1.3 Қазіргі қазақ халық педагогикасының қалыптасуы
М. Жұмабаевтың педагогикасындағы құрам - жіктемелер бүгінгі әлемдік педагогикамен үндесіп келетінін көптеген ғалымдар анықтаған:
Жалпы педагогикаға жататындары: дене (Абайша - тән), жан күштерін тәрбиелеу;
Дидактика – оқытудың негізгі жалпы жолдары (бүгінгі қосылғаны білім мазмұны);
Методика – белгілі бір пәнді қалай оқыту жолдары (тәсіл амалы, әдістері қосылды);
Мектеп басқару – өзінің ісін ұйымдастыру жолдары (техникалық басқару қосылды);
Педагогика тарихы – тәрбиенің қалыптастыру тарихы (білім берудің тарихы қосылды).
90-жылдары тәуелсіз мемлекетіміздің қазақ мектептерін халықтық педагогика құндылықтары негізінде құруға теориялық негіздер жасалса, 2000 жылдан бүгінге дейін қазақ мектептерінің қандай бағытта жұмыс жүргізуі мемлекеттік деңгейде шешіліп, халықтық педагогика құндылықтарын негізге алуға төте жолдың ашылғанын және оның өркениетті елдермен паритетті болуына қолайлы жағдай туғызылған Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «интеллектуалды ұлт» дәрежесіне жетуімізге мүмкіндік бергенін атап өтуге болады.
1-кесте. Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған ғылыми-педагогикалық негізінде қалыптасуының даму тарихының кезеңдері
Кезеңдер
|
Мазмұны
|
1
|
2
|
1-кезең. 20-30 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылуы
|
Қазақ мектептері халықтық педагогика құндылықтарымен құрылған (қазақ қайраткерлері: А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов...). Оқу-тәрбие жұмысы ағартушылық деңгейде, яғни алфавит өзгерісіне орай аталған теориялық негіз толық іске асырылмайды.
|
2-кезең. 40 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылу характері
|
Советтік педагогика басымдық күш алып, халықтық педагогика құндылықтары білім мазмұнынан ығыстырылады. А.В. Луначарский, Н.Н. Крупская, С. Шацкий, П. Блонский, А.С. Макаренко еңбектері насихатталды.
|
3 кезең. 50-60 жылдардағы қазақ мектептерінің құрылу ерекшелігі
|
Советтік педагогика байқау әдісін барлық Одаққа қарайтын мектептерге міндеттейді. Ол талап бүгінгі қазақ мектептерінде әлі де кездеседі. Сырттай қазақ мектептері орта мектептердің басқару механизмін, оның негізін толықтай көшіру іс-әрекетінде. Мұнымен бірге 50-60 жылдары Эльконин, Давыдов, Занковтадың дамымалы оқу жүйесін енгізуді мақсат тұтады. Бірақ халықтық педагогика құндылығы ескерілмейді. Қазақ интеллигенциясының саны қысқарып, көбінесе ауыл мектептерінде механизаторлық, сауыншылық кәсіпке үгіттеп, мектеп бітіруші түлектер ауыл шаруашылығында жұмыс атқаруды міндетіне алды.
|
4-кезең. 70-80 жылдардағы халықтық педагогика құндылықтарының тоқырау кезеңі
|
Қазақстанда Совет дәуірінің педагогикасы басымдықта болып келеді. Халықтық педагогика құндылықтарын ығысып, мүлдем өшіп, оның орнына Совет үкіметін мадақтайтын материалдар білім мазмұнының тірегіне айналды. Қорғалған диссертациялардың қазақ мектептеріне арналғанымен, оның басым көпшілігі орыс тілінде болғандықтан, қазақ мектептерінің іс-тәжірибесіне айналмайды. Халықтың ұлттық санасының орнына дүбәралық сипат оның орнын ауыстырады. Бұл кез – тоқырауды басынан өткерген уақыттың көрсеткіші.
|
5 кезең. 1992-2010 жж. Аралығындағы Тәуелсіздікке қол жеткен уақыт пен кеңістік
|
Б.ғ.д. V-VII ғасырдан бастап бүгінгі таңға дейінгі халықтық педагогика құндылығын оқушыларға дарытарлық қазақ мектептеріндегі білім мазмұнының мүмкіндігіне жол ашылған сәт. Білім мазмұны мүмкіндік бергенімен, оның ішкі интелектуалдық әлеуетінің халықтық педагогика құндылықтарын ғылыми-теориялық негізіне алу мәселесінің жетімсіздігін жоюдың көкейкестілігі біздің зерттеу еңбегімізді бастауға себеп болды.
|
Білімдену технологиясы тұлғаның жеке ізденімпаздық қажетсіну уәжін іске қосу іскерлігін шыңдауға қозғау салады.
Ал, педагогикалық технология ұжымдық іс-әрекетке бағдар жасайды. Осы екі түрлі ұстанымды ажыратып алған жағдайда қазақ мектептерінің білімденудің инновациялық технологиясы деген ұғымды дұрыс түсінуге болады. «Инновация» ұғымы «Жаңаша оқыту» мәселесін жүзеге асырады. Бұл орайда жаңаша оқыту жүйесін мемлекеттік және әлемдік стандарт аясындағы көшбасшы технологияларды бүгінгі Қазақстан Республикасының ұлттық негіздегі өңіріне бейімдеп алу секілді амалды іске асыру қарастырылады.
Оқытудың тік сызықты программалық технологиясы бүгінгі күннің қажеттілігінен туған интерактивтік технологиясына негіз бола алатынына көзіміз жеткендей.
Интерактивтік технологияда үш түрлі парадигма негізгі қызмет атқарады. Оның біріншісі – эмпирикалық, екіншісі – алгоритмдік, үшіншісі – стохастикалық. «Парадигма» деген ұғым оқыту технологиясына жаңа философиялық пайым дегенді аңғартады. Эмпирикалық парадигма – ұстаздың бәлен жылғы жинақталған тәжірибесіне сүйенуі. Стохастикалық парадигма – ықтималдық теориясын жасауы, яғни оқушының ішкі интеллектуалды әлеуетін мөлшерлеп ықтимал жауаптарын деңгейліктерге дәлме-дәл жіктеуі. Әрине, технология деген ұғым бар жерде іс-әрекеттің баяндауыштары өзара әрекеттестікке бағыттайтын дәрежеде. Біздің жағдайымызда «сүйенуі», «алгоритмдеуі», «жіктеуі» деген баяндауыштар мұғалімнің оқушылармен өзара интеллектуалды қарым-қатынасқа түсетін бірден-бір құрал ретінде қолданылып тұр. Аталған үш парадигманың екеуі кешегі күннің көрсеткішіне айналғаны зерттеу барысында анықталды. Атап айтсақ, олар – эмпирикалық, алгоритмдік парадигмалар. Эмпирикалық парадигма таза тәжірибе дегенді білдіретіні жайлы жоғарыда атап өттік. Дәрісте, семинар және жұмыстың барлық түрінде 100% эмпирикалық парадигма негіз болса, жаңалықтың жоқтығы өз-өзінен түсінікті. Сол себепті 100%-ың тек 20% ғана қолданымға жарамды. 20% мұғалімнің тәжірибесіне сүйену – бүгінгі мемлекеттік стандарт талабы. Алгоритмдік парадигманың да 20-25% қолдану тиімді.
Кеңестік дәуірдегі пайызнамалық сан қуушылықтан сапасы жақсартуға бетбұрыс жасалады. Сапаға көшудің бірден-бір жолы – әр оқушының ішкі қайшылығының шешімін табу үшін ситуациялық міндеттердің мәтіндерін құрастыру, дебат, пікірталас, сайыс сабақтары өткізілуі бірінші орынға шығады. Ішкі қайшылықтың өзі қорғаушы күш ретінде қабылданып, саннан сапаға ауысудың көрсеткіші ретінде қабылданған. Қазақ мектептеріндегі оқыту-тәрбиелеудің ғылыми-педагогикалық негізі әдістер жүйесін, оның оқушылардың ішкі логикалық деңгейін зерделеуге қатысты құбылыстарын байқауға мүмкіндік жасар құралдарын, амал - жолдарын, іс-әрекеттік үрдістерін қарастырды. Әдістердің өзі сөзге құрылған, үдерістік - әрекеттестік маңызда қолданылған болып екіге бөлінеді.
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуына 2004-2006 жж. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы 3 сәуірдегі «Ішкі саясаттың 2004 ж. негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 ж. 13 қаңтарындағы «Мемлекеттік мұра: 2004-2006жж.» бағдарламасы туралы №1277 Жарлығы негізінде С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің «Мәдени мұра: 2004-2006жж.» бағдарламасының Республика ауқымында атқарған рөлі зор.
Достарыңызбен бөлісу: |