Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «Маркетингтегі ақпарат жүйесін тұрғызу»



бет8/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,27 Mb.
#32564
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8


2.4 Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – ақпараттық жүйенің қызметінің орындалуы нәтижесінде алынатын басқару объектісіне немесе басқа да басқару жүйесіне мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін ақпарат болып табылады [8].

Берілген есептің шығыс құжаттары:



  • зерттеулер негізінде есеп беру;

  • талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер;

Шығыс құжатының сипаттамасы 10 кестеде көрсетілген.

10 кесте. Шығыс құжатының сипаттамасы


Атауы


Идентификатор

Зерттеулер негізінде есеп беру


Otchet

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


Номері

Num


9(4)

Өнімнің аты

P_Name

A(30)

Өнім бағасы

P_Cost

9(12)

Сатып алу көлемі

O_prodazh

9(9)

Бәсеке баға

Kon_cost

9(4)

Өнім рейтингі

Pr_reyt

9(4)

Атауы


Идентификатор

Талдау негізіндегі болжамдық көрсеткіштер


Prognoz

Реквизиттердің атауы

Есепте белгіленуі

Реквизит ұзындығы


Номері

Num

9(4)

Өнімнің аты

P_Name

A(30)

Болжамдық баға

P_Cost

A(30)

Болжамдық сатылу көлемі

O_prodazh

9(4)

Бәсеке баға

Kon_cost

9(4)


2.5 Ақпараттық база
Ақпараттық база - бұл басқару есептерін шешу үшін экономикалық объектіні жұмыс істеу барысында оны айнытпай дәлме-дәл бейнелейтін ақпарат массивтерінің бірігуі [8]. қазіргі уақытта ақпарат базасын тұрғызудың екі ыңғайы қалыптасқан: жеке қолданушыларға қызмет көрсетуге арналған массивтердің бірігуі секілді қойманы тұрғызу, ол АЖ-ны тұрғызудың бастапқы кезеңдеріне тән; саны көп қолданушылар үшін интегрирленген ақпарат қоймасын тұрғызу.

Ақпараттық база келесілерден тұрады:

- ақпаратты кодтау жүйесінен;

- ақпараттық массивтен, яғни ақпараттық базаны тұрғызуға кіретін мәліметтер массивінен;

Ақпараттық база машина ішіндегі және машинадан тыс болып бөлінеді.

Машинадан тыс ақпараттық база келесілерден тұрады:

- жедел ақпарат;

- нормативті құжаттар;

- кодтау классификациясының жүйесі.

Машинадан тыс ақпараттық база - ақпараттық базаның бөлігі, ол ақпараттық жүйенің қалыпта (формада) қызмет етуінде қолданылатын белгілер және құжаттардан, адамдардың есептегіш құралдарынсыз қабылданатын мәліметтердің бірлігінен тұрады. Машинадан тыс ақпараттық база кодтауды классификациялау жүйесінен, ақпаратты нормативті құжаттардан, жедел ақпараттардан тұрады. Кодтауды классификациялау жүйесі мәліметтерді бір мәнде жазу, ақпараттық есептегіш жүйелердің жадысында идентификациялау және тиімді ізденіс үшін қолданылады. Нормативті - анықтамалық құжаттар шартты - тұрақты ақпараттар категориясына жатады және әр түрлі регламентті нормативтерден, мәліметтерден тұрады, олар ұзақ уақыт бойы есептеуде өзгеріссіз қолданылады.

Ал машина ішіндегі ақпараттық базасына - ақпараттық жүйе кіреді.

Машина ішіндегі ақпараттық база - белгілі бір белгі бойынша жүйенің машиналық тасығыштарындағы қолданылатын АЖ-ның мәліметтер жиынтығынан тұратын ақпараттық базаның бөлігі.

Жедел ақпарат дәл сол мерзімдегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни ол өңделмеген бірінші ақпарат болып табылады. Кодтаудың мақсаты - ол ақпаратты ыңғайлы кішігірім қалпында ұсыну, ол құжатта мәліметтерді машиналық тасығыштарға жазғанда өңдеу басқа да операцияларды жүргізгенде қажет. Әт үрлі белгілі номенклатуралардың негізгі классификациялануы мәліметтер базасындағы ақпаратты іздеуге, оны өңдеуге, жеңілдетуге қажетті классификация болып көп объектілерді бөлу жүйесі болып табылады (пәндерді, үрдістерді, түсініктерді) белгілі немесе әр түрлі белгілері бойынша жіктеу. Классификациялау объектісі болып классификацияланатын объектілердің өзі, классификациялау нәтижесінде алынған классификациялаудың тобы көп объектілер болып табылады. Классификациялау жүйесі дегеніміз - жиынды жиын астарынан бөлу ережелерін айтады. Классификациялау жүйесі иерархиялы және фасетті болып бөлінеді. Иерархиялы классификациялау жүйесі - жиын объектілерінің кезектілікпен бағыныңқылы классификациялық топтарға бөлінуін айтады. Фасет классификациялану жүйесі – көп жиын объектілерінің параллельді классификациялау топтарына байланыссыз бөлінуі. Классификациялаудан кейін таңдап алған кодтау жүйесіне байланысты ақпарат бірліктерін кодтайды. Кодтау дегеніміз – символды белгілерді теңестіру үрдісі, ол объектілерді кішігірім формада ұсыну мақсатында пайдаланады. Кодтау жүйесі дегеніміз – классификацияланатын объектілерге кодтық белгілерді теңестіру дәрежелерінің бірлігі. Код – ол белгілі ережеге сәйкес барлық номенклатураға белгіленуі ортақ теңестіруді тұрғызу жүйесі, сонымен қатар әр кодты анықтауға болады.


  • код ұзындығы (кодты белгілеудің саны);

  • код разряды( кодты белгілеудегі белгінің саны);

  • код алфавиті ( кодты белгілеуде қолданылатын белгілер, олар сандық, әріптік, әріптік-сандық болуы мүмкін);

  • код құрылымы (кодты белгілеудегі белгілердің орналасу тәртібі).

Кодты қолдану ақпаратты өңдеудің сыйымдылығын азайту мүмкіндігін береді, мәліметтерді топтастыруды қысқартады, машиналық тасығыштарға ақпаратты жазуды жылдамдатады.

Экономикалық ақпараттың жіктегіштері мен шартты белгілерін жобалау – АЖ-ны ақпаратпен жабдықтау бөлімін құрастырудың маңызды бөлігіне жатады.

Экономикалық ақпаратты мазмұнды мағынасына қарай жіктеу – бұл мәліметтер қоймасынан ақпаратты іздеу мен өңдеуді жеңілдету үшін қажет. Ал экономикалық ақпаратты шартты белгілеу – бұл мәліметтерді алфавиттік түрде бейнелеудің жоғарғы үлес салмағына, логикалық амалдардың көп көлемдігіне, ақпаратты орталықтандырмай өңдеуге көшуге байланысты, ақпаратты – есептеу желістеріне байланыс арналары бойынша өткізіп беруге жататын мәліметтер көлемінің өсуіне байланысты қажет болады. Шартты белгілеудің мақсаты – экономикалық ақпаратты тығыз, ыңғайлы түрде көрсету. Демек, мәліметтерді АЖ жадында бірмәнді бейнелеп жазу үшін жіктеу мен шартты белгілер қолданылады.

Көлемі бойынша үлкен емес, тұрақты номенклатуралар үшін “тіркейтін” шартты белгілер қолданылады. Олар бір объектіні басқасынан айырып тануға мүмкіндік береді, яғни кішігірім ақпараттық қасиеті бар.

Шартты белгілеу деп – жіктеу объектілерін тығызрақ бейнелеу мақсатында оларға таңбалық белгілерді иемдету барысы. Сондай-ақ, бұл жіктеу объектілері мен жіктелген топтарды белгілеу ережелерінің бірігуі. Шартты белгілеудің реттік, сериялы-реттік, тізбектік және параллельдік деген төрт жүйесі бар.

Жоғарыда айтылған классификациялаудың иерархиялық жүйесіне сәйкес төменде тұрған топтың кодына жоғарыда тұрған топтың элементтерін қосу арқылы қалыптасады, мұндай жүйе жоғары ақпараттылыққа ие болады. Ал аралас жүйе әр түрлі үлкен номенклатураларды кодтауда пайдаланады, олар біркелкі бір-біріне байланысты болуымен және жеке классификациялау белгілері бойынша тәуелсіз болуымен, кодтаудың әр түрлі қағидаларының үйлесуімен сипатталады. Ақпараттық жүйе ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі ақпараттық классификаторы болып табылады.

Машина ішіндегі ақпараттық база АЖ-да қолданатын мәліметтердің жиынтығы. Ол машина тасығыштарында болады, ал машиналық тасығыштар материалдыобъектілерден тұрады. ЭЕМ-ға, ДЭЕМ-ға автоматты түрде енгізу үшін қолданылатын,оларға қатты магнитті дискілер, икемді магнитті дискілер, магнитті барабандар, магнитті карталар, фотохромды тасығыштар, микрофильмдер, перфокарталар, перфоленталар және т.б. тасығыштар жатады. Қазіргі кезде икемді магнитті дискілер кең көлемде қолданылады. Ішкі машина базасының ақпараттық жүйе құрылымы функционалдық тағайындалуы бойынша анықталады. Ақпараттық жүйенің функционалдық есебі максималды түрде қолданушының талаптарына және ұсынылатын техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет.

Ақпарат массиві – нақты тәсілмен аталған және ұйымдастырылып өзара мәндік түрде байланысқан мәліметтердің бірігуі. Ақпарат массивін ұйымдастыру ол оның құрамын, құрылымын, яғни әрбір ақпарат массиві үшін реквизиттердің тізімін, ұзындығын, орналасу тізбегін табу. Ақпарат массиві қолдану белгісіне қарай: кіретін, шығатын және ішкі массив болып бөлінеді; кіретін ақпарат массиві – объектіні басқару есебін шешу үшін сұранысты және жедел немесе алғашқы ақпаратты қамтиды; ішкі массивтер тұрақты, сақталатын, жедел, қызметтік болып бөлінеді. Тұрақты ақпараттық массив анықталмаған-нормативті құжаттардан алынады, олар мәліметтердің өңделуіне дейін қалыптасады және ақпараттық жүйенің есептерін шешуде қолданады. Анықтамалық-нормативті ақпараттар массивінің классификаторына анықтамалар, тұрақты-шартты ақпарат жатады. Сақталатын массивтер бір-бірімен өзара байланысты есептерді шешуде қолданылады; шығатын ақпарат массиві баспа құрылғысына (принтерге) басылып шығатын мәліметтерді құрайды. Осы ақпарат негізінде қолданушылар керекті шешім қабылдайды, яғни осы ақпаратты қолданады. Жедел массивтер жедел құжаттардың негізінде құрылады, яғни айнымалы ақпараттардан тұрады, ол біртіндеп жиналады, сондықтан жедел массивтердің мәні өңдеу циклында өзгеріп отырады. Жедел ақпарат – ол объектінің күйін осы уақыт сәтінде бейнелейтін, яғни бастапқы, өңделмеген ақпарат. Жедел ақпаратқа бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері жатады. Қызметтік массивтер қызметтік ақпараттардан тұрады, ол массивтерді автоматтандырылған өңдеуден өткізу үшін қажет. Мәліметтер базасы бір-бірімен байланысты ақпараттық массивтерден тұрады, олар тікелей қол жеткізуге болатын есте сақтау құрылғыларында сақталып, ақпараттық жүйенің басқару қызметін жүзеге асырады. Мәліметтер базасын құрудың мақсаты – мәліметтерді өңдеу уақытын қысқарту, сақталатын мәліметтердің көлемін азайту, бір-біріне қайшы келетін мәліметтерді жою, кез келген қолданушыға мәліметтерді кең көлемде қолдануға мүмкіндік беру, есепті шығару программасына мәліметтердің тәуелсіз болуы, мәліметтердің мәліметтер базасында сақталуы және т.б.


2.6 Программалық жабдықтау
ЭЕМ-ді программалық жабдықтау мәліметтер базасын өңдеу процедурасын қамтамасыз ететін программалар кешенінен, программалардан, машина ресурстарын басқарудан, есептердің орындалуынан және мәліметтер базасы жүйесін жобалаудан тұрады.

Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы программалық жабдықтау, арнаулы программалық жабдықтау.

Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және программалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:


  • қолданбалы пакеттер және программалар, бұл пайдаланушының жұмысын қажетті түрде орындауды қамтамасыз етеді (мәтіндерді өзгерту, суреттер салу, ақпараттық массивтерді өңдеу және т.б.) – қолданбалы программалық жабдықтау.

  • жүйелік программалар, бұл әр түрлі қосалқы функцияларды орындайды (операциялық жүйелер, драйверлер, программалы қабықтар, операциялық қабықтар және көмекші программалар (утилиты)) және өзімен бірге жүйелік программалық жабдықтауды ұсынады.

  • аспаптық жүйелер, яғни жүйелік программа, компьютерге жаңа программа құру үшін жабдықталған.

Қолданбалы программалар персоналды компьютерге өте ыңғайлы құрал ретінде жұмыстарды орындауға, үйренуге және ойнауға мүмкіндік береді. Қолданбалы программа қарапайым қолданушыға немесе программалаушыға және қандай да бір жерде жұмыс істейтін маманға есептелуі мүмкін. Қолданбалы программалар кең профильде болуы мүмкін, мысалы, қаржылық есептеулерді немесе құжаттарды құрастыруға арналған, бірақ тар мамандандырыл-ған да болуы мүмкін, мысалы, электоркардиограммаларды талдау, электрлік бұйымдарды проектілеу кезінде және т.б. қолданылуы мүмкін.

Қолданбалы программалық жабдықтау есепті шешу процесі кезінде программалы ЭЕМ нәтижелілігін жоғарлату үшін арналған. Қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) бағдарлама библиотекасы сияқты іске асырылуы мүмкін, стандартты ішкі программалар арқылы программалық тілдердің кеңейтілуі мүмкін. Басқа жағынан ҚПП интерактивті ортаны қалпына келтіруін іске асыратын пакет болуы мүмкін (диалогтік тәртіп).

Маркетингтегі ақпараттық жүйесінің программалық қамсыздануы келесілерден тұрады:


  • Windows’2000 операционды жүйесі негізінде жалпы жүйелік қамсыздандыру;

  • Жұмыс істеу барысында негізгі операциялардың автоматты түрде орындалуын қамтамасыз ететін программалар модульдерінің жиынтығы, яғни функционалды қамсыздандыру;

  • Қолданушы мен операционды жүйе арасындағы интерфейс пен мәліметтер базасын қамтамасыз ететін Delphi ортасында программалау;

Delphi программалау ортасы негізгі программаны жазуға мүмкіндік береді.

2.7 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау
Қолданбалы программаларды өңдеу үшін программалау тілдері және программалау жүйесі қажет. Осы мақсаттарға байланысты Delphi-Borland, C++ және т.б. тілдер кеңінен тараған, осы аталған тілдердің өздерінің ерекшеліктері бар, осыған байланысты олар негізгі программалау құралы ретінде саналады. Құралдар жабдығының категориясына жоғарғы деңгейдегі тілдер трансляторы ғана емес, сонымен қатар Ассемблер, компоновщиктер және т.б. жүйелік программалар жатады. Құралдар жабдығының көмегімен қолданбалы программалар, жаңа құрал жабдықтары да, операциялық жүйелер де қарастырылады. Бұл программалық қамтамасыз ету түрі қолданушыны компьютер ресурстарын басқарудан босатып, аппаратура ортасымен басқаруды қамтамасыз етеді, яғни ДЭЕМ-де нақты жұмыс істетуге дайындайды. Жүйелік қамтамасыз ету операциялық жүйелерден, МББЖ-дан, МБ-ның дистанциондық өңдеуінен тұрады. Жүйелік қамтамасыз ету қолданбалыдан машина тәуелділігі бойынша ажыратылады. Қолданбалы программалар кейбір есептерді шешу тұрғысынан қарастырғанда тиімді болып келеді, осыған байланысты ЭЕМ құрал ретінде пайдаланады,яғни есептегіш жүйеге емес жұмыстың пәндік жағына көңіл бөлінеді. ДЭЕМ программалық қамтамасыз ету нарығы күтпеген функционалдық мүмкіндігі бар әр түрлі коммерциялық МББЖ және программалау тілдері бар. Осы құралдар әр түрлі болғандықтан кез келген қолданушының, білікті маман сұраныстарын қанағаттандырады. Көптеген коммерциялық программалар ЭЕМ-ге арналған Cobol-e, Pascal, C++, Borland Pascal 7.0, FoxPro 2.0 мәліметтер базасы тілдерінде жазылған.

Есептеуіш техника мен программалау технологияларының дамуы Borland фирмасының жаңа программалық Delphi өнімін алып келді. Delphi - бұл Windows-та жұмыс істейтін программаларды, қосымшаларды тез өңдейтін (Rapid Application Development - RAD) интегрирленген орта болып табылады. Ол генератор кодынан, визуалды дизайнерлер және мәліметтер базасын жүргізу құралдарының және жақсы интерфейсінің болуы, сондай-ақ үйренуге қарапайымдылығымен сипатталады. Delphi негізінде визуалды жобалау технологиясы және програмалаудың объектілі-бағытталған әдісі бар. Delphi-дің бірінші версиясы, Windows 3.1 ортасында жұмыс істеген. Windows 95 шыққаннан кейін, Borland 16 разрядты Delphi екінші версиясын шығарды. Одан кейін 32 разрядты Delphi-дің үшіншісі шықты. Delphi программасында Borland-пен өңделген Object Pascal тілі қолданды, оның негізі ретінде классикалық осы тіл алынған.

Келесі Delphi 5.0-дің үш версиясы бар:

Standard – мәліметтер базасын қолдана отырып жеке қосымшаларды өңдеу;

Professional – көптеген қолданушылардың қосымшаларын құруға арналған;

Client-Server Suit – корпоративті қосымшаларды өңдеуге арналған.

Delphi ортасында программалау үшін компьютерге Windows98, Windows NT немесе толығымен сәйкес келетін операциондық жүйе қажет. Delphi Client-Server Suit-8 Мб кем емес жедел жады, ал Delphi-ді толығымен орнату үшін 170 Мб қажет. Кез келген дербес компьютер процессоры Pentium, жедел жады көлемі 8-16 Мб, дисплейі VGA болса, Delphi-дің жұмысын тиімді етеді.
2.8 Программалық қамтамасыз ету құрылымы
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы жалпы жүйелік және арнайы программалық қамтамасыз етуден тұрады. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз ету - программалар бірлігінен тұратын кең қолданушылар көлеміне бағытталған есепті ұйымдастыруда және ақпаратты өңдеуге арналған программалық қамтамасыз ету бірлігі. Операционды жүйе есептеріне жүйенің барлық ресурстарын басқаруға жауап береді. Операционды жүйе дербес компьютерлердің аппарат құралдарының ақпараттық қабықшасының ең төменгі деңгейінен тұрады. Дербес компьютер үлгілерінде, архитектуралары, мүмкіндіктері әр түрлі операциондық жүйе ресурстары қажет. Қолданушыға программалық өңдеу және қолдану үшін ұсынылатын қызметтер әр түрлі болады, яғни операционды жүйе ядросы белгілі қызметтік программалар көмегімен жүзеге асады. Осы программалар көмегімен дискінің бастапқы белгіленуі, диск құрылғыларының параметрлерін орнату, жедел жадыны тестілеу, компьютердің басқа да компоненттерін, ақпараттық баспада жіберу локальды желілермен байланыс орнатуды жүзеге асырады. Осылай операциондық жүйе аппарат құралдарын толықтырып, дербес компьютердің бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

Windows 2000 Professional операциондық жүйесінің сипаттамасы:

Windows тек қана файлдар мен операция үшін ыңғайлы интерфейспен қамтамасыз етпейді, сонымен қатар Windows ортасында жұмыс істейтін программалар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Программалар мүмкіндіктерін қолдану үшін Windows талаптарына сәйкес жобалануы тиіс, сондықтан оларды Windows программасы немесе Windows қосымшалары деп атайды.

Windows DOS– та өңделген қарапайым программаларды орындайды, бірақ мұндай программалар Windows-тың басымдылықтарын қолданбайды, осыған байланысты баяу жұмыс істейді.

Windows-қа келесі сипаттамалар тән:


  • қолдану мен игеру өте қарапайым;

  • өнімділік өте жоғары;

  • желілік құрылғыларымен жұмыс істейтін әмбебап желілік клиент рөлін атқарады.

Бұл операциондық жүйе ішінде таратылған желілер, электрондық пошта, мультимедиа құралдары бар. Windows 2000 операциондық жүйесі Microsoft фирмасымен Microsoft Office деп аталатын программалар пакетінен құралған, оған келесі программалар кіреді:

  • Microsoft Word мәтіндік редакторы;

  • Microsoft Excel электрондық кесте;

  • Microsoft Power Point презентация редакторы;

  • Microsoft Acces мәліметтер базасын басқару жүйесі;

  • Microsoft Schendule күнделік редакторы.

Windows 2000 аппарат бөлігін қолданған кезде қойылатын талаптар:

  • 486DX және одан жоғары процессор;

  • 6 Мб кем емес жедел жады;

  • сәйкес келетін VGA видеоадаптері;

  • Windows 2000 толығымен орнату үшін қатты дискінің көлемі 70 Мб болуы керек.

Арнайы программалы қамтамасыз ету – нақты ақпараттық жүйені құруда және оның функцияларын жүзеге асыру үшін өңделген программалар бірлігі.

3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын сала
3.1 Маркетингтегі ақпараттық жүйесін тұрғызуға кететін шығынды есептеу
Ақпараттық жүйені жасап шығаруға кететін шығындарды бағалау жүйені жасаудың нәтижелерін шығаруда маңызды критерий болып табылады. Шығындардың есептік деректері 11-кестеде көрсетіліп, анықтамалар берілген.
11-кесте. Есептеуге арналған алғашқы мәліметтер




Көрсеткіштер атауы

белгіленуі

өлшем

бірлігі


Көрсеткіштердің мәні

түсініктеме

1

2

3

4

5

6




Өндіріс алдындағы шығындар

Кп

Мың тг

35,8




1

Жобаны енгізу және байланыстыру шығындары.

Жобаны сатып алу

шығындары


Кп1

Кп2


Мың тг

10,0

25,8





2

Дербес компьютер

дің (ДК) құны



Кэвм

Мың тг

108,0




3

Жылдық пайдалану шығындары

Зэ




21,6




4

Бөлімде жұмыс істейтін жұмысшылар саны

Ч

адам

5




5

Жұмысшылардың орташа тарифтік мөлшерлемесі

З

тг

0,85




6

Қосымша жалақыны ескеретін коэффициент

G













Өндіріс алдындағы шығындар

Кп

Мың тг

35,8




7

Зейнет ақы қорлар

ына аударуларды ескеретін коэффициент



С




0,14



11 кестенің жалғасы




1

2

3

4

5

6

8

Қосымша шығындарды ескеретін коэффициент

Н




0,33




9

ДК –ді пайдалану коэффициенті

V




0,0875




10

ДК-ға берілетін ал

ғашқы жұмыс көлемі

нен пайыз ескеру

коэффициенті



Р

%

75,0




11

ДК-дің жұмыс уақы тының жылдық қоры

Тэвм

сағат

2214,0

Есептелетін

мәліметтер



12

Есепті шығару уақыты

Тшығ

сағат

30,0

Алдын ала

есептеу


13

Енгізілетін ақпарат

көлемі


Овв

Мың

символ





Есепті мәліметтер

14

Өңделетін ақпарат көлемі

Ообр

Мың

символ





Есепті мәліметтер

15

Шығыс ақпаратының

Көлемі


Овых

Мың

символ





Есепті мәліметтер

16

Нақты есептелінетін жылдық уақыт қоры

Фвр

сағат

11022,0

Кесте мәліметтер

17

Әр уақыттағы шы-

ғынды уақыт фактор

ына келтіру

нормативі



Енп

сағат

0,11






11-кестеге анықтама


Сатып алуға кететін шығындарды құрушы есептейді және ол техникалық тапсырма, техникалық жұмыс жобаларын жасауға кететін шығынжар соммасы болып табылады. Жобаны енгізуге кететін шығындар енгізу уақыты бойынша жобаны құраушылардың жалақысын ескерумен есептеледі. Байланыстыру шығындары жобаны енгізу шығындарына ұқсас жасалынады:

    • дербес компьютерлердің құны “Прайст-лист” құжатынан алынады;

    • жылдық пайдалану шығындары (16-кесте );

    • берілген есептеумен шұғылданатын жұмысшылар саны;

    • жұмысшылардың орташа жылдық мөлшерлемесі;

    • жобаны енгізілетін кәсіпорынның бухгалтериясы есептейді;

    • дербес коипьютерді пайдалану коэффициенті жасалатын есептер үшін 1-ден аспауы керек;

    • дербес компьютерге берілетін жұмыстардың алғашқы көлемінен пайыз ескеретін коэффициенті автоматты түрде есептелетін есептер көлемінің пайыз қатынасын біліреді;

    • дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры 12-кестеде есептелінген;


12-кесте. Дербес компьютердің жылдық жұмыс уақытының қоры


Дербес компьютер түрі

1 ауысымда

ғы жұмыс сағатының саны



Ауысымдар саны

Жылдық жұмыс ауысым саны

ДК-дің жылдық жұмыс қоры

Pentium

8.2

1

270

2214




    • есептердің шығарылу уақыты эмприкалық түрде өңделетін формалар санын ескерумен есептелінеді;

    • енгізілетін ақпарат көлемі әрбір енгізілген форма бойынша ақпарат көлемінің қосындысы ретінде есептелінеді. Бір форма бойынша ақпара көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жылдың санына және бір жылдағы құжаттар саны көбейтіледі;

    • белгілердегі өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін пайдаланатын мәліметтер қорында сақталынатын ақпарат көлемінің соммасы болып табылады. Өңделетін ақпарат көлемін Кбайтқа айналдыру үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп 8-ге бөлу керек;

    • шығатын ақпарат көлемі әрбір форма бойынша шығатын ақпараттар көлемінің қосындысы ретінде алынады. Әрбір форма бойынша ақпарат көлемі келесідей анықталады: бір жолдағы белгілер саны құжаттағы жолдар санына көбейтіледі.



13-кесте. Бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытын есептеу


Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Саны

1


2

3

Күнтізбелік уақыт


Күн

366

Демалыс күндер

Күн

53

Мейрам күндер

Күн

8

Номиналды күндер

Күн

305

Жұмысқа келмеу

Күн




Еңбек демалысы

Күн

24

Ауырған күндер

Күн

11

Мемлекеттік міндет

Күн

0

13 кестенің жалғасы


1

2

3

Жылдағы нақты жұмыс күндерінің саны

Күн

270

Мейрам алдындағы күндер

Күн

7

Нақты есепті жылдың жұмыс қоры

сағат

2204,4

Фбр = (жылдағы жұмыс күндерінің нақты саны – мейрам алды күндерінің саны) * 8,2 – мейрам алды күндерінің саны 7= (270-8)8,2+8*7= 2204,4 сағат.

Жұмысшылардың жобаны енгізбестен бұрын істейтін жұмыстарының еңбек сыйымдылығы (До) келесі формуламен анықталады:

До = Ч * Фбр (1)

Мұндағы, Ч – жұмысшылар саны, адам

Фбр – бір жұмысшының жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат

Яғңи, До = 5 * 2204,4 = 11022,0 сағат

Жоба енгізілместен бұрын жұмысшы жасайтын жұмыстар құны (Со), келесі формуламен анықталады:
Со = До * З [(1+д) * (1+с) + н] (2)
Мұндағы, До – жоба енгізбестен бұрын жұмысшының жұмыстарының еңбек сыйымдылығы;

З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемесі; Д – қосымша жалақыны ескеретін коэффициент;

С – зейнетақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;

Н – қосымша шығындарды ескеретін коэффициент.

Со = 11022,0 * 0,85 * [(1+0,7) * (1+0,14) + 0,33] = 21248,2116 = 21,25 мың тг. Ақпаратты автоматты түрде өңдеу жағдайында жұмыстардың еңбек сыйымдылығы жұмысшыларға қалған жұмыстардан және ДЭЕМ пайдаланудан тұрады.

Жобаны енгізуден кейін жұмысшыларға қалған жұмыстардың жылдық еңбек сыйымдылығы (Дост) келесі формуламен есептелінеді:


Дост = До * (1 – р / 100) (3)
Мұндағы, До – жұмысшылардың автоматты жұмыс орнын енгізуден бұрын жұмыстарының жылдық еңбек сыйымдылығы, сағат;

Р – бастапқы көлемнен ДЭЕМ-ге берілетін жұмыстардың процентін ескеретін коэффициент.



Дост = 11022,0 * (- - 75 / 100) = 2755,5 сағатЖобаны енгізгеннен кейін жұмысшыларға қалған жұмыстар құны (Сост) келесі формуламен септелінеді:
Сост = Дост * 3 * [(1 + д) * (1 + с) + н] (4)

Сост = 2755,5 * 0,85 * [(1+1,7) * (1+1,14) + 0,33] = 5312,0529 тг = 5,3 мың тг

ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары 14-кестеде келтірілген.



14-кесте. ДЭЕМ-ның жылдық пайдалану шығындары

Шығын баптарының атауы

Құны (мың тг)

1

Ағымдағы және алдын ала жөндеудегі шығындар

5,4

Жөндеулер (ДЭЕМ құнының 5%)

12,96

2

ДЭЕМ тозуы (ДЭЕМ құнының 12%)

2,16

3

Материалдарға кететін шығын

0,54

4

Басқа шығындар

Жалпы пайдалану шығындары

21,06




Автоматты жұмыс орны жобаның жұмыс істеуімен байланысты жылдық пайдалану шығындарының үлесі (Свц) келесі формула бойынша есептелінеді:




Свц = Р реш * Т реш * Зэ / Тэем (5)

Мұндағы, Р реш – жыл ішіндегі есептер шешілуінің периоды;

Зэ – жылдық пайдалану шығындары, мың тг;

Тэем – ДК жылдық жұмыс уақытының қоры, сағат;

Т реш – есепті шешу уақыты.

Егер жобадағы есептерді шешу периоды әртүрлі болса, онда ол екі қосылғыштың қосындысы болып табылады, яғни:




Свц = Свц1 + Свц2

Свц1 = (60 * 15 * 21,060) / 2214 = 8,5609 мың тг

Свц2 = (17 * 15 * 21,060) 2214 = 2,4256 мың тг

Свц = 8,5609 + 2,4256 = 10,9856 мың тг

Жобаны енгізген жағдайда ақпаратты өңдеуге шығатын жылдық шығын (Савт) келесі формуламен есептелінеді:

Савт = Свц + Сост (6)




Мұндағы, Свц – жобаны енгізу жағдайында ақпаратты өңдеудің пайдалану шығындары, мың тг;

Савт = 10,9856 +5,3 = 16,2865 мың тг

Автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден түсетін жылдық үнем (Сажо):


Сажо = Со – Савт (7)
Мұндағы, Со – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізуден бұрынғы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг;

Савт – автоматтандырылған жұмыс орнын енгізген жағдайдағы ақпаратты өңдеу шығындары, мың тг.

Сажо = 21,25 – 16,2865 = 4,9635 мың тг



3.2 Ақпараттық өнімді коммерциалық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі , керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редактрлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамассыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.

Маркетингтегі ақпараттық жүйесінің тиімділігі ретінде оның тағайындалуына сәйкестік дәрежесі мен жақсы икемділікті қамтамасыз ету мақсатымен есептеу және сұраныстарды қалыптастыру үрдістерін ұйымдастыруының дұрыс тағайындалуы, оның техникалық және методологиялық жетістігі және экономикалық тұрғыдан ақталатындығы түсініледі.

Ақпараттық жүйенің тиімділігі кезінде келесі көрсеткіштердің анықтамасын қамтиды: өнімділік, нақтылық, сенімділік, икемділік, интерфейстің достастығы, интерактивті режимде жұмыс істей алуы және т.б.

Ақпаратты іздеу жүйесінің жұмыс істеу жағдайлары үздіксіз өзгеруі мүмкін, әсіресе бұл тақырыптық аймақ, яғни нақты қосымшалар, өңдейтін ақпарат көлемі, сондай-ақ олардың мазмұнына қарасты шешілетін есептер тізімі. Бұл жағдайда берілген ақпаратты іздеу жүйесі оның элементтері арасында есептеу көлемін жедел түрде қайта бөлу қасиетін қамтамасыз етуге едәуір икемді, сондай-ақ жаңа есептер қосуға кеңейтілмелі болып табылады.

Сондай-ақ ақпараттық жүйенің тақырыптық ауданының мазмұнын өзгертуге қабілетін атап айту керек. Оны ұйымда ақпаратты өңдеу мен сақтау үшін мәліметтер қорында сапалық құрамы мен ақпарат көлемінен тәуелсіз пайдалануға болады. Мәліметтер қорының бүтіндігі оларды пайдалану кезі мен активті күйде тез сақталуын қамтамасыз етеді. Ақпаратты қамтамасыз етудің кешені жүйеге түсетін мәліметтерді унификациялауға мүмкіндік беріп, өңдеуді ыңғайлы түрде келтіреді.

Осы ақпараттық жүйенің сенімділігі жұмыс кезінде өз қасиеттерін ұзақ уақыт сақтай алуымен сипатталады. Барлық ақпараттық жүйе бір ғана мақсатқа бағындырылған – сатып алушының қажеттілігін барынша зерттеу мен өндірістің жоғарғы түсімділігін қамтамасыз ету. Жүйенің модульдік құрылуы оның логикалық байланысын және жалпы стратегиялық бағытталуын кеңейту мен жеке бөліктерінің жұмыс істеуінің оптималдылығына байланысты.



Қорытынды
Курстық жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен, қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмыста басқару объектісін талдау, жұмыстың мінез – құлқы және басқару жүйесі көрсетілген. Олардың иерархиясы анықталған, басқару жүйелері элементтердің жұмыс жасау моделі өңделген, элементтерге өнімділіктің, сенімділіктің, қайта құрудың, жұмысқа қабілеттіліктің және құнның үйлесімді талаптары негізделген.

Дипломдық жұмыста қойылған мақсат толығымен жүзеге асырылған, мақсатқа сәйкес мәселелер шешілген.

Дипломдық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады, бұл өнім өндіру және өткізу саласында негізгі қызмет болып табылады.

Экономикалық жүйеде есептер орны анықталған, қамтамасыз етуші бөлімдердің барлық талаптары қарастырылған, есеп кешенінің шешіміне арналған лайықты бағдарламалық қамтамасыз ету бөлінген. Ақпараттық жүйедегі жүзеге асырылатын есептер кешені анықталған: ішкі есеп беру, ағымдағы ақпаратты жинау, маркетингтік зерттеулер жүргізу, маркетингтік ақпаратты талдау. Анықталған есептер бойынша кіріс және шығыс ақпараты, ақпараттық база толығымен көрсетілген, ақпараттың құрылымдық бірліктері белгіленген.

Есептер кешенін коммерциялық әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті, пайдаланушыға арналған түсініктіліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі көрсетілген.

Есеп кешенін өңдеу нәтижесінде пайдаланушыға қажетті құжаттарды ешқандай қиыншылықсыз алу мүмкіншілігі берілген.


Қолданылған әдебиет тізімі


1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының

өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан



халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.

  2. Закон РК. Об информатизации // Казахстанская правда. - 2003.- 14 мая

  3. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.

  4. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б

  5. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы пробл емаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.

  6. Қ.С.Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы/Алматы: Экономика Баспасы, 2002

  7. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова Экономикадағы ақпарат жүйелері/Алматы: Экономика Баспасы, 2001.

  8. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.

  9. Голубков В. Маркетинговые исследования/Москва: Финансы и статистика, 2001

  10. Филипп Котлер Основы маркетинга/ Москва: Финансы и статистика, 1998

  11. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.

  12. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.

  13. Смирнова Г.Н. и др. Проектирование экономических информационных систем. М: Финансы и статистика, 2000-352б.

  14. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.

  15. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.

  16. Данилов А.В. Корпоративные информационные системы. Москва 2004г.

  17. Банк В.Р., Зверев В.С. Информационные системы в экономике. Экономист 2005г.

  18. Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологий управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити - Дана, 2004г.

  19. Моисеева Н. Маркетинговые технологий в обеспечений деловой активности организаций.// Проблемы теории и практики управления – 2002. -№ 6 –с. 91-98.

  20. Сейдахметова Ф.С. Источники и методы сбора маркетинговой информации. Служба маркетинга/сбыта на предприятий. -1997г. № 3 –с. 7-8.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет