9
тұғырын айқындайтын, прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық
сипаттағы стилистика мәселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Қазіргі қазақ тілі стилистикасын жалпы прагматикалық аспектіде
тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін синхронды тұрғыдағы стилистика
жетекші рөл атқарып отыр.
Сол сияқты стилистиканың ерекше қызғылықты бағытарының бірі-
экспрессивтік стилистика.
Экспрессивтік стилистика - тілдегі экспрессивтік әдіс-тәсілдерді оқып
үйретеді. Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әдебиет
стиліне
ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль түрлерінде
коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге асатын шеберлік тәсілдері
экспрессивтік стилистикада жан-жақты көрініс табады.
Стилистика ғылымының даму тарихында басқа ғылымдар сияқты өзге де
пәндермен арақатынасы, байланысы артты. Жалпы тіл ғылымында ХХ
ғасырдың ІІ жартысынан бастап гуманитарлық ғылымдар саласында
парадигматика мәселесі орнықты, қарым-қатынас процесіндегі тілдің қызметі
мен грамматиканың белсенді әрекеті (қызметі) сөйлеу жағдайындағы күрделі
проблемаға ғалымдар назар аудара бастады.
Шетел ғылымында сөз және оның мағынасы мен тілді меңгеру
контекске, әлеуметтік ситуацияға қатысты екені жария бола бастады. ХХ
ғасырдың соңғы ширегіне қарай адамның танымдық қызметі мен іс-әрекетін
жан-жақты зерттеу ғылымның өзекті мәселесіне айналып, өзіндік зерттеу
нысанына ілікті.
Адамды тіл арқылы, тіл арқылы адамды зерттеу мәселесін шешу де
стилистиканың да зерттеу нысаны болады. Адам өзінің ғылыми, мәдени,
әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт)
әлемін жасау
үшін ақпараттарды тілдік арнадан алады. Адамның ақыл-ойының,
көзқарасының, дүниені танып білуінің жиынтығы философиядағы сана,
психологиядағы сезім, когнитологиядағы таным арқылы қарастырылады.
Сана, сезім, таным белгілі таңбалар арқылы айтушы мен қабылдаушының
өзара әрекеттестігінде белгілі кеңістікке тарайды. Осы кеңістіктегі барлық
құбылысқа «ой салып, түрткі болып оятатын» таңбаның әрекеті. Олар
функционалды стильдер өрісінде де қолданыс табады да өз нәтижесін беріп
отырады.
Стилистика ғылымы аясының кеңеюіне сөйлеу актілерінің теориясы мен
прагматиканың дамуы үлкен ықпал етті. Яғни тілді оқып үйрену оның
дәстүрлі тілдің құрылымдық зерттеу аспектілерінің аясынан ығыстырыла
бастады. Адамның тілді пайдалану мәселесі психология, логика, когнитивті
лингвистика, әлеуметтану, лингвомәдениеттану т.б. көптеген салаларда
кеңінен қарастырыла бастады.
Сөйтіп, стилистиканың өзге ғылым салаларынан ерекшелігі: тілдік
құралдарды басқаша қырынан – қызмет ету,
қолданылуы тұрғысынан, сол
арқылы олардың адамға әсер етуі жағынан зерттейді (ал фонетика,
грамматика, лексикология тілдің, тілдік элементтердің құрылысын
10
зерттейді). Мысалы, лексикология синонимдерді құр атап көрсетеді, ал
олардың қайсысы қандай жағдайда қолданылуын көрсету – стилистиканың
міндеті.
Демек, стилистика тілдік құрылымның элементтерін фонетика,
лексикология, грамматика сияқты құрылысы мен мағыналары жағынан
зерттеумен шектелмейді, сонымен бірге олардың қолданыс кезіндегі
ерекшеліктерін, мағыналық,
эмоционалдық реңктерін, қабылдаушыға әсер
ету мүмкіндіктерін айқындайды.
Мұның бәрі қандай тіл болмасын құрылымы, құрылысы жағынан толық
анықталып болғаннан кейін ғана мүмкін болады. Сондықтан қазақ тілінің
стилистикасы да ғылым ретінде қазақ тілінің дыбыстық құрылымы, сөздік
құрамы, грамматикалық құрылысы толық зерттеліп болғаннан кейін ғана
дүниеге келді. Бұл стилистиканың басқа ғылым салаларынан кейінірек пайда
болғанын дәлелдейді. Осыған байланысты болса керек, В.В.Виноградов:
«Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы,
сөз
таптарындағы,
синтаксистік
құрылымдардағы
синонимдік
эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді
зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың
теориялық негізі болып табылады»,
-
дейді [3, 6 б.].
Тіл білімінде стилистиканың жалпыға бірдей
қалыптасқан анықтамасы
жоқ. Мұның бір себебі өзінің қалыптасуы барысында тіл білімінің бұл саласы
әр түрлі бағыттардың құрамында дамыды. Алғашқы кезде көркем тілді
зерттеу аясында дамыса, соңғы кездері оның зерттеу нысаны әлдеқайда
кеңейіп, тармақтала түсті.
Жалпы мәнінде алсақ, стилистика тілдің мәнерлі құралдары туралы,
сонымен қоса тілдік құралдарды сөйлеудің мазмұнына, қарым-қатынастың
мақсатына, жағдайы мен саласына сәйкес қолдану, яғни тілдің қызмет ету
заңдылықтары туралы ілім деп анықтауға болады. Қарым-қатынастың
анағұрлым
жинақталған, әлеуметтік мәнге ие болған ондай салаларына
Достарыңызбен бөлісу: