балл – Орташа деңгей (ОД): Оқушыға мұғалімнің, ата-ананың, достарының, құрбы-құрдастарының салауатты өмір сүруге көмектері қажет. Өйткені ол салауатты өмір сүру үшін жасалған кедергілерді өз бетінше шеше алмайды. 45-60 балл – Жоғары деңгей (ЖД): Бұл оқушының денсаулық күйі нашар(физикалық, психологиялық), бұл күйге мазасыздануға болады. Оның бойындағы бар мәселелерге түбегейлі өзгерістер енгізу қажет.
Осы әдістеме арқылы жасөспірім оқушылардың өміріндегі салауатты өмір сүруін анықтауға мүмкіндік береді. Сынақтан өтушіге күн тәртібін дұрыс жұмсап, адаптивті іс-әрекетке уақыт мөлшерін дұрыс жинақтауды түсіндіру тиіс. Түрлі топтық сынақтан өтуші мүшелерінің өмір бейнесіндегі негізгі кемшіліктері келесіде: физикалық жаттығулардың жетіспеуі, табиғатпен қарым-қатынастың болмауы, мәңгілік өмірлік көріністер жайлы ойдың жоқтығы, шығармашылық қызметтік болмауы.
Ең бастысы, сынақтан өтушіге өз-өзіне сенімділікті шарықтату, сонымен қатар, оған өмір мәнін және сәнін сезіну мақсатында белгілі бір қызмет түрінде өзін-өзі дамытуға итермелеуші күш болу, сол қызмет түрінен белгілі бір жетістікке жету үшін ықпал ету.
Жан дүниесінің үйлесімділігін орнату үшін, өмірі бейнесінің оптималды өзіндік дамытуға арнайы тұлғалық орнату мақсатында күнделікті әрекет пен қанағатшылдық сезімін ояту. Осындай қондырғыларға қазіргі заманғы өзекті мәселердің бірі, қоршаған дүниеге, адамзатқа, өз-өзіне жағымды ықпал ететін және маңызды психологиялық сапаларын дамытуға бағытталған позитивті ойлау тренингін өткізу барысында құрылатын өзін-өзі сендіру құрылымын орнату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет