Дипломдық ЖҰмыс салауатты өмір салтын қалыптастырудағы бақ-тың РӨлі «5В050400 Журналистика» мамандығы бойынша


«Qazaqstan» арнасындағы « Толағай» бағдарламасы



бет12/21
Дата26.05.2022
өлшемі165,26 Kb.
#145196
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Ақниет диплом

«Qazaqstan» арнасындағы « Толағай» бағдарламасы
Жобада сайыс сәті емес, отбасылық құндылықтарды, салауатты өмір салтын, бірлескен белсенді демалысты насихаттау маңызды. Осыған байланысты, жобаның географиялық қамтылуы да, қатысушы отбасылардың саны да маңызды емес. Спорттық/дене шынықтыру сабақтарына тату отбасылық көзқарас, сайыс жағдайында отбасын біріктіру, спорттық рух элементтері ғана маңызды! «Толағай» шоу-бағдарламасы осылардың барлығын қамти отырып салауатты өмір салтын насихаттайды.
«Qazaqstan» арнасындағы «Теледәрігер» бағдарламасы
Саулыққа жол іздейтін «Теледәрігер» бағдарламасы әр жұмада ұлттық арнадан көрсетіледі. Жобаның негізгі мақсаты – ел тұрғындарына, әсіресе шалғай ауыл-аймақтағы көрерменге қазіргі күрделі ахуалға байланысты күнделікті медициналық кеңес беру. Дәрігерлер тікелей эфир барысында COVID-19 вирусы мен өзге де аурулардан сақтану мен алдын алу шаралары, емдеу тәсілдері туралы нұсқаулық береді. Бағдарламаның жүргізушісі теледәрігер Гүлжазира Берікқызы.
Медиахолдинг «31 арнада» денсаулық тақырыбында «ТВ доктор», «Дочки-сыночки», «Салауатты өмір», «Тіршілік» бағдарламалары көрермен назарына ұсынылып жүр.
«Тіршілік» хабарында – қаланың қайнап жатқан өміріне қарағанда шалғайдағы ауылдардың тіршілігі бір қалыпты баяу өтіп жатқаны белгілі. Қоғамдағы өзгерістер мен даму бағытының ауыл өміріне қаншалықты әсер ететіні және ондағы халықтың тыныс-тіршілігі мен арман-мақсаттарын «Тіршілік» бағдарламасының авторлары көрерменге кеңінен жеткізуге тырысады. «Тіршілік» бағдарламасының авторы және әрі жүргізушісі: Доқтырхан Тұрлыбек.
«Салауатты өмір» бағдарламасы. Салауатты өмір салты деген ұғымның ажырамас тармағы және соның негізі болып табылатын дене шынықтыру қашан да хабарға арқау. Ана мен бала денінің саулығы – қоғам мен келешек саулығы екендігі бесенеден белгілі. Сондықтан да, бұл мәселенің басты назарда болуы Президент Қ.Тоқаевтың «2030 стратегиялық жолдауында» айқындалған. Дене тәрбиесінің – адам саулығының кепілі екендігі де белгілі. Ал, денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді осы байлықтан айрылып қалмауға тәрбиелеу оның ата-анасынан кейінгі тұратын қоғамның тиісті өкілдерінің міндеті.
Алайда, перзент денсаулығының бұдан да басқа сын көтермейтін тұстары жеткілікті. «Салауатты өмір» бағдарламасы осындай мәселелерді қозғайды. Хабардың мақсаты: Қазақстан халқын салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу, ел болашағы балаларды ғана емес, ересектерді де өз денсаулығын қорғау мен үлгілі адам болып қалыптасуына дұрыс жол көрсете білу. Бағдарламаның редакторы: Сакиева Айжан Бақытбекқызы. «Салауатты өмір» бағдарламасының мақсаты – көпшілікке «ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» керектігін түсіндіру, ауруды болдырмаудың жолдары жөнінде айтатын мамандарды хабарға қатыстырып, көрермендерді мазалап жүрген сұрақтарға жауап алу. «Хабар эфирден өткеннен кейін, көрермендер редакцияға хабарласып, алғыстарын білдіріп және өздеріне керекті мәліметтер алып жатады. Сонда, менің еңбегімнің де кәдеге жарағанына қуанамын» - дейді редактор әрі жүргізуші Сакиева Айжан әріптесіміз.
Осы арнадағы тағы бір денсаулық жайлы бағдарлама «Дочки-сыночки» деп аталады. Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю. Егер сіз нәресте сүйгіңіз келсе немесе балалы-шағалы бослаңыз «Дочки-сыночки» бағдарламасы тап сіз үшін. Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Ольга Бутконың нәзік жандарға айтары көп. Авторлық жобаның бірнеше қызықты айдарлары бар. Ольга аяғы ауыр болып жүрген кезде болашақ жас аналарға қажетті ақпараттар жинаған. «Дочки-сыночки» бағдарламасы жаңадан эфирге шыққанда, кішкентай сүйкімді Яна деген қыз өмірге келген. Жоба өте сәтті іске асты. Себебі, онда әйелдер қауымына сауатты кеңес тегін айтылады. Оның үстіне кеңесті білгір мамандар жеткізеді. «Ақша қолдың кірі, ақша да көз жоқ» демекші, қаржы болмашы нәрселерге жұмсалып кетуі мүмкін. Ал теледидарда көптеген мүмкіншілік бар. Баланы қалай емізу керек, оған қандай киім қажет т.б. көптеген мағлұматтарды үйде отырып көгілдір экран арқылы аласыз.
«Ждем аиста» айдары нәрестелі болуға әзірленіп жатқан жас аналарға арналса, «Именины» айдары балаға есімді таңдауға көмектеседі. Ал «ПедиатриЯ» бөліміне ақ халатты мамандар қатысып, тәжірибелермен бөліседі. «Мамины заботы» айдарында жас аналарға ақыл-кеңес беріледі. Ең қызығы «Апашкины премудрости» айдары, мұнда үлкендердің асыл сөздері, әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер кеңінен айтылады. Мәселен, баланы тіл көзден аман сақтап қалудың жолдары айтылады. «Вундеркинд» айдары нағыз ақылөйлерді, данышпандарды тәрбиелесе, «Карапузамер» сәби денесінің шымыр, денінің сау болуына ықпал етеді. «Дочки-сыночки» хабары бүгінде көрермен көзайымына айналып отыр. Себебі, ол шынымен де халықтың бағдарламасы. Дені сау балғын болашақтың кепілі. Бағдарлама демографиялық ахуалдың қалыптасып, үлес салмақтың өсіміне де айтарлықтай әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет