Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша



бет13/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

«ТВ доктор» бағдарламасы «31 арна» медиахолдингінде беделді хабарлардың бірі. Қолда барда алтынның қадірі жоқ... Өз заманында бір ойшыл: «Денсаулық – бар байлығымыз. Біз одан айырыламыз деп қауіптенгенмен, оны сақтап қалуға аз көңіл бөлеміз » - деген екен. «ТВ доктор» бағдарламасы денсаулығын бағалай білетін, қажетті деңгейде оны күтуге ұмытылғандарға арналады. Бұл хабардан аурулардың алдын алу шараларын, нышандарын және одан айығып кетудің жолдарын білуге болады. Індетке шалдыққан кез-келген науқас кейде қайда барып қаралу керектігін білмей жатады. «ТВ доктор» хабары жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсету, емханалар таңдауға және дәрі-дәрмектердің жаңа түрімен танысуға да септігін тигізеді. Сондай-ақ, дұрыс тамақтанудың қағидасы да осында. Ал бағдарламаның «Здоровые советы» айдарында жедел-жәрдем, медицина саласының соңғы жаңалықтары беріледі. Мұнда тіпті эстрада жұлдыздары емдік-тәсілдермен бөлісіп отырады. Олар сұлулықтың сырын жеткізеді. «ТВ доктор» хабары әр жексенбі сайын сағат 18:40 және сәрсенбі күні 17:20 өз көрермендеріне кеңес беруге дайын.
Енді радио арналарға келер болсақ, Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық арнасында денсаулық тақырыбына арналған «Деннің саулығы-жанның саулығы» және «Бірінші байлық...» бағдарламалары тікелей толқында жүреді. Хабар жүргізушілері әрі редакторлары – Гүлбану Алпамысқызы және Гүлмира Әділханқызы Нәлібай. Бұл хабарлар дүйсенбі 14:30-да «Шалқар» радиосында, ал Қазақ радиосында бейсенбі күні 17.35-те эфирде беріледі. Бұл бағдарламалардың ерекшелігі денсаулық саласында қызмет етіп жүрген тәжірибелі мамандарды студияға шақырып, арнайы сала бойынша сауалдарды тыңдарман тікелей толқында өздері телефон арқылы жолдай алады. Мәселен, мамырдың 28 жұлдызында «Бірінші байлық...» бағдарламасында «Медициналық бақылаудан неге өтеді?» деген тақырыпта студия қонақтарымен әңгіме өрбіді. Хабарға қатысқандар: Алматы қаласы СЭС дәрігерлері Н.Ж.Доғалбаев және Н.Ж.Жақыпова. Біздің республикамызда жұмысшылардың денсаулығын қорғау әлеуметтік іс-шаралар жүргізу жүйесімен қамтамасыз етіледі. Аурудың алдын алып, жұмысшылардың өміріне және жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасап, оларға кәсіби медициналық көмек көрсету қажет. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын санитарлық қадағалаудың негізгі басмды бағыттары - өндірістік кәсіпорындардағы зиянды өндірістік факторлар кездесетін орындарда, еңбек етуге гигиеналық жағдай жасауға қажетті іс-шаралардың жүргізілуін жетілдіруді бақылау болып табылады. Міне осы төңіректегі қызу пікірталас тікелей эфирде қозғалды. «Медициналық бақылаудан қалай өтуге болады?» - және тағы да басқа сауал қойған тыңдармандар өздеріне қанағаттанарлық жауап ала алды.
Қазіргі таңда қоғамдағы кейбір келеңсіздіктер орын алып жатқанда, елді салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру мәселесі теледидар мен радиоарналар да көрініс табуда. Газет-журнал жетпейтін ауылдардың әрине мүмкіндіктерінің бірі теледидар көруі, радио тыңдауы дер болсақ, тұрақты көрермен мен тыңдарман өздеріне қажетті ақпараттарды, ақыл-кеңестерді осы электронды ақпарат құралдарынан өздеріне қажетті көп пайдалы жақтарына қол жеткізіп отыр. Әсіресе ауылдық жерлерде тәжірибелі маманның кеңесіне зәру тыңдарман үшін тікелей әуе толқынында тікелей студия қонағына сауал қойып, жауап алуы бұл да үлкен мүмкіндіктің бірі.
Қорыта келгенде, Қазақстандағы электронды БАҚ-та дансаулық мәселесі назардан тыс қалмайды. Соның ішінде: 31 арнадағы «ТВ доктор», «Дочки-сыночки», «Салауатты өмір», «Тіршілік» бағдарламаларын ерекше атауға болады.
Десекте, денсаулық проблемаларын көтерген орыс тілді және қазақ тілді бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері бар екенін зерттеу барысында аңғардым. Атап айтсақ, орыс тіліндегі бағдарламалар аудиторияны бірден игеріп алады және денсаулық саласында ең өзекті мәселелерге назар аударады. Сонымен қатар бағдарламалар беру тәсілдері де тартымды. Осы тұрғыдан алғанда денсаулық сақтау мәселесі жөнінде қазақ тілді бағдарламалардың кемшіл тұстары бар. Бұл әсіресе радиохабарларда байқалады. Ұзаққа созылған сұхбаттарда кей жағдайда тыңдарман көкейіндегі сауалға жауап таба алмайды. Олар аурудан емделу жолдарын емес, аурудың сипаттары мен түрлерін айтумен уақыт оздырып алады. Сондықтан, электронды БАҚ-тағы денсаулық мәселесіне әсіресе қазақ тілді бағдарламаларға әлі де тың ізденістер керек деп ойлаймын.
Адамдар мен қоғамның салауаттылығы – бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Себебі әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сонымен қатар еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Президент Қ.Тоқаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты өмір салты әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған» деп атап көрсеткен.
«Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімділігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық көп мөлшерде күш-қайратқа негізделеді»( П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінен жоғары нәтижелі болуы – өзін-өзі жақсы сезінуі, дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалармен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады.Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру – тәрбиешілер мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша мән береміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет