Мұғалім – сынып жүйесіндегі
ақпараттық алмасу сұлбасы
̽ғàëiì
Øûғàòûí àқïàðàò- òûқ êàíàë
Êiðåòií àқïàðàò-òûқ êàíàë
1-îқóøû
2-îқóøû…
N-îºóøû
2-сурет
Бұл бір жағынан алмасуға қатысушы адамдардың ақпарат беру және қайта өңдеу жылдамдығының компьютерлік жүйелермен салыстырғанда біршама төмендігін білдіреді. Ф.Бауэр, Г.Гозелердің айтулары бойынша, адамның ақпарат мағынасын түсініп сөйлескенде оны өңдеу жылдамдығы 50 бит/с, мағынасын түсініп оқығанда 15-40 әріп/сек, яғни мәтіннің бір бетіне 2-3 минут сәйкес келетінін дәлелдеген. Екінші жағынан, ақпараттар алмасуға қатысушы әр адамның ақпараттық сипаттамаларының ерекшеліктері де әрқилы. Осы жағдайлардан төмендегідей бірқатар салдарлар шығады:
1. Қазіргі уақыттағы оқыту үрдісінде барлық оқушылар ақпаратты бірдей уақытта және бірдей көлемде меңгеруі керек деген ұғымда ұйымдастырылады. Сондай-ақ берілген ақпарат не үшін және қай деңгейде (танысу, теориялық білім немесе практикалық қолданудың дағдысы) меңгерілуі керек екендігі де айқын көрсетілмейді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде орташаланған бір оқу бағдарламасымен жаппай оқытылады, ал жеке-даралап оқытудағы ақпараттық алмасуды жекелендіруге байланысты оның көлемін ұлғайтуға, олай болса мұғалімнің байланыс салаларын кемелінен асыра ұлғайтуға әкеп тірейтіні сөзсіз.
2. Мектептің нормативті құжаттарында оқушының белгілі бір оқу кезеңінде (мысалы, бір аптада, оқу жылында) алатын және қайта өңдейтін ақпараттар көлемінің жоғарғы дәрежесі дәл анықтала қойған жоқ. Ақпараттар көлемі оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындықтарына қарай сараланады. Ал, ақпараттар көлемінің шамасын есепке алмау және әрбір мұғалімнің өз пәнінен барынша мол білім қорын беруге тырысуы соның салдарынан оқушылардың оқудағы жүгі ауырлап, оқуға қызығушылықтың жоғалуына және теріс психофизиологиялық зардаптардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
3. Қазіргі оқу үрдісін ұйымдастыру сүлбесі шамамен мынадай: мұғалім белсенді, оқушы енжар, ал оқушының ақпаратты меңгеру кезіндегі белсенділігі мұғалімге тез талдауды және т.б. талап ететін сұрақтардың қойылуына, өз пікірін айтуға әкеп соқтыратыны сөзсіз, ал бұл мұғалімнің жылдам ақпараттық мүмкіндіктерін қамтамасыз етпейді. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушыларға жеке тапсырмалар беру жолымен олардың оқу іс-әрекеттерін белсендіру мұғалімге шамамен тыс көп ақпаратты жүктеу арқылы проблеманы шешуге әрекет жасау деген сөз, ал жалпы тапсырмаларға қарағанда ерекше тапсырмаларды тексеруге едәуір көп күш және уақыт керек.
4. Дәстүрлі оқу үрдісінде ақпарат беру айтарлықтай дәрежеде абстрактілі-логикалық (дәлірек айтқанда сөздік) формаға негізделген. Ал, ақпарат болса адамның талдау және синтездеу қабілетіне, құбылыстардың модельдерін құру немесе керісінше, модельден және оны сипаттайтын математикалық теңдеулерден ақиқат құбылысты көре білу мүмкіндігіне бағытталған болады. Сонымен бірге психологтар мен физиологтардың зерттеулері, адамдардың көп бөлігі көрнекі формада берілген ақпаратты қабылдап, меңгере алатындығын дәлелдеген. Дәстүрлі оқу үрдісінде қолданылатын көрнекілік элементтері көбінесе статикалық сипатта болады, олар құбылыстар мен үрдістердің дәл сол уақытта және кеңістікте даму динамикасын қамтып көрсетпейді, яғни құбылыстардың сайма-сай бейнелерін жасай алмайды.
5. Дәстүрлі оқу үрдісінде, мұғалім оқушылардың білімін тек эпизодты және ішінара тексеруге ғана мүмкіндігі бар және ондай тексеру, бір жағынан, мұғалімге оқу ақпараттарын оқушылардың меңгеруі туралы толық мағлұмат бермейді, екінші жағынан, оқушылар үшін оқудың сыртқы мотивін қамтамасыз ете алмайды.
6. Мұғалімге оқу-тәрбие үрдісін басқаруда іс-әрекеттерді қарастыруы үшін оқушылардың психо-физиологиялық және ақыл-ой даму динамикасы туралы ақпараты керек, олардың қалыптасу ерекшеліктерін және басқа да мәліметтерін білмей мектептегі оқу- тәрбие жұмысын жақсартуға болмайды.
Аталған қиындықтар мен қайшылықтар оқу барысындағы ақпараттық үрдістерді ұйымдастырудың жетілмегендігімен байланысты екенін көрсетіп отыр. Дәстүрлі оқу технологиясы шеңберінде, Ян-Амос Коменскийден бері айтарлықтай өзгерістер болмаған оқу жүйесінде бір мұғалім және көп оқушы аталған қарама-қайшылықтарды жеңу мүмкін емес. Ал, бұл өз кезегінде, жаңа ақпараттық қоғамда мектеп бітірушіні өмірге толық дайындай алмайды деген сөз. Бұдан шығатын ең қолайлы жол ақпараттық технологияны мектеп оқу үрдісіне кеңінен ендіру.
Оқу үрдісіне компьютерді тең құқықты қатысушы ретінде енгізгеннен кейін сыныптағы ақпарат айналу сұлбасында (сурет 3) не өзгеретінін талдап көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |