Зерттеудің құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1СТИЛИСТИКА
ҒЫЛЫМЫ,
ОНЫҢ
ҚАЗІРГІ
ДАМУ
БАҒЫТТАРЫ
1.1
Функционалды стильдердің тілдік сипаттамасы
Қазіргі тіл ғылымында жаңаша ойлау, ғылыми жаңаруды басынан
кешіріп отырған, ғылыми дамудың жаңа бағыт-бағдарларына сүйенетін –
5
стилистика ғылымы, оның орталық бағыты - функционалды стилистика. Бұл
–экстралингвистикалық және стиль түзуші тілдік емес факторлардың
ықпалынан пайда болған бағыт, қандай да бір қарым- қатынас аясындағы
коммуникативтік мақсатқа тәуелді тіл қызметінің заңдылығын зерттейді.
Функционалды стилистиканың негізгі нысаны – функционалды стильдер.
Функционалды стильдердің пайда болуын, қалыптасу жолын, әдеби тіл
тарихында алатын орнын, маңызын қарастыратын тарихи стилистика деп
аталатын маңызды саласы айқындалуда. Тарихи тұрғыдан сол ғылым саласы
үшін аса қажет диахрондық аспектідегі зерттеулер қазақ стилистикасында
соңғы кезде ғана зерттеу нысанына айнала бастады. Әдеби тілдің
функционалды стильдері бүгінгі күй-деңгейіне белгілі даму жолдары арқылы
келгені белгілі. Ал қазіргі уақытта қазақ тілі үшін тәжірибеде пайдалы
нәтиже бере алатын ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқындайтын,
прагматикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы функционалды
стилистика мәселесі маңызды болып отыр. Өйткені қазіргі стиль түрлерін
жалпы тұтастай зерттеуге мүмкіндік беретін стилистиканың бұл саласы
жетекші рөл атқарып отыр. Сондықтан кез келген стиль түрі тек диахрондық
тұрғыдан ғана емес, синхрондық тұрғыдан да коммуникативтік-
прагматикалық деңгейде сипатталуы тиіс деп танимыз.
Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық)
жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі
болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр
стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.
Стилистика ғылымының даму бағыты басқа ғылымдармен сабақтас.
Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі антикалық риторика және
поэтика, шешендік өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
ХХ ғ. басында стилистика таза ғылымның нысаны ретінде қарастырыла
бастады, тілдің функционалды қызметін жан-жақты зерттеу нәтижесінде
функционалды стилистиканың негізі қаланды. Оған тілдің әдіс-тәсілдері
туралы ХІХ ғасырдың аяғында қаланған ғылыми таным-тұжырымдар негіз
болды. Жалпы лингвистикалық ғылымның және жеке ғылымдардың әдіс-
тәсілінен стилистикалық талдау әдістерін қолдана бастаған болатын.
Стилистикалық талдау әдістерінің (орыс тілі ғылымындағы орны
бойынша) негізі –тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің әлеуметтік мәні мен
қызметі. Стилистикалық талдау әдістерінің негізі қалануына осыған
байланысты
жазылған
В.Гумбольдт,
А.А.Потебня,
Ф.де
Сюссор,
Б.Д.Куртэнэ, М.М.Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы болды. Әлемдік тіл
білімінде, орыс тіл ғылымындағы стилистикалық зерттеу еңбектері негізінде
қазақ тілі стилистикасы ғылыми тұрғыдан зерттелді.
Еліміздің егемендік алуы және тіл заңының шығуы қазақ тілі
функционалды, тіл құралдары (ресурстар) стилистикасын зерттеу
бағыттарын жаңа мазмұнда қайта қарауға тікелей ықпал етті.
Стилистика ғылымының зерттейтіні - стиль. Стильдің мәселелері,
мағынасы «ағаш қалақша» сондай-ақ, стиль «адам мен мәдениет» ғылымына
6
да жатады, «стиль - адам» (Бюффон), ендеше стилистикалық
мүмкіндіктердің жүзеге асуы да тікелей адамға қатысты. Сондықтан
стилистика көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылады.
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндерді
кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың
тәсілдеріне үйретеді әрі стилистикалық тәсілдер коммуникативтік мақсатқа
сай іріктеу ұстанымын меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы
түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен
контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық
мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика ғылымының теориялық негізін былайша тұжырымдауға
болады:
-стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды;
-стилистика
-
прагматиканың орталық категориясына жататын
прагматикалық факторды да толық есепке алып отырады;
-стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық
мұмкіндік алады;
-тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын өзіне толық байланыстырып
отырады;
-стилистикалық
ұғымдар мен категориялардың басты қызметі
стилистикалық мүмкіндіктерді толық жүзеге асыра алады;
-стилистикалық
амал-тәсілдер
стилистикалық
норманы
қалыптастырады.
Стилистика - тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуеттік
ықпалы ерекше, стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін
толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және
басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын
тіл ғылымының күрделі саласы. Стилистика қандай ғылым саласы екенін
түсіну үшін, алдымен, оның басқа ғылымдар жүйесінде алатын орнын
анықтап алу керек.
Стилистика да тіл ғылымының басқа салалары сияқты тілдік
құралдарды, тілдік тұлғаларды (бірліктерді) зерттейді. Бірақ олардан
айырмашылығы: тілдік тұлғалардың қарым-қатынастың белгілі бір саласы
мен мақсат-міндеттеріне сай қолданылу ерекшеліктерін зерттейді.
Стилистиканың, тіл ғылымының басқа салаларындай, тек өзіне ғана тән
тілдік бірліктері жоқ: ол фонетиканың объектісі - дыбыстарды да,
лексикологияның объектісі - сөздерді де, морфологияның объектісі -
морфемаларды да, синтаксистің объектісі - сөз тіркестері мен сөйлемдерді де,
солардың бәрінің жиынтығын зерттейді. Бірақ, жоғарыда айтқандай,
олардың тілдік қатысымның саласы мен мақсат-міндеттеріне сай жұмсалу,
қызмет ету тәсілдерін зерттейді.
7
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік
тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әртүрлілігін
көрсетеді.
В.В.Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ
өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар
басты үш түрін бөліп көрсетеді. Олар:
1) «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе
құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стильдерін де зерттейді;
2) сөйлеу (сөз) стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық
шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және
экспрессивтік-стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді (мыс:
лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құттықтау
хат т.б.);
3) көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының
стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді [1, 20 б.].
М.Н.Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді:
1) Тілдің стилистикалық байлығын (қорын) зерттейтін бағыт, бұл
сипаттама стилистикаға жатады, өйткені ол тілдегі барлық бояулы
құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш
қасиеттерін, мағыналық-функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл
бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады.
2) Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді.
3) Көркем әдебиет стильдері туралы ғылым немесе көркем әдебиет
стилистикасы.
4) Практикалық стилистика [2, 38 б.].
Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі
өте маңызды орын алады. Олардың қатарына
Достарыңызбен бөлісу: |