Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша



бет15/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

Kazakhstan today. 2017 16 мамырда КАЗИНФОРМ-ның тілшісі Айгүл Тұрысбекованың хабарлауынша «Алматы қаласында Орталық-Азия халықаралық «Денсаулық сақтау – KIHE 2017» көрмесі болып өтті. Бұл көрме елімізде 14 рет өткізіліп, ең танымал медициналық фирмалар, отандық және шетелдік компаниялар өз өнімдерін көрсетеді»-деп хабарлайды КАЗИНФОРМ тілшісі. Бұл шара ҚР денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы әкімшілігінің, С.А.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеттің және АҚ «Медтехника» қолдауымен өтті. Көрмеде 25 елдің компаниялары: оның ішінде Австрия, Әзербайжан, Бразилия, Германия, Испания, АҚШ, Финляндия, Франция, Швеция, Оңтүстік Корея және басқалары бар үлкен топ қатысты. Өздерінің ұлттық қабырға газеттерін 5 мемлекет: Германия (Бавария), Египет, Испания, ҚХР және алғаш рет Бразилия ұсынды.
Kazakhstan today. 2017 жылы 22 мамырда Қазақстан Республикасында қан орталықтарын салу және жабдықтау жөніндегі 2016-2020 жылдарға есептелген бағдарламаны жүзеге асыруға 32 млрд теңге қажет. Бұл туралы бүгін БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағы елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы – ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы шеңберіндегі брифингте республиканың денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой құлағдар етті – деп хабарлайды Kazakhstan today тілшісі. А.Дерновойдың айтуынша, жобасы жасалып жатқан бағдарламада тетке мемлекет қаржысын ғана пайдалану көзделмеген. «Мемлекет пен жеке меншік сектордың әріптесігінің негізінде жеке инвесторлардың қаржысы тартылады, сол арқылы олар бізге қан орталықтары мен қан өңдеу зауытын салуға көмектеседі. Қажетті қаржы көлемі 32 млрд теңгеге тең»,-деді ол.
Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда тек өткен жылы ВИЧ індетін жұқтырған 1749 адам анықталған. «Бұл өте үлкен көрсеткіш. Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа, Қарағанды және Павлодар облыстарында да ауру көрсеткіштері жоғары. Сол себепті қазір Республикалық СПИД орталығы өз күш жігерін осы індеттің алдын алуға, емдеу мекемелерінің іс-қызметі мен ондағы тәртіпті қадағалауға баса назар аударуда деді»,- А.Дерновой. «Бұл қанды денсаулық саласында пайдалану мен оның қауімсіздігіне бағытталған ауқымды біртұтас бағдарлама», - деді министр.
Қазақстанда денсаулық тақырыбындағы шетелдік БАҚ-тардан ең алдымен көршілес Ресей мемлекетін атауға болады. Ресейдегі денсаулыққа арналған басылымдар: 2007 жылдың наурыз айынан шыға бастаған «Лечебные вести», 1996 жылдың 5 шілдесінен шыға бастаған «Айболит», «Рецепты здоровья», «Помоги себе сам», «Вестник ЗОЖ», «Столетник», «Как увидеть мир?», «Здоровье» («Аргументы и факты» газетінің қосымшасы) тағы басқа газеттер Қазақстанда да таралады. Олардың мыңдаған оқырмандары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет