Astana tv арнасындағы «Covid-19» бағдарламасы:
Тәжірибесі жоғары дәрігерлер, өз ісінің мамандары тікелей эфирде бүкіл әлемді дүр сілкіндірген вирус туралы өзекті сұрақтарға жауап беретін болады. Олар пайдалы кеңестермен бөліседі және Ковид-19 пациенттерін емдеудің өзіндік тәжірибесі туралы әңгімелейді. Студияға қоңырау шала алатын немесе әлеуметтік желілерде пікір қалдыра алатын бағдарлама көрермендерінің сұрақтары да назардан тыс қалмайды. Бағдарламаның жүргізушісі-дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты Айнұр Тәжина. Салауатты өмір салтын ұстанып,пайдалы кеңестер арқылы вирустан бойын аулақ ұстайтын «Covid-19» бағдарламасы тамыз айынан бастау алып, аптасына 2 рет жарық көреді.
Atyrau tv арнасындағы «Tan Shirat» бағдарламасы:
Қыркүйек айынан бастау алған «Атырау» телернасындағы бағдарламалар қатарына спорттық-танымдық «Тән шират» бағдарламасы қосылды. Хабар сәрсенбі сайын сағат 19:40та эфирде көрсетіледі. Бұл бағдарламаның бағыты өзгеше,әр спорттың ерекшелігі,ережесі,өзіндік стилін жүргізуші арқылы көрерменде сезіне алады.Жеке бапкермен 20 минут көлемінде белгілі бір спорт түрін мүмкіндігінше ашып қыр-сырымен танысуға болады. Шынықсаң шымыр боласың демекші,дене жаттығуы адам баласына қашанда пайдалы.Сондықтан әр апта сайын Райымбек Қойшыбектігімен бірге болыңыздар.
«Qazsport» - Қазақстан Республикасының «OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабелдік жүйеде хабар тарататын спорттық телеарна
2013 жылдың 1 шілдесінде ашылды. «KAZsport» телеарнасында таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей таратылады. Олардың негізгісі - Қазақстанда кеңінен таралған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелер. Спорт шаралары туралы телекөрсетілімдерді белгілі қазақстандық спорт журналистері қазақ және орыс тілдерінде комментарий мен сараптама жасай отырып жүргізеді. Бағдарламалар кестесіне телекөрсетілімдер, жаңалықтар, төл бағдарламалар мен спорттық деректі кино енеді. Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Атап айтқанда: су спорты түрлері, жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, каратэ шито-рю, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионатын, волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындарын, Неміс бундеслигасын, қысқы және жазғы Универсиада ойындарын, теннистен Wimbledon турнирін, волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктерінен трансляция ұйымдастырылды. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратады. «KAZsport» спорт телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері де бар.
Достарыңызбен бөлісу: |