1.4 Халықтық педагогика элементтерін оқыту мен тәрбиелеу процесінде тиімді қолдану
Этнопедагогика – тек халық даналығы, халықтың ойы тілегі, адамгершілікті тәрбиелеу бастауы ғана емес, ол осы халықтың қайнар көзі, жаратылысының тамыры.
Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш. Айтматов: «Өзінің және басқа халықтың даму тарихын білмеген адам, қоғамның алға даму тарихынан тыс қалып, бір күндік қана өмір сүреді» деген.
Қазіргі таңда жастар арасында бой алдырған жағымсыз қасиеттер мен сүреңсіз іс – қылықтардың етек жаюы – халықтық тәрбиеден қол үзіп бара жатқанымыздың нәтижесі екені даусыз.Жас ұрпақтың санасына батыстық құндылықтар мен нормалардың, тұрмыс – салт үлгілерінің ықпал ете бастағаны да жасырын емес.
Академик Г.Н. Волков: «Батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сындардан өткен, халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ» - деп тұжырымдайды.
Этнопедагогиканың озық дәстүрлерін пайдалана отырып, оқушылардың бойынан осынша қасиеттерді қалыптастыру жұмысын жүзеге асыруда – қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарының, сыныптан тыс өткізетін шаралардың орны ерекше.
Моральдік құқықтық нормалар, қоғамның пікірі
Ана тілі
Халық тарихы, тарихи ескерткіштер
Туып-өскен табиғат
Ұлттық тәрбиенің өзгешеліктері
Халықтың ауыз-әдебиеті, музыкасы, өнері
Халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары
Еңбек, қолөнері
№1 сызба. «Қазақ халқының этнопедагогикасының өзгешеліктері»
Сан есімдерді түсіндіргенде халқымыздың жеті ата, жеті қазына, жеті жұрт, жеті шелпек, бес дұшпан, бес асыл іс сияқты қасиетті сандарға байланысты жаттығулар құрап, соларға байланысты шығармаларды еске түсіреміз. Мысалы: Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен үзінді оқып берсе:
Адам болам десеңіз
Бес нәрсеге асық бол,
Бес нәрседен қашық бол — дей келе адам бойында кездесетін бес жаман қасиет: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ және бес жақсы қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым екендігі туралы әңгіме өткізу арқылы бала тәрбиесін этно тұрғыдан өткіземіз. Ал қазақ халқының салт дәстүрлері тақырыбын өткенде тойларда, шілдехана, тұсау кесу, сүндет тойда берілетін бата түрлерінен алынған үзінділерден балаға, жастарға айтылған нақыл сөздер мен ежелден бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгеніне назар аударған абзал.
Сонымен қатар, қазақ халқының мақал — мәтелдері жас ұрпақты, ата —ананы, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеуге бағытталған. «Жеті атасын білмеген —жетім», «Әкеге қарап өл өсер, шешеге қарап, қыз өсер», «Ағайын алтау, ана біреу».
2-кесте. «Халық педагогикасын сабақтарда және сыныптан тыс шараларда қолдану»
Достарыңызбен бөлісу: |