Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «9-сынып оқушыларына функционалды стильдерді игеруде тілдік портфельді ұтымды пайдалану жолдары» 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Екінші тілдік портфель «Сөздердің стильдік



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата11.04.2022
өлшемі1,15 Mb.
#138810
түріДиплом
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
Ғымынбек Ғ дипломдық жұмыс (1)
Дипломка әдістеме
Екінші тілдік портфель «Сөздердің стильдік 
түрлеріне» арналады. Бұнда «Сөйлеу тілінің лексикасы» , 
яғни сөйлеуде қолданылатын негізгі тілдік бірліктер 
сараланып, олардың қолданысы оқытылады.
Сөйлеу тілі –
күнделікті қарым-қатынаста пайдаланатын 
әдеби тілдің бір түрі. Сөйлеу тілі белгілі бір жағдайда ауызба-
ауыз тікелей жалғанатын қатынас тілі болғандықтан, ол 
сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты болады. Ал 
ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді, яғни үйреншікті 
жағдайда адамдар емін-еркін сөйлейді. Сондықтан онда сөйлеу 
тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын дағдылы 
сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Сонымен бірге сөйлеу 
тілі жазбаша түрде де қолданылады деген пікір бар (жекелеген 
адамдардың хат жазысу, күнделік жүргізу т.б.). Сөйлеу тілі мен 
кітаби тіл арасындағы айырмашылықтар көптеген экстралингвистикалық 
факторлар (бейресми жағдайда, дайындықсыз өтуі, сөйлеуші және тыңдаушы 
жақтардың болуы т.б.) әсерінен туындайды. Өмірдің барлық саласында 
сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ қарым-қатынас жағдаятына 
байланысты оның атқаратын қызметі және тілдік құралдардың пайдаланылуы 
біртекті болып келмейді.
Сөйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бөлігі болады. Сөйлеу 
тілінің қалыптанған нормалардан бөлек, өзіне тән нормасы бар: 
саған 
бірдеңелерді ала кеп едім
тәрізді қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат 
болып есептеледі. Бірақ сөйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-ақ 
Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек,
сөйлеу тілі мәтініне 
жат, сөйлеу тілінің нормасы емес. 
Белгілі бір мәнділікті білдірудің әртүрлі тілдік, стильдік тәсілін, 
нормаларын меңгерген сайын сөйлеушінің // жазушының сөз саптауында 
шығармашылық сипат әлдеқайда күшті болады. Қарым-қатынастың барынша 
тиімді болуына қол жеткізу оңайырақ болады. Бұл ретте функционалды 
синонимдерді қолдана білудің мәні айрықша. Мысалы, 
Олимпиадаға Қытай 
Халық Республикасының спортшылары қызу дайындалуда; Олимпиадаға 
Қытай спортшылары қызу дайындалып жатыр; Олимпиадаға Қытайдың 
спортшылары өліп-тіріліп дайындалып жатыр
тәрізді функционалдық 
бітімгер 
залалсыздан
дыру 
кінәмшіл 
ықылас 


44 
синонимдердің бірі публицистикалық дискурсына тән болса, екіншісі сөйлеу 
тілі дискурсына тән екенін аңғару қиын емес. Дегенмен сөз мәдениетіне 
машықталған, шығармашылық дәстүрі әріден келе жатқан газеттерден өзі 
кейде сөйлеу тілі элементтері мен кітаби сөзге тән элементтердің парқына 
бармай, қолдана салатыны байқалып қалады: 
Олимпиадаға Қытай 
спортшылары қазір өліп-талып дайындалуда 
(«Егемен Қазақстан»). 
Мұндағы 
өліп-талып
сөйлеу тіліне тән бірлік болса, 
дайындалуда
кітаби 
элемент санатына жатады [39].
Ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының 
бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала 
дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. 
Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде 
қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар. Мұнда тіл 
мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты 
тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби 
тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби 
сөздер жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің 
заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі 
— әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы 
сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі 
экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде 
байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден 
тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы 
осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға 
тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, 
дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және 
ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше 
синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі 
тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға 
көбірек сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет