ғылыми, көркем, публицистикалық, ресми және
тұрмыстық салалар
жатады. Функционалды стильдер осы салаларға сәйкес ажыратылады.
Кейде стилистиканы тілдің мәнерлегіш құралдары туралы ілім деп те
анықтайды. Ондай жағдайда стилистиканың функционалдық жағы
ескерілмей, ол тек тілдің стилистикалық боямалы құралдарын зерттейтін
болып шығады. Сонымен қатар, стилистиканы функционалды стильдер
туралы ғылым деп қана қарау да жеткіліксіз, өйткені стилистика ілімі тілдің
стилистикалық қорын (ресурстарын) зерттеуден бастау алады, әрі
стилистикалық қор функционалды стильдерді қалыптастыруға да уақыт өте
келе белсенді қатысады.
Сонымен, жоғарыдағы анықтаманы